Коучинг сараптамасы «О?у ?шін ба?алау мен о?ыту ?шін ба?алауды? тиімді ?дістері»


«Оқу үшін бағалау мен оқыту үшін бағалаудың тиімді әдістері» коучинг сессиясына талдау
Жансүгірова Ж.Б.
17.10.2016 оқу жылы.
Коучигтің тақырыбын «Оқу үшін бағалау мен оқыту үшін бағалаудың тиімді әдістері» деп алған себебім: Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік «сыни тұрғыдан ойлау әдістері» болса, бағалау соның бірден бір ажырамас бөлігі. Осы тұрғыда мен коучинг сабағыма «Әріптестерді қалыптастырушы бағалаудың тиімді түрлерімен таныстырып, оны оқытуда қолдануға жаттықтыру» мақсатын қойдым. Оқушыларды өзара бағалауға, табыс критерийлерін қолдануға, бірлескен топ жұмысын ұйымдастыруға, жоғары деңгейлі ойлануға, бір- біріне көмектесуге, дарынды және талантты балаларды онан әрі дамытуға өз үлесін қосуды жоспарлауды көздедім.

Таныстырылым кезеңі Қатысушы мұғалімдер
Коучинг сессияға әрбір бірлестіктен мұғалімдер және өзімнің фокус тобым қатысты. Әр бірлестіктен мұғалімдерді шақырып қатыстыруымның себебі: әрбір бірлестіктен бір мұғалім қатысып, білім берудегі жаңа әдістердің тиімділігімен, бағалаудың түрлерімен танысса, сабақтарында кейбір элементтерін пайдаланса, оқушылар үшін, мұғалім үшін, мектеп үшін пайдасы зор деп жоспарладым. Дегенмен гимназиямызда жоғары дәрежелі, еңбек өтілі жоғары, білім- тәжірибесі мол ұстаздар баршылық. Сабақтарында оқушыларды бағалауда негізінен олардың білімге деген құштарлығын жоғарлату мақсатымен қолданылатын қалыптастырушы бағалауды, критериалды бағалауды қолданып жүрген мұғалімдер бар, сол мұғалімдермен ой бөлісу, тәжірибе алмасу мақсатында да өтілген коучинг сессия десем болады.
Тәлімгерлік ету мұғалімге өз жұмысында жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін іс- әрекетті талдау және ойлануға мүмкіндік беретін фактор болып табылады. Тәлім алушыны шынайы мақсат қоюға және оған жету жолдарын жоспарлауға көмектесу біздің ең негізгі міндетіміз болғандықтан, коучинг сессияма тәлімалушы ұстаздарымды да қатыстыруды жөн көрдім. Коучинг сессиям негізінен 3 тапсырмадан тұрды. Әрине бірінші қатысушыларды топқа бөлдім, әр қатысушының қолына мұғалім суретінің кесіндісін беріп, суретті жинақтау арқылы топқа бөлдім. Мұғалімнің суретін алған себебім коучингті мұғалім тұлғасымен байланыстырып өткізуді жөн көрдім, себебі соңғы кездері мұғалімнің ішкі жан-дүниесімен қатар сырт келбеті, яғни киім үлгісі қандай қандай болғаны дұрыс деген ой мектебімізде жиі туындап жүр.
Тапсырманы мұғалімнің ең керекті затының бірі, күнде қолына ұстап жүретін сөмкесі, басқаша айтқанда портфелінің үлгісін салуды ұсындым. Сондағы байқағаным негізінен бәрі де сөмкені көлемді, кітап сыятындай және төртбұрышты формада салғанын байқадым. Бірін бірі бағалауды ұсындым, кейін қайта критерийлер тағайындап, қайта бағалатып, сондағы ортақ қорытынды жасағанымыз критериалды бағалау кезінде бағаның өзгергенің байқадық.

кри
Келесі тптпт
Қорытынды ретінде мұғалімдерді слайд көрсетілім арқылы бағалаудың түрлерімен, критерий тағайындауды, критерийлерді дескриптор арқылы бөліп бағалауды жаттықтырдым.
Келесі тапсырманы бермес бұрын «сен өзгерсең әлем де өзгереді» деген слайд арқылы әңгімені оқыттым. Мұғалімдер осы көрсетілімнен кейін ойларын қорытындылау арқылы «Мұғалім – жаңашыл тұлға» атты постер жасап, тақтада қорғауды ұсындым. Сондағы байқағаным барлық ұстаздардың ойлары негізінен тағы да бір жерден шыққандығы. Қатысушылардың ойларын түйіндегенде мұғалімнің жаңашылдығы мектептің түгел жаңашылдыққа бет бұруымен тығыз байланыстылығында дейді. Әрине әр мұғалім ізденісте, шығармашылықта болуы керектігін де айтып кетті.

Келесі соңғы тапсырманы беруді шың мәніңде уақыттың тығыз болуымен байланысты беруге үлгірмедім, бірақ ауызша қарастырып кеттік. Мұғалім киім үлгісі мектеп білім ордасында жұмыс жасап жүргендіктен, оқушыларға да басқа да сырт адамдарына үлгі болатындай, негізгі білім көзі тұлғасы ретінде мұғалім атағына сәйкес болуы керек деген шешімге келді, бірақ мұғалім – ол жас қыздар, көрікті апайлар, сымбатты жігіттер және ағайлар екенін де ұмытпаған жөн. Сондықтан киім әсем, көз тартарлық және ыңғайлы болғаны дұрыс деген қорытынды жасады.

Коучинг сессиямды кері байланыс алу арқылы аяқтадым, мұғалімдерге смайликтерді белгілеп маған және өздерінің жасаған жұмысына баға беріп, бүгінгі сессиядан алған әсерін қағазға жазып, ой бөлісуді сұрадым. Коучинтің соңында караоке арқылы бәріміз «ұстазым» әнімен аяқтадық.

Коучинг - бұл адамға өзінің жеке мақсаттарын айқындау мен оған қол жеткізуге кәсіби көмек делінген, сондықтан мен өткізген коучингімнің мақсатына толық жеттім дей аламын, Қатысқан мұғалімдерге кәсіби көмекпен қатар нақты нәтижелерге қол жеткізуге көмек беретін үзіліссіз қауымдастық құрдым. Осы процес арқылы қатысушылар бағалау бойынша өз білімдері мен біліктерін көтерді, ал оны сабақ барысында қолдануы мен білім сапасына бағалаудың ықпалын зерттеуді мен әрі қарай қатысушылармен байланыста болып зерттеймін.