Жол т?ртібін білейік, аман-есен ж?рейіік Саба?ты? ма?саты: Білімділік:Жолда ж?ру ережесін есте са?тау?а, о?ушылар?а жол белгілерін неше т?рі бар, оны білу не ?шін ?ажет, ба?даршамны?, жол белгілеріні? ат?аратын ?ызметі ?андай екенін ?йрету. Дамытушылы?:Жо
Семей қаласы№3 нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат.
Тәрбиеші.
Жапыкова Гулнар Орынбековна
Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейіікСабақтың мақсаты:Білімділік:Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету.Дамытушылық:Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру.Тәрбиелік:Барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Коррекциялық: Көзге арналған жаттығу жасау, сергіту сәті.Сабақтың әдісі: тест жүргізу,сұрақ - жауап, Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері, жолда жүру әліппесі, жол ережесіне арналған суреттер. Тәрбиелік шараның барысыІ Ұйымдастыру кезеңі
1.Тест
2. сұрақ-жауап 3.Қорытынды
Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан - жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол - көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол - көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Міне, осы мақсатта біз бүгін «Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік» атты жол ережелеріне арналған тест алайын деп отырмын
Тест 1. Жүргіншілер деген кім? А) машина жүргізетін адамдар В) көшеде жаяу жүрген адамдар С) белгілер 2. Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма? А) болады В) болмайды С) білмеймін 3. Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп, міну керек? А) аялдамалардан В) кез - келген жерден С) дүкен алдарынан 4. Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс А) кез - келген жолмен В) тротуармен С) автомобиль жолдарымен 5. Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл түспен белгіленген белгілер қандай ұғымды білдіреді? А) ескерту белгілері В) көрсеткіш белгілер С) тыйым белгілері 6. Қай түс жанғанда машиналар жүреді? А) сары В) жасыл С) қызыл Қаладағы жолдың бөліктерін атаС) жол алабы, тротуар, бөлу жолағыСұрақ-жауап
Қозғалыс кезінде жолаушы жүргізушімен әңгімелесуіне бола ма?
А) тыйым салынадыВелосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады?
В) 14 жастан03-ненің телефоны?
С) жедел жәрдем Шана мен шаңғыны қай жерде тебуге болады?
С) арнайы белгіленген жерлердеАрнайы аялдама жоқ жерлерде, автобусты қандай жерде тұрып күту керек?
В) тротуарда немесе жол жиегіндеҚала сыртындағы жолдарА) тас жолЖолды өтерде жаяу жүргінші қандай ережені орындау керек?
А) Жолды тротуардың түйіскен жеріндегі бұрышта өтуЕгер реттеушінің сигналдары бағдаршам сигналдарымен сәйкес келмесе, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер кімге бағынулары керек?
В) тек реттеушінің сигналдарынаБағдаршамның «Абайла!Дайындал!» белгілері нені білдіреді?
В) сары сигнал
Бағдаршамның қызыл сигналы кезінде жолды өтуге бола ма? – 82%
А) жоқ, өтуге болмайдыЖаяу жүргіншілер тротуардың қай жағымен жүрулері керек?
А) оң жағыменЕскерту белгілері қандай болады?
А) үшбұрышты қызыл бояумен көмкерілгенТыйым салатын белгілер қандай болады?
С) дөңгелек қызыл бояумен көмкерілгенБағдаршам жарығының түстері қалай орналасқан (жоғарыдан төмен) –
А) қызыл, сары, жасыл1.Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады ? Жауап: жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат. 2. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек ? Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмау мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөн 3. Мына көліктер қалай аталады, көлік оқиғасына тап болған адамдар қандай телефондарға қоңырау шалады? ( Өрт сөндіру - 01, жедел жәрдем - 03 МАИ - 02 ) 4. Автобусқа қай есіктен мініп, қай есіктен түседі?( алдан түсіп, арттан мінеді) 5. Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді? - Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді. 6. Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады? - Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе «Өтетін жер» деп жазылған тұста немесе асфальтта көлденеңіне сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде өтуге болады. 7. Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз? - Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса, көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орында күте тұрамыз. 8. Жиекжолдан тағы қалай жүруге рұқсат етілмейді? - Төрт - бес адам қатар жүруге болмайды. 9. Балалардың суреті салынған белгі қайда орнатылады? 10. Ал жиекжолда қалай жүру керек? - Жиекжолдың оң жағымен жүру керек, сол жағымен жүруге болмайды.. Қоғамдық транспорттан шыққаннан кейін көшеден қалай өту керек? В деңгей сұрақтар(5 ұпай) 1.КЖТ дегенді қалай түсінесіңдер? - Көшеде жүру тәртібі 2- Көшеде жүру тәртібі деген түсінікті қалай түсінесіңдер? жаяу жүргінші тротуар жол белгілер машиналар бағдаршам инспектор қиылыстар 3. - Бағдаршамнан басқа жолда кім тұрады? Реттеуші инспектор қызметкері ала таяғымен тұрады. 4. Жол белгілерін атқаратын қызметіне қарай неше топқа бөлінеді? (7 топқа) 5. Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек? - Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды. 6. Жиекжол дегеніміз не? - Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол. 7. Көшеде жүру тәртібін кім басқарады? - Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.. 8. Бағдаршамд сигналдар қалай орналасқан? 9. Адамға машинаны жүргізуге қандай құжат керек? Жүргізуші куәлігі. 10. «Тротуар» деген сөз нені білдіреді? «Викториналық сұрақтар»1. Қоғамдық транспорттан шыққаннан кейін көшеден қалай өту керек?2. Жол таңбасы қандай екі түрге бөлінеді?3. Жаяулар өтпесі қалай белгіленеді?4. Бағдаршамда сигналдар қалай орналасқан?5. Жол белгілері қандай топқа бөлінеді?6. Балалардың суреті салынған белгі қайда орнатылады?7. Оқушылардың велосипедпен көшеде және жолда қай жастан жүруіне рұқсат етіледі?8. Велосипедпен жолға шығарда нені тексеру қажет?9. Көшеден, жолдан қай жерде өтуге болады?10. Габариттік оттар қай кезде жанады? (фарлар)11. Жүргізушілер сыртқы жарық приборларын не үшін қосады?12. «Тротуар» деген сөз нені білдіреді?