Ашы? саба?:Дауыссыз дыбыстар 5-сынып
Сабақ жоспарыПән аты: Қазақ тілі.
Сыныбы: 5
Күні, айы, жылы: 13.02.2013ж
Тоқсан: ІІІ
Мұғалім: Шамбилова А.Ғ.
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар
Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушыларға дауыссыз дыбыстардың жіктелуі, олардың түрлері, жасалу жолдары туралы толық мағлұмат беру;
дамытушылық – логикалық ойын дамыту, дұрыс, анық сөйлеуге жаттықтыру, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту; тәрбиелік – талдау жұмыстарын жүргізуге, шапшаңдыққа, ізгілікке тәрбиелеу.
Типі: жаңа сабақ
Түрі: дәстүрлі сабақ
Әдісі: түсіндіру, семантикалық картамен жұмыс, салыстыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
1-слайд. Қайталау - оқу анасы. Балама тест.
Дауысты дыбыс өкпеден ешбір кедергісіз шығады. (иә) 2. Дауысты дыбыстың саны – 12. (иә) 3. Жақтың қатысына қарай үшке бөлінеді. (жоқ) 4. У дыбысы бірде дауысты, бірде дауыссыз болады. (иә) 5. Дыбыс – сөздің ең кішкене бөлшегі. (иә) 6. Еріннің қатысына қарай үшке бөлінеді. (жоқ) 7. Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейтін сала. (иә) 8. Дауысты дыбыс үн мен салдырдың қатысына қарай (жоқ).
2-слайд. «Жаңа сабақтың құпиясы».
Жасырынған әріптер. Көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойсаң, жерлес ақынымыз Қуандық Шаңғытбаевтың «Туған жер» туралы өлеңінен үзінді оқи аласыздар.
Кіндік қа...ым тамған ...ер, тиген ө...шем,
Жатыр, міне, тып-типыл же...мен жек...ен.
Жы...ғыл жондым, бұ... жерде сақа құ...дым,
Ен...і, міне – құлазып қал...ан те...сең.
Кіндік қаным тамған жер, тиген өкшем,
Жатыр, міне, тып-типыл жермен жексен.
Жыңғыл жондым, бұл жерде сақа құйдым,
Енді, міне – құлазып қалған тепсең.
3-слайд. Жаңа сабақ.
Дауыссыз дыбыстар
Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.
Дауыссыз дыбыстар мыналар: б,в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, ц, ч, щ, ш, һ, (у).
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа сөулеу мүшелеріне соқтығып, салдыр пайда болады. Сондықтан дауыссыз дыбыстарда үн болмайды немесе үн өте аз болады.
4-слайд.Түрлері
Қатаң
Үнді
Ұяң
р, л, й, у, м, н, ң.
б, в, г, ғ, д, ж, з, һ.
п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч.
5-слайд. «Кітап – досың, ақылшың».
261-жаттығу және 262-жаттығу.
6-слайд. «Біліміңді байқап көр».
Әр оқушы өздерінің есімдеріне дыбыстық талдау жасайды.
«Әліпбиді сөйлетемін».
Сабақтың бұл кезеңіндегі сызба бетінде ретімен 42 сан тұрады. Әр санның астында әріптер берілген. Әр оқушы өзі қалаған сан астындағы әріптерді ашып, толық талдау жасайды. Соңында әліпби толық ашылады.
«Әліпбиді сөйлетемін».
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 32 33 34 35
36 37 38 39 40 41 42
7-слайд. «Ой қорытайық». Семантикалық картамен жұмыс
Дыбыстар Қатаң Ұяң Үнді
П, ч + В, г + Р, л, м +
Щ, х, ч + Ж, з, д + У +
Ц + К, қ + Й, л +
Ш, с + 8-слайд. Венн диаграммасы
Дауысты дыбыстар Ортақ қасиеттер Дауыссыз дыбыстар
Өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырамайды, тілдің, жақтың, ерін мен езудің қатысына қарай бөлінеді.
Үннен тұрады. Буын құрайды. Фонетика саласында қарастырылады. Дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырап шығады. Қатаң, ұяң, үнді болып үшке бөлінеді. Салдыр мен үннен жасалады.
9-слайд. «Қол боста» (Үй тапсырмасы).
Бірдей дауыссыздан басталатын сөйлем құрау, Мысалы: Таңшолпан таңқурай терді. Таудың табиғаты тамаша.
10-слайд. «Соңғы сөз» (Бағалау).
Аңқаты ЖОББ мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Дауыссыз дыбыстар»
5-сынып
Пән мұғалімі: Шамбилова А.Ғ.
2012-2013 оқу жылы