Т?саукесер туралы жалпы м?ліметтер. Программаны? интерфейсі. Жа?а т?саукесерді ??ру


Атырау қаласы, Атырау селосы,
Ф. Оңғарсынова атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі
Жұмагельдина Танзила Бабахановна
Сабақтың тақырыбы: Тұсаукесер туралы жалпы мәліметтер. Программаның интерфейсі. Жаңа тұсаукесерді құру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Оқушыларға тұсаукесер туралы жалпы мәліметтерді білуі тиісMicrosoft PowerPoint бағдарлмасының терезе элементтерімен танысу.Тұсаукесерге слайдттар қосу және олармен жұмыс істеу.
Шаблон бойынша тұсаукесерді құруды білу..Дамытушылығыі:Практикалық дағдыларын дамыту, өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Тәрбиелігі:Өз бетімен жұмыс жасауда ұқыптылық, жауапкершілік, еңбекқорлық, жинақылық, шапшаңдық қасиеттерін тәрбиелеу.
Нәтиже:
Тұсаукесерге слайдттар қосу және олармен жұмыс істеуді біледі;
Жаңа тұсаукесер және шаблон бойынша тұсаукесерлер құрып, слайдттарды қарау және жоюды біледі
Теорияны практикада қолдану дағдыларын қалыптастырады;
Оқушылардың өзін және достарын бағалауға дағдыланады;
Сабақтың түрі:
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: СТО бағдарламасының әдіс – тәсілдері, психологиялық ахуал, сұрақ –жауап, түрлі ойынды тапсырмалар , АКТ құралдары, компьютер, интербелсенді тақта, онлайн тапсырмалар
Пәнаралық байланыс:Сурет, қазақ тілі, қазақ әдебиеті
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.
Ұйымдастыру.
Сабаққа дайындық. Психологиялық ахуал ұйымдастыру.
-Көңіл- күйлеріңіз қалай?
Керемет. (қолдарын көтеру)
-Сабаққа дайындықтарың қалай?
Тамаша! (алақандарын шапалақтайцды)
Ынталарыңыз қалай?
Ғажап! ( қолдарын көтереді)
Ендеше сабағымызды бастайық!
О, о,о (бас бармағың көтереді)
Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызда бастаймыз.
Топқа бөлу. Оқушыларды 2 топка «Монитор», «Пернетақта » атты топтарға бөлу
Сұрақ қою Не себіпті сендер «Монитор» немесе «Пернетақта» атауларың таңдадыңдар? (топ басшысын сайлау)
Сабақ барысымен таныстыру.
Бағалау парағын таныстыру.
Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру
Сыныпта өздеріне ұқсас оқушыларды тауып, жасалған шеңберде бір-біріне жақсы тілектер айтуТопқа бөліну
Сұраққа жауап беру
Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіруҮй тапсырмасын тексеру
Тест жұмысы
1.Word мәтіндік редакторы қандай мәселелерді шешуге арналмаған?А) Үлкен көлемдегі мәтіндік ақпаратты сақтау үшін;Б) Құжаттарды көбейту үшін;В) Экономикалық есептеулерді орындау үшін.2. Microsoft Word дегеніміз не?А) Windows – тың басқаруымен автономды ДК - де жұмыс істеуге арналған реляциялық деректер базасын басқарудың үстелдік жүйесі;Б) Мәтіндік құжаттарды жасауға, көруге, түрлендіруге және қағазға басып шығаруға арналған Windows – тың қосымша мүмкіндіктері;В) Windows – тың презентацияларды жасауға және редакциялауға арналған программасы.3. Word – ты қалай іске қосамыз?А) Пуск - Microsoft Word;Б) Программы – Стандартные - Microsoft Word;В) Пуск – Программы - Microsoft Word.4. Word - тағы саймандар тақтасы – бұл...А)... басқа программалардағы секілді командалардың жиынтығы;Б)... Word орындай алатын іс әрекеттердің тізімі;В)... атқаратын қызметтеріне қарай топтастырылған батырмалар мен тізімдер жиыны.5. Қай пернені басқанда курсор оң жаққа қарай 8 орынға жылжиды?А) Tab;Б) Enter;В) Alt.
6. Кесте дегеніміз не?А) Қатар мен бағанада реттелген ақпаратӘ) Қатарлар тізіміБ) Бағаналар тізімі5. Кесте құру үшінА) Формат – Шекара және аймақтардың ішін бояуӘ) Кесте құру - КестеБ) Кесте – Кесте қосу6. Кестенің негізгі элементіА) кесте;Ә) ұяшық;Б) бағана7. Ұяшықтарды біріктіруА) Ұяшықтарды ерекшелейміз және Кесте – Ұяшықтарды біріктіруӘ) Өңдеу – Ұяшықтарды біріктіруді болдырмауБ) Ұяшықтарды біріктіруді болдырмауБ) TabҚызығушылықты ояту
Өз мектебімізді сипаттаңыз. Постер қорғау.
Мағынаны тану
Сабақтың негізгі бөлімі
Топтағы топ басшының қолына «бағалау парағын» беру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру.
6-сынып оқулығында «Тұсаукесер туралы жалпы мәлімет» тақырыбын оқыту.
Білім Ланд сайтынан жаңа тақырыпты түсіндіру. Оқушыларға қосымша жаңа мәліметтер беру, (бейне роликтер арқылы)
Оқушылар белсене қатысады.
Оқушылар екі топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады. Оқушылармен бірге табыс критерийлері анықталады.
Оқушылар бірін-бірі бақылап топта жұмыс жасайды.
Топтағы әрбір оқушы тақырыптың бөлімдерін оқып, өздері оқығаны туралы топқа түсіндіреді.
Өздерінің осы және келесі бірнеше сабақ бойы жұмыс істейтін тұсаукесер құру үшін тақырып таңдап. Осы тақырып боынша тұсаукер слайдтардың саны 7 кем болмайтын, келесі сабақтарда жалғастыратындай тұсаукесер құрып, сақтайды
Қорыту. Күтілетін нәтиже
Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау.
Венн диаграммасын құры
Сұрақтарға жауап береді.
Microsoft Word және Microsoft PowerPoint баддарламаларының айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажыратады.
Білім Ланд сайтынан тақырыпқа байланысты тапсырмалар мен онлайн тест жұмыстарын орындату.
Бағалау
Бақылайды, бағалайды.
Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды.
Бағалау критерийлері • Өз бетімен білім алуы • Дербес жұмыс жасауы • Жұпта жұмыс жасауы • Информатикалық білімі • Информатикалық терминді пайдалану 
Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды.
Үйге тапсырма
Үйге «Тұсаукесер туралы жалпы мәліметтер» тақырыбын оқып келу.
Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.
Рефлексия (2 мин.)
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз - бір тілек әдісін ұсыну.
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз - бір тілек әдісімен толтырады.