?ызметтік хат ж?не оны? т?рлері. Хабарлама хат та?ырыбында ашы? саба?


Павлодар гуманитарлық – педагогикалық колледжі

АШЫҚ САБАҚ
ӘЗІРЛЕМЕСІ
ПӘН: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
ТАҚЫРЫП: Хабарлама хат
МАМАНДЫҚ: Аудармашылық ісі
Құрастырған:
оқытушы Мұхамедеева Р. Г.

Павлодар, 2016


Сабақтың технологиялық картасы
Пән: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
Тақырыбы: Хабарлама хат
Мақсаты:
Білімділік: Қызметтік хат, оның түрлерге ажыратылуы туралы түсінікті қалыптастыру, қызметтік хаттарды ресімдеудің жалпы ережелері, құрылымы, қызметтік хаттарды жазудың кең тараған үлгілерімен таныстыру, қызметтік хаттарды (мекемеден шығатын ) ресімдеуге үйрету
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық қабілетін, өз бетінше құжаттармен жұмыс істей алуын, ең бастыны бөлуді, өзіндік көзқарасын дамыту
Тәрбиелік мәні: Құжаттармен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа, жауапкершілікке және мемлекеттік тілді сыйлай білуге тәрбиелеу, мамандыққа баулу
Үйлестіру
деректемелері: Нұсқаулық карталары, мәтіндер, А3 қалыпты форматы, кестелер
Сабақтың тұрпаты : Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақтың әдістері: СТО стратегиялары: «Ой қозғау стратегиясы», «Джигсо», «Түсініктеме күнделігі», «Ойлану/ жұптасу/ ортаға салу» , «Бақылау -бағалау» «Шығу парағы», сөз әдісі, проект әдісі: (ақпараттық, ғылыми – зерттеу, тәжірибе, шығармашылық)
Ұйымдастыру формасы: дербес, жұптық, топтық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерге қойылған хат үлгілері, бланк түріндегі үлгілер
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, информатика, машинкамен басу, тарихСабақ жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Білімдерін жаңғырту
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
IV. Бекіту
V. Қорытындылау
VI. Рефлексия
VII. Үй тапсырмасын беру
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
ҚР әнұраны
Сәлемдесу
Кезекшімен сұхбат
- Сіздердің барлықтарыңыз үй тобында сарапшы болып отырсыздар Бүгін сіздер 3 топқа бөлініп жұмыс жасайсыздар, әр топқа ат қойып, спикерлер сайлап алайық
Психологиялық дайындау (Оқушылардың назарларын хат жазу мәселесіне аударту)
2. Бағдарлану – мотивациялық кезең : (қызықтыру, қызығушылықты ояту)
Мақсаты: Оқушылардың бұрынғы білімдерін сыртқа шығару
«Ой қозғау » стратегиясы:
дербес жұмыс – қолдарыңызды қаламдарыңыздан үзбей 1 минөттің ішінде қызметтік хат деген сөз тіркесіне түсінік беріңіз 1мин
жұптық жұмыс – Қызметтік хат дегеннің мағынасын көршісімен ашу 2мин
топтық жұмыс - А3 қалыпты форматқа топпен біріге отыра, Қызметтік хат дегенге түсінік беріңіздер 5мин
Спикерлердің ортаға шығып жұмыстарын қорғауы 1- 2 минөттен
Мұғалімнің сөзі Сабақтың мақсатын ашу - Ал ендеше бүгінгі өтетін тақырыбымыз: Қызметтік хат және оның түрлері. Хабарлама хат.Бүгін біз сіздермен қызметтік хат дегеніміз не, оның түрлерге ажыратылуы туралы түсінік аламыз, сол сияқты қызметтік хаттарды ресімдеудің жалпы ережелерімен, құрылымымен, қызметтік хаттарды жазудың кең тараған үлгілерімен танысатын боламыз және қызметтік хаттарды (мекемеден шығатын ) ресімдеуге үйренеміз
3. Мағынаны ажырату кезеңі: (жаңа ақпаратты таныстыру)
Сөз әдісі (Қызметтік хат және оның топтастырылуына түсінік беру)
3.2. Джигсо стратегиясы Әрбір топ нөмірленуіне байланысты бірінші нөмірлер бірінші стөлге жиналу2 нөмірлер 2 стөлге жиналу3 нөмірлер 3 стөлге жиналу
3. 3. Мәтінмен жұмыс (түсініктеме күнделігі – дәптерді екіге бөліп, бір жағына үзінді (сөз, сөз тіркестері, факт, цитата ) екінші жағынан кең мағынада түсініктеме жазу 5-7 мин
Үй тобында:
3.4.Әрбір нөмір өз тақырыпшаларын түсіндіреді, басқалары тыңдап,талқылауға салады. Өздеріне ақпарат алады.
3.5. Ақпараттық бағыттағы жоба (Қызметтік хаттың моделін құру)
3.6. Ғылыми – зерттеу бағыттағы жоба (құрылымы)
3.7. Тәжірибелік бағыттағы жоба (компьютерде жұмыс жасау ) - Қауіпсіздік ережелерінің сақталуы
- Тарихқа шолу жасау


IV. Білімдерін бекіту
1. Тапсырма Ойлану/ жұптасу/ ортаға салу – әрбір топтың сарапшыларына хаттың түрлері бойынша сұрақтар қою
2. Тапсырма Шығармашылық проект Өз ойларынан қалыпты форматқа қызметтік хаттың бір түрінің жобасын ресімдеу
V. Қорытындылау
Бақылау – бағалау парағы арқылы нәтижелерді жинақтап, қорытындылау. Оқушыларды бағалау
VI. Рефлексия Сабақтан не алдыңыз, қандай әсер қалдырды?
Шығу парағы:
Нені үйрендіңіз?
Сұрағыңыз
Пікіріңіз 5 мин
VII. Үйге тапсырма беру Шығармашылық проектісі бойынша құрылған хатты ресімдеу және компьютерде теру

Қызметтік хаттар :
1.Белгілеу тәсіліне қарай: коммерциялық және коммерциялық емес
коммерциялық хаттың өзі іштей 3 ке бөлінеді: мәмілеге байланысты
ұсыныс хат
сұрау салу
талап ету коммерциялық емес өзі іштей 10 түрге бөлінеді
алғыс хат
кепіл хат
ақпараттық хат
ескерту хаты
растау хаты
құттықтау хаты
шақыру хаты
өтінім хаты
жолдама хат
көңіл айту2. Қызметтік дәрежесіне қарай:
1. Жауап хаттар2. Бастама хаттарЖауапты талап ететін хаттар: сұрату, ұсыныс, шағым,өтіну
Жауапты талап етпейтін хаттар: ескерту, жолдама, хабарлама, растау3.Қабылдау тәсіліне қарай:
- Циркуляр (бір мезгілде бірнеше қабылдаушыға жіберілетін )
- Жай (нақты бір қабылдаушыға)
Құрылымына қарай:
- бір аспектілі (бір мәселені қарастырады)
- көп аспектілі (бірнеше мәселені қарастырады)
5. Құрылысына қарай:
- регламенттелген
- регламенттелмеген
6. Жіберу түріне қарай:
конверттіэлектронды – электронды е-mail
факстық
Тәжірибелік жұмыс
Тақырыбы: Қызметтік хаттарЖұмыс мақсаты: Қызметтік хатқа және оның түрлеріне, реквизиттер құрамы туралы түсінік беру, А4 қалыпты форматтарында реквизиттердің бұрыштық орналасу нұсқалары бойынша қызметтік хатты құрастыру
Материалдық қамтамасыздандыру: дайын үлгілері, оқушылардың папкалары, әдебиеттер: А . А Адельгужинов, К. Е. Ермекбаев, Тұрпатты ережелер, Астана – 2003,Скала В. И., Скала Б В., Скала Н.В, Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу, Алматы – 2007, М. Қасымбеков., Қ.Әлімқұлов., Екі тілде іс жүргізу , Алматы - 2004, Делопроизводство Адильбек Жақып, Астана – 2000, А. Алдашева, Ресми іс қағаздары, Алматы -2001
Әдістемелік нұсқаулар:
Қызметтік хаттар – бұл ол қандай да бір мәселе туралы мекемелермен, ұйымдармен және жеке тұлғалармен пікір алмасу құралы қызметін атқаратын әр түрлі мазмұндағы басқару құжаттарының үлкен тобының жинақталған аты.
 
  ХАБАРЛАМА ХАТ
 
Хабарлау хатты нақты тиісті мекен-жай иесіне жазады. Ол сұраққа жауап ретінде жиі пайдаланылады.
Хабарлау хаттың қалыпты сөздері: «Сізге ... ескертеміз», «Сізге төмендегі өзгеріс туралы хабарлаймыз...». Сонымен қатар ол «Хабарлаймыз», «Хабардар етеміз», «Сіздің назарыңызға ұсынамыз» деген сөздер арқылы жазылады. Одан әрі бір фактілер көрсетіледі.
ЖАРНАМАЛЫҚ ХАТ
 
Жарнамалық хатты нақты мекен жай иесіне жібереді. Ол жарнама қызметтері мен заттардың түрін жарнамалайды.
Хаттың мақсаты: адрес иесіне көрсетілген қызмет түрлерін пайдалануға немесе тапсырыс беруге жетелеу. Мәтін нақты, тиісті, толық ақпарат береді. Мәтіннің соңында мекеменің мекен-жайы, телефоны көрсетілуі мүмкін.
ШАҚЫРУ ХАТ
 
Шақыру хат – жиналысқа, алқалық отырысқа, семинарға, конференцияға шақыру мақсатын көздейтін құжат.
Шақыру қағазын мекемеге, бірнеше адамдарға және тиісті адамға жібереді. Хатта толық күн тәртібі, іс-шараның өтілетін орны, сөз сөйлеушілердің фамилиялары, іс-шараға жауапты адамдардың фамилиясы, телефоны, шақырылған жерге тиісті жол қаражаты және т.б. ақпараттар жазылуы мүмкін.
Хаттың мәтінінде үнемі: Сізді ... шақырамыз; оқушылардың ... жұмысының көрмесіне шақырамыз сияқты тұрақты сөз орамдары пайдаланылады
 РАСТАУ ХАТ
 
Растау хат – жіберушіні құжаттарды, құндылықтарды (аудармалар, хаттар) алғандығы туралы хабардар ететін, нақты іс-әрекеттерді, дәлелдемелерді дәлелдейтін құжат.
Хаттың кілттік сөздері:
Сіздің тапсырысыңыздың алынғандығын хабарлаймыз...;
Мекеме біріккен құрылысқа қарсы емес...;
25.04.2011 телефон әңгімесінің болғандығын... .
Растау хаттың жіберілуі іскерлік қарым-қатынастардың міндетті бөліміне жатады, бақылау сұрағын алып тастауға мүмкіндік береді.
БАСТАМА (ИНИЦИАТИВАЛЫҚ) ХАТ
Инициативалық хат – жауап талап етуші хаттар.
Мұндай хаттардың көп түрі өтінішті білдіреді, жіберілген адамға қандай да бір сұрақты шешуге арналады. Бұл хаттың ең көп тараған түрінің бірі, олардың тақырыптар жиынтығына шек қойылмайды.
Сұрақ-жауап хатта сұрақ беруші қандай да бір іс-әрекетті, оқиғаны түсіндіруді сұрайды және жауап берушіні жауап хат жазуға жетелейді.
 
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ХАТ
Коммерциялық хат – келісім-шарт (контракт) жасауда және оны орындауда жазылады. Олар сатып алушылардан сатушыға зат туралы толық ақпарат беруді, затты өткізіп беру, сатушылардың жауабы, талаптар, талаптарға жауаптарды мақсат етеді.
 
Тәжірибелік жұмыс:
А. 1 тапсырма Қызметтік хат бланк түрін қажетті реквизиттермен толықтырып, коммерциялық хат құрастырыңыз:
... Фирмасы мемлекеттік сатып алуларға қатысуды ұсынады:
1.
В. Өз ойыңыздан қызметтік хат құрыңыз
Жұмысты тексеру: Оқушылардың қалыпты А4 форматта орындаған жұмыстарын тексеруТүзету жұмыстары: Құжаттарға қойылатын талаптар бойынша тексеруҮйге тапсырма беру: А4 қалыпты форматқа ресімдеп,компьютерде теруТілдер ЦӘК отырысында
қаралды және бекітілді
« __» _____ 2010ж.
№ _____ хаттама
ЦӘК төрайымы _______ И. М. Ганиева

Павлодар, 2010