Ана тілі. Дауысты, дауыссыз дыбыстар. Т?лді ?алай ша?ырамыз? 1 сынып


1 сынып
Ана тілі
Мұғалім: Жансеитова Жазира Жанабиловна
Сабақтың тақырыбы: Дауысты, дауыссыз дыбыстар. Төлді қалай шақырады?
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды «Төлді қалай шақырады» өлеңімен таныстыру.
Оқушыларға дыбыс, әріп туралы түсінік беру, дыбыс түрлерімен
таныстыру. Дыбыс пен әріптің айырмашылығын меңгерту.
Дамытушылық: Сауаттылыққа баулу, сауатты және көркем жазу
дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Туған жерін қастерлеуге, адамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу.
Еңбекке баулу.Үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс, ойын.
Көрнекілік: Сөйлем , суреттер, қи мақағазар
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс:
ІІІ. Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Оқушылардың сөйлем туралы білімдерін пысықтау.
IV. Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
Дыбыс


Дауыссыз дыбыс
Дауысты дыбыс


б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, (у).
а, ә, е, о, ө,
ұ, ү, ы, і, и,
(у), ю, я, ё, э

-Дыбыс деген не?
-Дыбыс түрлерін ата.
-Дыбыс пен әріптің ерекшелігі т.б.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
--------------------------------------------------------------------
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі).
Төрт
түлік
мал
Жылқы Түйе Сиыр Қой, ешкі

құлын бота бұзау қозы, лақ
Сұрақ-жауап:
Төрт түлік малдың пайдасы:
Малдың сүтінен жасалған тағамарды ата.
Малдың етінен жасалатын тағамдарды ата.
Төрт түлік малға байланысты қандай мақалдар білесіңдер?
Жаттығу жұмыстары:
17–жаттығу. «Мал атасы»
1. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу.
2. Қамбарата, Зеңгібаба, Ойсылқара, Шопаната, Сексеката сөздерін жазып,
дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
18–жаттығу.
Мәнерлеп оқу.
Қара әріппен жазылған сөйлемді көшіріп, әр сөздегі дауыссыз дыбыс әріптерінің астын сызу.
Сергіту жаттығулары.
Оқулықпен жұмыс. «Төлді қалай шақырады?»

- Мәнерлеп оқып беру.
- Мазмұнын түсіндіру.
– Оқушыларға тізбектей оқыту
– Мазмұндау.
Төлдерді қалай шақырады?
Төлдер туралы өздерің не білесіңдер?
Мысықты, итті қалай шақырады?
Сыныппен қосымша жұмыс.
Дауыссыз дыбыс әріптерін жатқа жазып шығыңдар.
Б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, (у).
V. Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
VI. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.