«Н?рлы жол — болаша??а бастар жол!» атты ?нер фестивалі сценарийсі
«Нұрлы жол - болашаққа бастар жол!» атты өнер фестивалі
Мақсаты: Оқушылар арасында атаулы мерекелерді- Ұлы Абайдың 170 жылдығын, ұлттық өнер кұдіретін жандандыру, Егеменді Қазақстан жастарының жарқын болашағын кеңінен насихаттау.
1-жүргізуші: Армысыздар қадірменді қонақтар,Ұлағатты ұстаздар және бүлдіршіндер!
2-жүргізуші: Бүгінгі «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты концерттік кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жылда халыққа өз жолдауын арнап отырады. 11 қараша күні елбасымыз «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты жолдауын жариялады.
2-жүргізуші:Жолдауда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды бірлікті бекемдеп, аянбай тер төгуге шақырды.
1-жүргізуші:«Біз Жалпыұлттық идеямыз — Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел — елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі.
2-жүргізуші:
Ол «Қазақстан — 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі — Мәңгілік Ел! Ол — барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
1-жүргізуші:
Болған соң «Мәңгілік ел» -басты арманым,Қуаттап, қаттар бәрін, жастар мәнін.Елбасы жария етіп жатыр міне,Нұрлы жол – нұрлы дәуір басталғанын.
2-жүргізуші:
Нұрлы жол – нүрлы көші Нұрағаның,Жолдаудың сездік елге ұнағанын.Теңесіп жатсақ дәйім мықтылармен,Тәңірден осы емес пе, сұрағаным.
Елбасының халқымызға арнаған жолдауын қолдап, тәуелсіздігіміздің тұғырын биіктетуге біздің мектебіміздің жастары да өз үлесін қосуда.
1.Би: «Саржайлау» Қыздар тобы.Асилова М,Сидикова Д,
Эшметова З,Режаметова Д,Абдиева Д,Абдиева Л,ТургуноваЗ,
МустафаеваФ,Хожахметова Б
Жетекшісі- Темирщиқова М,Каратаева С, Пирматова М
1-жүргізуші:
«Нұр Отан» жайыңды ұққан, күйіңді ұққан,Қолға алған барлық істі биылдықтан.Мақсаты – Елбасының елін-жұртын,Аман-сау алып шығу қиындықтан.
2-жүргізуші:
Жалғасын тапса қимыл, сөзбен берік,Қысылмай қиындыққа төзген де ерік.Жанына жырдан шуақ құйылады,Жатқан соң жақсы істерді көзбен көріп
2.Ән: « Алақай» Қурбанали Давлат 4-б сынып.
Жетекшісі-Хакимжанов Ф
1-жүргізуші:
Жастардың бойына тән ақылды ұғым,Көрсеткен батырлығын, батылдығын.Нұрлы жол Астанадан бастау алып,бізге де серпін беріп жатыр бүгін.
2-жүргізуші:
Ұстаздарым – дархан жүрек арыстарым,Паш етті бойда қуат, намыс барын.Күн-түні жырласам да тауыса алмаспын,мектептің қолы жеткен табыстарын.
3.Би: «Пингвин» Пайзахметов М,Эргашваев У,Абдумажидов Р,Асанхожаев Н,Холниезов Ш,Омаров Э.
Жетекшісі- Полатбаев М, Усманова М,
1-жүргізуші
Топырағын туған жердің түлеткелі,Қабысып арман-мақсат тілектері.Үн қосып игілікті үлкен іске,Талпынып жатыр мектеп түлектері.
2-жүргізуші:Азат өлкем күндей күлген шығыстан,Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.Ата бабам аңсап өткен бақытым, Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
4.Би: «Ханшайим» 3-а сынып оқушылары. Кенжагараева С, Нишанова Э, шерметова Б,Абдуманотов М,Мирзаметов А,Азимбаев Ф.
Жетекшісі- Акмалова Ш
1-жүргізуші
Жұлдызым жанып жаңа ғасырдағы,Жайқалып Онтүстіктің жасыл бағы.Түтіні туған елдің түзу шығып,Таймасын бақ пен дәулет басыңдағы.
5.Ән: «Тулпарым» Эргашбаев Уткир.
Жетекшісі-Хакимжанов Ф
2-жүргізуші:
Көңілді толқытып бір шалқытатын,
Қайғыны ұмытып бір балқытатын.
Ән айтып, би билеуге не жетеді,
Көңілдің қарлығашын қалқытатын.
1-жүргізуші:
Бірлігі мен ынтымағы халықтың,
Көгімізде жарқырайды жарық күн.
Ырыс дәулет, бақыт үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн.
6.Би: «Сурханча» Биші қыздар:Асилова М,Сидиқова Д,Пайзахметова Н. Жетекшісі- Саатова Д, Акмалова Ш.
2-жүргізуші:
Кетпей ақ уақыт кейін,уақыт бұрын,
Кеш келседе кеудеме жақұт жырым.
Жақсылардың жалғасқан шапанындай,
Ұстаздан тәлім алғам,бақыттымын.
7. «Интермедия».Анартаев А,Асанхожаев Н, Пайзахметов М,Пайзахметов Ф, Холниязов Ш,Абдумажидов Г,Эргашваев У
Жетекшісі-. Ибрагимов Б
1-жүргізуші:
Халқымның әні қандай,
Шешеннің нәрі тамған тілі балдай,
Шымырлатып он бойына тарай тұғын,
Ал биі нәзік жанды балқытқандай.
8.Би: «Әтештер» Пайзахметов М, Қурбанали Д, Эргашваев У.
Жетекшісі- Ниязметова А
2-жүргізуші:
Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,Қазақ елін мойындауда дос таңдап.Елбасының еңбегімен нұрланаҚазағымның мерейі тұр аспандап.
1-жүргізуші:Елі үшін олжа салып қиырдан,Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.Мерекеңіз құтты болсын көпшілікӨнер байқауының құрметіне жиылған!
9.«Пародия» Сахнаға өнерпаз оқушыларымызды шақырамыз. Режаметов Д, Иззатуллаев Ш,Мухиддинов Д,Анартаев А,Исмаилов А.
Жетекшісі- Ибрагимов Б
2-жүргізуші:
Тұратын сан алуан ұлттан, ұлыстан,
Аман болсын даудан, алыс-жұлыстан.
«Ырыс түбі-ынтымақ» деп жарасып,
Қазақстан болсын жайнап Гулистан.
10.«Гизлар» биі. Асилова М, Сидикова Д, Хожахметова Б.
Жетекшісі-Саатова Д
1-жүргізуші:
Достық бізге тым ыстық,
Бірлік-байлық, ырыс-құт.
Жарқырасын күніміз,
Жаса, жаса, тыныштық.
11.Би: «Робот» Пайзахметов М.Холниязов Ш.Сайдирасулов М.
Жетекшісі-Тойметова Н
2-жүргізуші:
Көңілді қуанышқа толтыра ма,
Жүрекке әсем сазын толтыра ма?!
Қандай жақсы күн шыққан сыздан кейін,
Көрейік тамашадан достық биін.
12.Би: « Лазги» Биші қыздар орындауында «Лазги» биі.Асилова М,Сидиқова Д,Дехканова М, Пайзахметова Н.
Жетекшісі- Саатова Д
2-жүргізуші:
Бұл күні тұрақты орын алып төрден,
Әрүйдің санасына жарық берген.
Домбыра сырын жайып саң ғасырдың
Зар-мұңын балалардың алып келген.
1-жүргізуші:
Домбыра, осы күйден тайма дәйін,
Жарқырат жаң сәулесін айнадайын.
Әкелген сені өмірге көрік қылып,
Данышпан бабамыздан айналайын.
7. «Домбыра» әні . Деканова М.
Жетекшісі - Хакимжанов Ф.