Бастауыш сынып о?ушыларыны? психологиялы? тапсырмалар ар?ылы зейінін дамыту?а арнал?ан ?дістемелер



Дайындаған : Ілияс Ә.Н.
ПжП – 401
2016-2017 оқу жылМазмұны
Зейіннің нәтижелігі мен тұрақтылығын анықтау әдістемесі;
Зейіннің бөлінуі мен ауысуын анықтау әдістемесі;
Зейіннің аумағын анықтау әдістемесі;
Зейіннің өнімділігін анықтау әдістемесі;
Зейіннің ауысуы мен тұрақтылығын ақыл-ой әрекетінде зерттеу.
№1 Зейіннің нәтижелігі мен тұрақтылығын анықтау әдістемесі
Оқушы зейінінің нәтижелігі мен тұрақтылығын анықтау үшін Ландольт сақиналары алынады, себебі бұл - әр түрлі жастағы балалардың зейінінің даму деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін әмбебап құрал. Оларды мұқият қарап, белгілі бір бағытта орналасқандарын тауып, сызу керектігі түсіндіріледі. Жұмыс уақыты 5 минут.

Зейіннің нәтижелілігі мен тұрақтылығы төмендегі формула бойынша есептеледі:
0,5N - 2,8n
S = .
t
Формуладағы S – зейіннің нәтижелігі мен тұрақтылығының көрсеткіші, N – баланың сызған сақиналарының саны, n – қателер, бөлімнің асты жұмсалған уақыт. Алынған нәтижелер бойынша оқушының тапсырманы орындау графигі.
t

Зейіннің нәтижелігі мен тұрақтылығының көрсеткіштері 10 ұпайлық жүйеге келтіріледі:
S – тің мәні 1,25 ұпайдан жоғары болса – 10 ұпай;
S – тің мәні 1,00 ұпайдан 1,25 ұпай аралығында болса 8-9 ұпай;
S – тің мәні 0,75 ұпайдан 1,00 ұпай аралығында болса 6-7 ұпай;
S – тің мәні 0,50 ұпайдан 0,75 ұпай аралығында болса 5-4 ұпай;
S – тің мәні 0,25 мен 0,50 ұпай аралығында болса 2-3 ұпай;
S – тің мәні 0 мен 0,25 ұпай аралығында 0-1 ұпай.
Бұл сызбада зейіннің нәтижелілігі және бала зейінін психологиялық тұрғыдан зерттеу барысында алынған қисық сызықтар берілген. Қисық сызықтардың мәні төмендегідей:
1 .-.-.-.-.-.-.-.- үлгісіндегі қисық сызық зейіннің өте жоғары нәтижелілігі мен тұрақтылығын бейнелейді.
2 ..................... – үлгісіндегі қисық сызық нәтижелілігі төмен, бірақ тұрақтылығы жоғары зейінді бейнелейді.
3 - - - - - - - - - үлгісіндегі қисық сызық зейіннің нәтижелілігі мен тұрақтылығының орта деңгейін көрсетеді.
4. - үлгісіндегі қисық сызық нәтижелілігі орта, бірақ тұрақтылығы төмен зейінді бейнелейді.
5. -/-/-/-/-/-/-/-/ - үлгісіндегі қисық сызық нәтижелілігі орта, бірақ тұрақтылығы өте төмен деңгейді білдіреді.
№2 Зейіннің бөлінуі мен ауысуын анықтау әдістемесі
(Пьерон-Рузер тестінің бланкісі бойынша)
Ұқсасын тауып, сызу. Әр түрлі пішіндер салынған матрица ұсынылады. Матрицадан оқушы ұқсас пішіндерді тауып сызу қажет. Тапсырманы орындауға 3-5 минут уақыт беріледі.

Зейіннің бөлінуі мен ауысуын анықтау үшін суреттегі геометриялық пішіндерге, яғни шаршы, үшбұрыш, дөңгелек, ромбтардың әрқайсысына суреттің жоғарғы жағында үлгіде көрсетілген тиісті белгілерді қойып шығу керек. Жұмыс уақыты 2 минут.

Зейіннің бөлінуі мен ауысуын төмендегі формула бойынша анықтайды:
0,5N - 2,8n
S = .
120
S – зейіннің бөлінуі мен ауысуын көрсеткіші, N – 2 минутта тиісті белгілермен белгіленген геометриялық пішіндер саны, n – тапсырманы орындау барысында жіберген қателер саны.
S – тің мәні 1,00 ұпайдан жоғары болса 10 ұпай.
S – тің мәні 0,75 ұпайдан 1,00 ұпай аралығында болса 8-9 ұпай.
S – тің мәні 0,50 ұпайдан 0,75 ұпай аралығында болса 6-7 ұпай.
S – тің мәні 0,25 мен 0,50 ұпай аралығында болса 4-5 ұпай.
S – тің мәні 0 мен 0,25 ұпай аралығында 0-3 ұпай.
№3 Зейіннің аумағын анықтау әдістемесі
Заттың формасы бойынша ұқсас геометриялық пішінді тап. Суреттегі заттардың пішініне қарап отырып, қандай геометриялық пішінге ұқсайтынын айту керек. Мысалы: сағат - дөңгелек, ...



«Нүктелерді есіңде сақта және белгіле» әдістемесі негізінде бастауыш сынып оқушыларының зейіннің аумағын анықтауға болады.
7 5 3 1





8 6 4 2



Суретте 8 шаршы алдын-ала қиылып дайындалады да, суретте көрсетілгендей етіп, ретімен жиналады.
Бұдан соң карточкалар үстінен астына қарай орналасу ретімен әрқайсысын 2 сек. көрсетіліп, әрбір көрсетуден соң көргенін бос шаршыға 15 сек ішінде бейнелеп беру сұралады.





Зейіннің аумағын анықтау әдістемесіндегі нүктелерді орналастыруға арналған бос тор көздер
Зейіннің аумағы туралы қорытынды:
10 ұпай(+6нүкте) - зейін аумағы өте жоғары;
8-9 ұпай(+5нүкте) - зейін аумағы жоғары;
4-7 ұпай(+4нүкте) - зейін аумағы орта;
2-3 ұпай(3нүкте) - зейін аумағы төмен;
0-1 ұпай (-2нүкте) - зейін аумағы өте төмен немесе жеткіліксіз.
№4 Зейіннің өнімділігін анықтау
Зейіннің өнімділігін «Сандарды орналастыр» әдістемесі бойынша анықтауға болады. Тор көздерде орналасқан сандарды бос тор көздері бар бланкіге өсу ретімен орналастырып жазу қажет.
Жұмысты орындауға 2-3 минут уақыт беріледі.
16 37 98 29 54
80 92 76 59 35
43 21 8 40 2
65 84 99 7 77
13 67 69 34 18
Әрбір дұрыс табылып жазылған сандар үшін 1 ұпайдан беріледі.
Зейіннің өнімділігі 10 ұпайлық жүйемен бағаланады:
10 ұпай-берілген уақыт ішінде 23 және одан да жоғары сандарды жаңғыртты;
8-9 ұпай-берілген уақыт ішінде 19-22 сандарды жаңғырта алды;
4-7 ұпай-берілген уақыт ішінде 10-18 сандарды жаңғырта алды;
0-3 ұпай-берілген уақыт ішінде 9-ға дейін сандады жаңғырта алды.
Зейіннің аумағы туралы қорытынды:
10-ұпай - зейін өнімділігі өте жоғары;
8-9 ұпай - зейін өнімділігі жоғары;
4-7 ұпай - зейін өнімділігі орта;
2-3 ұпай - зейін өнімділігі төмен;
0-1 ұпай - зейін өнімділігі өте төмен немесе жеткіліксіз.
№5 Зейіннің ауысуы мен тұрақтылығын ақыл – ой әрекетінде зерттеу
Эксперимент жүргізуші оқушыға 2 қатардағы бір таңбалы сандарды көрсетіп, бірінің астына бірі жазылған сандарды өзара қосу керектігін түсіндіреді. Бұл әрекет барынша шапшаң, яғни 10 минут ішінде орындалуы керек және қосу 2 түрлі тәсілмен жүргізіледі. Әр минут сайын қосу тәсілін өзгертіп отыру қажет.
Бірінші тәсіл.
Зерттелуші жоғары және төменгі санды қосады да қосындының мәніне 1-ді қосып, нәтижені жоғары санның тұсына жазады. Ал осының алдындағы жоғарғы қатардағы санды төменгі қатарға түсіреді. Пайда болған сандарды тағы да өзара қосып, оған 1-ді қосады да жоғарғы қатарға жазады. Жоғары қатардағы санды төменгі қатарға түсіреді, сөйтіп жұмысты 10 минут жалғастырады.
Бірінші тәсіл бойынша есептеу үлгісі:
1 4 6 1 8 0 9 0 0 1
2 1 4 6 1 8 0 9 0 0 т.б.
Екінші тәсіл.
Бұл жағдайда бірінші тәсілдегі жоғары сан мен төмендегі сан қосылады, бірақ қосындының мәнінен бір саны шегеріліп, ол төменгі қатарға жазылады да, төменгі қатардағы алғашқы сан жоғарғы қатарға көшіріледі. Осы ретпен атқарылатын жұмыс 10 минут жалғастырылады.
Екінші тәсіл бойынша есептеу үлгісі:
1 2 2 3 4 6 9 4 2 5
2 2 3 4 6 9 4 2 5 6 т.б.
Дайындық кезеңінде эксперимент жүргізуші кез-келген 2 санды беріп, 5 минут бойы тек қана бірінші тәсілмен қосуды ұсынады. Одан соң екінші тәсілмен 5 минут жұмыс жасайды. Бұдан соң 1 минут ішінде істелінген есептеу операциясының орта саны табылады.
Эксперименттің негізгі бөлігінде зерттелуші эксперимент жүргізушінің белгісінен соң берілген 2 санды бірінші тәсілмен қоса бастайды. 1 минут өткен соң эксперимент жүргізуші «Уақыт» деген сөзбен белгі береді, оқушы соған сәйкес жазып жатқан санының тұсына тік сызық қойып, сол саннан бастап әрі қарай екінші тәсілмен қосуға көшеді. Оқушы осылай 10 минут бойы әр минут сайын бір тәсілден екінші тәсілге көшіп отырады. Осы кезеңде ол 9 рет зейінін ауыстырады.
Орындалған жұмысты талдау.
1. Зейіннің ауысуы жағдайындағы 1 минутта істелген есептеу операцияларының орташа саны есептеледі.
Зейіннің көрсеткіштері:
а) 1 минутта 18 не одан да көп операция жасалған болса, бұл психикалық процестерінің өте шапшаңдығын дәлелдейді;
ә) 8 не одан да кем операциялар саны зерттелушінің баяулығын және жұмысқа қабілетінің төмендігін көрсетеді.
2. Бұдан соң зейіннің ауысу деңгейі анықталады. Бұл үшін оқушының зейінінің ауысу жағдайындағы 1 минутта істеген операцияларының орта санын және зейін ауыспаған жағдайда 1 минутта істеген операцияларының орта санына бөледі. Оқушы зейіннің ауысу деңгейі неғұрлым төмен болса сабақтағы ақыл-ой нәтижелері төмен болады, себебі сабақтағы әрекет оқушыдан зейіннің жиі ауысуын талап етеді.
Мінекей тәжірибе жүзінде бастауыш сынып оқушыларының зейінінің даму деңгейін анықтауға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Выготский Л.С. Воображение в творчестве в детском возрасте.
М., Просвещение, 1987.
Немов Р.С. Психология. В 3 томах. М., 1995.
Молдахметова М. «Білім дағдылары мен зейіннің қалыптасуы» // Тәрбие құралы, 2011 - №2(52).
Мухамбетжанова Ә., Мухамбетчина Ә. Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін қалыптастыру. Мектеп 2005 №1 20б.
Республикалық ғылыми – теориялық және қолданбалы журнал. Мектептегі психология. №5(71)2014-29б.
Қалыбекова А.Ы. «Балаларды дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар» // Қызықты психология, 2015 - №1
Набуова Р. «Талантты және дарынды балаларды оқытудың басым бағыттары»// Қазақстан мектебі, 2015 - №3(1070). – 38 б.