Тамыр — ?сімдіктерді? топыра?тан ?оректену м?шесі. Ты?айт?ыштар. 6-сынып?а арнал?ан саба? жоспары
Сабақ жоспары
Сыныбы: 6Тақырыбы: §9. Тамыр - өсімдіктердің топырақтан қоректену мүшесі. ТыңайтқыштарСабақтың мақсаты: өсімдіктің тамыры арқылы қоректену фукциясын және ондағы тынайтқыш түрлері жайлы мағлұмат беру.
Құрал-жабдықтар: плакаттарСабақтың типі: араласСабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңіІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңіТамыр жүйесікіндікшашақҚауынПиязСәбізЖүгеріАсқабақКүрішЕрменҚамысАсбұршақСұлы
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңіӨсімдіктердің минерелды қоректенуіТопырақ - өсімдіктердің су және қоректік элементтер алатын жердің үстіңгі құнарлы қабаты.
Өсімдіктер топырақтан:
1) макроэлементтер (калий, фосфор, азот және т.б);
2) микроэлементтер (бор, кальций, магний, күкірт, кобальт және т.б.) алады.
Тынайтқыштар минералды және органикалық болып екі топқа бөлінеді:
Минералды тынайтқыштар былай сипатталады:
1. құрамында бір элементтің басымырақ болуы: калийлі (калий хлориді), фосфорлы (суперфосфат), азотты (селитра, несепнәр, аммоний сульфаты);
2. элементтердің толықтылығына байланысты: толық – құрамында азот, фосфор және калийдің болуы, толымсыз – құрамында осы элементтердің біреуінің болмауы.
Органикалық тынайтқыштар органикалық заттардан шыққан қарашірік, құс саңғырығы, көң, шымтезектен тұрады.
Түйіршікті тынайтқыштар шар тәрізді түйіршікті түрде дайындалған.
Үстеме қоректендіру - өсімдіктер өсіп келе жатқан кезде тыңайтқыш себу. Топыраққа күлді және қүрғақ минералды тынайтқыш себуді құрғақ үстеме қоректендіру деп, ал топырақта суда ерітілген немесе су қосылған тынайтқыштар қосуды сұйық үстеме қоректендіру деп атаайды.
Өсімдіктерді топырақсыз өсіру. Гидропоника - өсімдіктерді организмнің қоректенуі үшін қажетті барлық элементтері бар сулы қоректік қоспада өсіру.
Минереалды қоректену - өсімдіктің тамыр арқылы керекті элементтерді топырақтан сіңіру. Қоректік заттар өсімдіктің жер үсті мүшелеріне минералды тұздардың ерітіндісі ретінде жеткізіледі. Топырақтан қоректенуде азоттың алатын орны ерекше. Егер өсімдікте азот жетіспесе, өте баяу өсіп, жапырақтары бозара бастайды. Ағаштардың жанама бұтақтарды дамымай қалады. Бидайдың түптенуі баяулап, төменгі жапырақтары сарғайып, қызарады да, ақырында қурап түседі. Фосфор жасуша қабықшасын түзеді. Өсімдікте фосфор жетіспесе жемістің түзілуі баяулап, салмағы кемиді. Калий жеткіліксіз болса өсімдік өте аласа болып өседі. Жапырақтары мен сабақтары нашар дамып, тірек ұлпасы жетілмейді. Өсімдіктің сабақтары әлсіз болып, жатып қалады. Калий тамыр мен түйнек жақсы дамып, қоректік заттардың қорға жиналуы үшін керек.
ІV. Бекіту.
Өсімдік атыТыңайт-қышҚай мүшесіне қажетШашу мерзіміҚандай күйдеҚырыққабатазот жапырағы мен сабағынажаздың алғашқы айысұйық ерітіндіҚызанақфосфор, калий жемісінежаздың екінші жартысықұрғақ және ерітіндіКартопфосфор, калий түйнегінежаздың екінші жартысыерітінді және құрғақКүздік дақылдаркалий барлық мүшесін суыққа төзімді етугекүзде, тұқым себер алдындақұрғақ
Үй тапсырмасы. §9 оқып келу.