Тренинг та?ырыбы: Заман талабына сай білім беруді? ба?ыттарыны? тиімділігі


«Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз де үйренеміз» Сенека Луций 
Тренинг тақырыбы: Заман талабына сай білім берудің бағыттарының тиімділігі
 
Мақсаты : Оқыту мен оқудағы жаңа   ұғымдарды   меңгерту  және оларды қабылдауға мүмкіндік жасау.Заман талабына сәйкес жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру. 7 модулді пайдалануға деген қызығушылығын арттыру.Топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
 Оқу нәтижелері : 7 модулді пайдалану арқылы оқу үдерістерін  жақсартуға  жағдай   жасайтынын  түсіну.  
 Негізгі идеялар : 7 модулді  пайдалану  мүмкіндіктері күннен күнге жетіліп,   танымдық  және метатанымдық  қабілеттерінің ашылуына мүмкіндік береді.
 Бірлескен  жұмысқа негізделген тәсіл: Педагогикалық   және  мазмұндық  білім. Топпен бірлесіп  берілген  тапсырмалар бойынша шығармашылықпен  үлгі жасау.
Постермен жұмыс. Топпен презентация.
 Дереккөздер: Стикерлер , қаламдар , плакаттар ,бейне жазбалар, мәтін. Оқуға арналған  тапсырма: 7 модулдің  тиімділігі.
Балықтың суреттері арқылы топқа бөлу.
Рудакидің сөзі:
Жүрегіңмен сезбесең,
Әлемнің сырын ұқпайсын.
Көзіңмен көрем дегенмен
Барлығын байқап шықпайсын.
1.«Кәсіптік герб» жаттығуы
- Біз бәріміз де педагогтармыз. Мен сіздерге өз жеке кәсіби гербтеріңізді жасауды ұсынамын. Оның сипатын, формасын, қандай болу керек екендігін әркім әр түрлі пайымдайды. Мен бәріңізге бір-бір ватман парағын, түрлі түсті қарындаштар үлестіремін. Сіздер соған кәсіптік герб контурын бейнелеп алып, сосын оның ішін мазмұнды бейнелермен толықтырасыздар. Бұл үшін кәсіби қызметтің бірқатар маңызды тұстарына көңіл аудару керек.
- Қатысушы өзінің кәсіби қызметінде неғұрлым маңызды деп есептейтін жетістік немесе оқиға;
- Сізді бақытты етуге оқушыларыңыз пайдалана аларлықтай нәрселер немесе білім аясы;
-Сіздің педагогикалық қызметте көмектестін немесе көмектесе алатын тұлғалық қасиеттеріңіз.
Бұл жаттығуды орындаудың басты шарты: қатысушылар сөзбен емес, сурет салу арқылыкөрінеді. Гербтер салынып болғаннан кейін, олар тақтаға ілінеді. Нәтижесінде қатысушылардың өмірлік кәсіби позициялары туралы өзіндік бір ерекше галерея пайда болады.

Талқылау
Қатысушылар барлық гербтерді қарай отырып, мынадай сұрақтарға жауап береді:
Гербтегі бейнелер оның иесі туралы не айта алады?
Суреттер неге осыншама әр келкі болып шыққан?
Қай гербтегі қандай бейнелерді өзгертіп, түзетер едіңіз, неге?
Ең жақсысы қайсысы және ол несімен жақсы?
Қорытынды жасау кезінде жаттығуды орындауға ненің қиындық тудырғанын және ненің көмектескенін бірлесіп айқындаған жөн.
Бәріңізге де атқарылған жұмыстар үшін алғыс айтамын!
2.«Бәрібір де сен жақсысың, өйткені...» жаттығуы
Енді жұп-жұпқа бөлініңіздер. Алғашқы жұптың біреуі «Мені жақсы көрмейді, себебі...»деп әңгіме бастайды. Екіншісі тыңдап болып: «Бәрібір де сен жақсысың, өйткені...» деп жалғастырады. Сонан соң бір-бірімен рөл алмасады.
Қатысушылар әрекетке орай жауап әрекет етудің қандай жағдай да серіктес беделін
түсірмейтіндей тәсілін қолдануға мүмкіндік жасау керек.

Талқылау
Сіз серіктесіңіздің әңгімесіне түгелдей лайықты жауап әрекет жасай алдыңыз ба?
Жауап әрекет жасау қиын болған жоқ па?
3.Сергіту сәті. Мұнда ойын ойналады. Ойын «3, 13, 33» деп аталады. «3» деген кезде қол алға созылады, «13» деген кезде екі жаққа созылады, ал 33 дегенде қолды жоғары көтерілу керек.
4.Миға шабуыл. Ассоциация.
Жеке жұмыс заман талабына сай білім берудің  бағыттары бойынша топта жоба жасайды.
«Менің қиялымдағы мектеп қандай?», «Мінсіз оқушыны жасайтын ХХІ ғасырдың мқғалімі қандай болу керек деп ойлайсыз?» сұрақ қойып, постерге жазып қорғату-15 минут.
5.Тапсырма: "Әлем өзгереді, бізде өзгереміз" тақырыбына эссе жазып келу.
6. Рефлексия. «Кездескенше» жаттығуы. (Барлық қатысушылар шеңбер жасап түрегеп тұрады).
Сіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік тілеймін.Сіздер бір-біріңіздің жазған рефлексияларыңызды оқи отырып, тренинг туралы өз әсерлеріңізді, қалай болғандығы жайлы айтып, пікірлеріңізді білдіресіздер, әрине, осымен бірге әріптестеріңіздің атына өз тілектеріңізді жолдайсыздар.
Тренинг аяқталды. Бәріңізге көп-көп рахмет айтамыз. Өздеріңізбен бірге жұмыс жүргізу үлкен ғанибет. Біз бүгінгі сабақты алға қойған міндеттерімізді орындадық деп ойлаймын. Сіздерге кәсіби қызметтеріңізде табыс тілеймін! Кездескенше!