Эссе: Жем?орлы?сыз жол: сенімді жол
Ақтөбе облысы,Ойыл ауданы
Ш.Берсиев атындағы орта мектептің
Тарих пәнінің мұғалімі
Жумабаева Гулшат
«Жемқорлықсыз жол: сенімді жол»
Адамзат тарих сахынасына шыққан ғасырлар үрдісінде ақыл-ойдың жоқ талай-талай тамаша үлгілерін жасады. Алайда, өркениет өріне шыққан адамзаттың «тамырына балта шаба алмай» отырған бір кеселі – «сыбайлас жемқорлық»атты індет. 2015 жылдың қорытындысы бойынша,әлемдік жемқорлар рейтингінде зерттеу жүргізілген 168 мемлекеттің ішінде Қазақстан 123-ші орынды иеленіпті.Transparency International халықаралық ұйымы өткізген бұл әлемдік мемлекеттер рейтингінде 91 балл жинаған Дания көш бастаса,8 балл жинаған Сомали жемқорлар тізімінің нүктесін қойыпты.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының жетінші бөлімінде «Аса маңызды міндет -сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және оны іске асыруды жалғастыру»деп атап көрсетуі еліміздің әрбір азаматына жауапкершілікті жүктей отырып, бүкіл қоғамның күш жігерін жемқорлыққа ымырасыз қарсы тұруға,оның пайда болу себептерін жоюға бағыттайды.
Сонымен қатар еліміздің болашағы жастарды тәрбиелеуде ұстаздарымыздың рөлі ерекше. Әрбір баланың бойынан патриоттық сезімді оята отырып, оларды адал еңбек етуге баулу,біреудің еңбегін пайдаланбауға тәрбиелеу біздің басты мұратымыз. Осындай іс-шараларды мектебімізде өткізіп тұрамыз.9-11 сыныптар арасында «Жемқорлық індет-жою міндет», « Адал еңбек –ар тазалығы», «Өз еңбегіңмен – өмір сүр» атты пікірталас ,дөңгелек үстел , конференция сабақтары,жергілікті өзін-өзі басқару орган қызыметкерлерімен кездесу өткізілді.Оқушылар өз ойларын жүйелі ортаға салып адалдықтың, кісі ақысын жемеу қағидаларын үлгі етіп, ой пікірлерімен бөлісті.
Оқушылардың арасында Әйтеке,Қазбек, Төле би сыңды даналарымыздың халықты бірлікке, әділ шешімге, әділеттілік жаршысы болуға шақырған өсиет ,нақыл сөздерін насихаттау, оқып-үйрету кейіңгі ұрпақтың еншісіндегі парыз.
Халқымыздың өнегелі өмір жолына толы ел үшін,дамып өркендеуімізге аянбай үлес қосқан адал перзенттерін үлгі етіп, еңбектерін паш ету болашақ ұрпақты әділдікке,тура жолмен жүруге тәрбиелейді.
Әсіресе оқушылар арасында әлеуметтік теңсіздіктің алдын алу мақсатында бірыңғай мектеп формасын кию, ұялы телефондар ұстамау,қымбат киімдерге әуестенбеу бағыттарын қадағалап , бос уақыттарын қосымша білім беру мекемелерінде , пәндік үйірмелерге,кітапханаларға баруын ұйымдастыру рухани тұлғаны дамытуға ,зиянды әрекеттен аулақ болуға ,қоғамның дамуына өз үлесін адал қосуға тәрбиелейтіні анық.
Оқушылардың мектеп жасынан өз құқықтары мен міндеттерін біліп,сезініп тәрбиеленуі - болашақта өз жауапкершіліктерін сезінуге ,дамытуға бастайтын жол. Осы орайда әр оқушының сыныптағы, мектептегі қоғамдық жұмыстарды адал атқаруға ,уақытында орындауға бағытталған іс-шаралар мазмұнды,жүйелі ұйымдастырылғаны жөн. Бұл бағытта оқушылар комитетінің ұйымы ,жас ұландар ұйымының жарғылары ,жоспарларын басшылыққа алып жұмыстану маңызды рөл атқарады. Міне мұндай жұмыстар нәтижелі ұйымдастырылса баланың өсіп-өркендеу сатысында сыбайлас жемқорлықтан аулақ болуға, адал еңбектің дәмін татуға өз септігін тигізеді.
Қорытындылай келе, жемқорлық-қаупі жағынан экстримизмнен еш кем емес жау. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтын алдын-алуға күш салу, күресу баршамыздың парызымыз. «Еңбектің наны тәтті» - дегендей адал еңбекпен табысқа жету, адал еңбекпен елдің экономикасын дамытуға, ата-бабамыздан мұра болып қалған құнарлы жер байлығын сақтауға, дамыған 30 елдің қатарына кіруге,тура жолмен еңбек етіп, күш салу барлығымыздың еншіміздегі жауапты іс болмақ.
Ендеше,сыбайлас жемқорлықтан аулақ болып, адал еңбек етіп,жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарымызды дарытып әлемдік бәсекелестікке шығу - қоғамның дамуы.