Ашы? саба? Блокнот ж?не калькулятор (5 класс)


Информатика Конысбекова Гульмира Бактыбековна 5-сынып
Тақырыбы БЛОКНОТ ЖӘНЕ КАЛЬКУЛЯТОР.
Жалпы мақсаттар Блокнот және Калькулятор қолданбаларының мүмкіндіктерін оқушы бойына сіңіру. АКТ-мен  жұмыс жасау мәдениетін, тақырып бойынша сыни тұрғыда ойлауға оқушылардың танымдық қасиетін арттыра отырып, жұмыс жасауға дағдыландыру.
Қолданылған модуль түрі Талантты және дарынды балаларды оқыту, 72-76 беттер.
Оқыту нәтижесі Блокнот пен Калькулятор бағдарламаларының қызметі мен мүмкіндік-терін біледі. Сандық ақпараттарды калькулятордың көмегімен өңдейді және жылдам есептер шығарады.
Түйінді идея Блокнотты іске қосуды және Калькуляторда қарапайым есептеулерді шығаруға үйрету.
Сабақ кезеңдері: Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Әдіс-тәсілдер
І Ұйымдастыру -Амандасу ,”Не ортақ?” тренингі -Сурет қиындылары арқылы топқа бөлу. 1-топ – «Блокнот» тобы,
2-топ – «Калькулятор» тобы. Топқа бөлу
ІІ Тақырыпты ашуОқушыларға слайдтан жасырылған сурет көрсетіледі.
 
 
 
Кәдімгі блокнот пен калькулятордың суреті екенін табады. Көрнекілік-көрсетілім
ІІІ Білімді өзектендіру Оқушыларға білімдерін өзектендіру мақсатында сұрақтар қойылады:
-Стандартты программа құрамына қандай программалар кіреді?
-Қосымша сандық пернетақтаны қалай қосады? Сұрақтарға жауап береді және блокнот пен калькулятор туралы білетіндерін постер арқылы қорғайды (1-топ «Блокнот»,           2-топ «Калькулятор» туралы). Сұрақ-жауап,
Зертеушілік әңгіме
IV Жаңа тақырыпты түсіндіру Электронды оқулықтағы Блокнот және Калькулятор тақырыбына шолу. Оқушылар тақырыпқа байланысты өлең жолдарын құрастырады.
1-топ – «Блокнот» тақырыбына;
2-топ – «Калькулятор» тақырыбына. Топтық әңгіме
Дарынды, талантты балаларды анықтау барысында қате жауапты тапсырмалар ұсыну.
1-топқа:
Блокнот бағдарламасында мәтінді теріп жазыңдар.
Мәтінді ерекшелеп, оның қаріпі мен өлшемдері бойынша пішімдеңдер.
Мәтінді оң жақ, сол жақ және ортаңғы шектерге қарай түзетіңдер.
Түзетілген мәтінге сурет орналастырыңдар.
2-топқа:
Калькулятор бағдарламасыда 56 мен 76 сандарының қосын-дысын жадыға сақтаңдар.
6 мен 3 сандарының қосынды-сын жадыдағы санға көбейтіңдер.
Индикаторға мәтіні бар сандарды енгізіп, оларға Тапсырманы топ болып компьютерде орындайды. Диалог барысында дарынды және талантты оқушылар тапсырманың дұрыс-бұрыс екендігін жұмыс барысында дәлелдеп көрсетеді. Әңгіме-дебат
 
 
 
 
 
V Тақырыпты бекітуОқушыларға сәйкестендіру кестесі ұсынылады.
Сәйкестендіру кестелеріндегі тапсырманы орындап, жұп құрып дұрыптығын тексереді. Сәйкестікті табу
VII Сабақты қорытындылау «Өрмекшінің торы» әдісі бойынша сабақты қорытындылау. Оқушылар бір-біріне жіпті беру арқылы сұрақтар қояды. Өрмекшінің торы
VIII Оқуға арналған тапсырма195-беттегі тапсырмаларды орындап, бақылау сұрақтарына жауап беру;
«Блокнот», «Калькулятор» тақырыбына таныстырылым жасау.
Бағалау Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды. Критерийлер бойынша (1 мин).
Критерилер: Топтың белсенділігі;
Тәртібі;
Жаңа терминді қолдана алуы;
Тақырыпты меңгеруі қандай? 
Рефлексия Мен бүгінгі  сабақта не білдім.......
Маған қызықты болды........
Маған қиындық  тудырған.......
Бүгінгі білгенімді болашақта өмірде............... пайдаланымынМені толғандырған.............