Саба?ты? та?ырыбы: Диктант «Таза б?ла?» 8


Күні: 9,10.04.2015 8 «а» , «ә»
Сабақтың тақырыбы: Диктант «Таза бұлақ»
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Оқушылардың тақырыптарды меңгергендігін тексеру,
ережелерді естерінде бекіту.
Ә) дамытушылығы: Ережелерді тәжірибе жүзінде қолдана білуге
үйрету, сөздік қорларын молайту. Сауаттылығын арттыру.
Б) тәрбиелігі: Оқушыларды ынта қойып тыңдауға, көркем ,
таза жазуға және тыныс белгілеріне мұқият болуға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: бекіту
Сабақтың типі: жазбаша жұмыс
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі,баяндау.
Көрнекілігі: диктанттар жинағы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу, түгендеу. Көңіл-күйлеріне назар аудару.

ІІ. Диктант жұмысы.
Күннің жадын жаздырту;
Диктант тақырыбын жаздырту;
Диктант мәтінін оқып беру.
Таза бұлақ .
Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ тастақ жерден шыққан, суы салқын, шыныдай жарқырайды. Айналасындағы ағаштардың жапырағы мол түскендіктен, бұлақ суы салқын әрі таза екен. Біреу су шыққан жердегі үлкен тастың бетіне:
-Әй, жолаушы, болсаң, осы бұлақтай бол!-деп, жазу жазып қойыпты.
Жолаушылар бұл сөздің мәнін өздерінше шешеді.
Жолаушының бірі саудагер екен. Ол былай деді:
-Бұлақ толассыз ағып, алыс жерлерге барады.Сол сияқты сен де тынбай қызмет ет, тоқтап қалма, сонда сен де мұратыңа жетесің.
Екінші жолаушы молда екен. Ол:
-Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені, -деді.
Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен.Ол жалаушыларға:
-Адамның бұлаққа күні-түні тынбай ағып, тазаланып тұрғаны үшін ынтық болатынын, көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақтаудың керектігін,мәселен, мына бұлаққа қарасаң, күн түссе, күннің, шөп түссе , шөптің сәулесін көретінін, сондықтан көңілдің осы бұлақтай сыртқа ашық көрініп тұруының мәні зор екенін айтты.
(145 сөз.) (Ы.Алтынсарин)