Н.Назарбаев – ?аза?стан Республикасыны? бірінші президенті


Мақсаты: егеменді еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың бүгінге дейінгі жасаған ерен еңбегі туралы баяндау.
Тәуелсіз елімнің күн санап гүлденуі елбасының кемеңгерлігінің арқасы екенін түсіндіру. Елжандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ – жауап.
Көрнекілігі: Суреттер, бүктемелер.
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларға тәрбие сағатының тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Кіріспе.
(«Әнұран» орындалады) Аялап ару ананы
Бейбіт таңдар арайланып атады, Өсірген еркін баланы.
Туған жерді аймалайды шапағы. Бесігім болып тербеткен,
«Байтақ елім» - ұлы Қазақстаным, Отаным – Қазақстаным.
Ең бақытты балалардың отаны. Егеменді елімнің,
Сәулесі күн шатырлы аспан, Президенті бастаған.
Кең дала төсі толқыған егін. Отанымда барлық ұлт,
Көлдері көкке күмістер шашқан, Татулықты қостаған.
Қазақстан - Республикам менің. Жайдарлы жерім бар,
Толтырған гүлге даланы, Өрісті елім бар.
Жайнатқан ауыл қаланы. Ерлікке баулитын,
Ардақты ата мекенім, Егемен елім бар
Отаным Қазақстаным.
Тәуелсіздігіміз еліміздің алғашқы президентінің сайлауымен тығыз байланысты.
1991 жылы 1 желтоқсан тұңғыш президентіміз сайланды.(өмірбаянын айту)
Біздің елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Жасынан зерек, алғыр азамат өскенде металлург мамандығын алып, жұмыс жасаған. Ол халық қалауымен 1991 жылы 1 желтоқсанда Қ.Р.Президенті болып сайланды. Содан бері 20 жылдан аса уақыт өтті. Осы уақытта елімізде көптеген оң өзгерістер болды.
1991 жылдың 10 қазанында қазақтың тұңғыш Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1992 жылы 4 маусымда ел рәміздері қабылданды.
Рәміздер елдігімнің белгісі,
Білу крек бала-дағы ең кіші.
Рәміздер – Әнұран. Ту ,Елтаңба,
Мұны-дағы білу керек әр кісі.
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.
«Жаса Қазақстан» әні орындалады.
Елтаңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Мұнда да бар ерлігім,
Халқымыздың бірлігі.
«Елтаңбасы елімнің» әні орындалады.
1993 жылы 15 қарашада – ұлттық валютамыз – теңгеміз айналымға енді.
1995 жылы 30 тамызда жаңа Ата заңымыз қабылданды. Ата заңымызда балалар сендердің құқытарың да жазылған.
1998 жылы 6 мамырда ел астанасы Ақмола қаласына көшірілді. Осы күнге дейін Астана адам танымастай өзгеріп шыға келді.

Астана - арман қала,
Бағы бір жанған қала.
Тұрады ол жап-жас болып,
Мен үлкен болғанда да.
1999 жылы 10 қаңтарда Елбасымыз Президент сайлауының нәтижесінде 7 жылға қайта сайланды.
Қортынды.