О?ылым да?дыларын дамыту?а арнал?ан м?тіндер.О?ылым бойынша тест с?ра?тары.
Оқылым
1-тапсырма. Мәтінді оқып, алдымен төмендегі кестеге берілген мәтін үзінділерінің ретін жазыңыз, содан соң мәтіннен кейінгі тест тапсырмаларын орындаңыз.
1 В
2 3 4 5 6 А) Мысалы, бұрын оқушы қыздар қызыл қоңыр түсті көйлектер мен фартук киіп, алмалы-салмалы жағалар тағынып жүрген.Үйлеріңізде әжелеріңіздің ескі суреттері сақталған болса,тағы да бір үңілулеріңізге әбден болады.
Ә) Кейінірек қыз балалар ақ көйлек пен қара белдемшелер,ұл балалар ақ көйлек пен қара шалбар киетін болды.
Б) 2006 жылдан бастап,бірыңғай мектеп формасына көшу туралы заң қабылданғаннан кейін, мектеп формасы бір жүйге келтірілді.
В) Оқушының оқушы екендігін білдіретін нышан ретінде арнайы мектеп формасы болады.
Г) Көйлектердің жеңі мен жағасы қарапайым ғана безендірілген және оны тағып жүру міндетті саналады.
Ғ) Кейінірек қыз балалар мереке күндері қызыл қоңыр түсті көйлектерімен ақ фартук тақса, қарапайым күндері қара фартук киіп, бастарына бантик байлап жүретін болды.
1. Бұл мәтін не туралы?
а) киім туралы
ә) мектеп формасы
б) ұлдардың киімі туралы
в) қыздардың көйлектері туралы
2. Оқушы қыздар бұрын қандай түсті көйлектер киген?
а) қара
ә) қызыл қоңыр
б) қоңыр
в) көк
3. Оқушы қыздар формаларына қандай жағалар тағынып жүрген?
а) ақ түсті жаға
ә) алмалы-салмалы
б) әдемі жаға
в) өзіне ыңғайлы
4. Оқушы қыздар мереке күндері қандай фартук таққан ?
а) ақ
ә) қара
б) қызыл қоңыр
в) қоңыр
5. Бірыңғай мектеп формасына көшу туралы заң қай жылы қабылданған?
а) 2003жылы
ә) 2001жылы
б) 2006 жылы
в) 2004 жылы
2-тапсырма. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Армысың, жас ұрпақ!
Өмір, шіркін, адам үшін бір жалт еткен сәуле екен, мен оны тоқсанға келгенде өз көзіммен көріп отырмын. Қол дірілдемеген, көз бұлдырамаған, кәрі жүрек шабысынан танбаған шақта аталарың батасын бермекші, қарақтарым, құлақ сал.
Адамның басшысы-ақыл, жетекшісі-талап, шолушысы-ой, сынаушысы-халық, қорғаушысы-сабыр, таусылмайтыны-арман, ең қымбаттысы-ар, барлығының ардақтысы-өмір. Өмір бір-ақ рет беріледі, жарқ етіп өте шығады. Сондықтан әр күніңді ардақта, әр мезетіңнің құнын біл. Дүниедегі ең қызық-сыйласу, ең қымбат-сыйласу, ең жақсы-сыйласу, ең тәтті де сыйласу, ұмытпа, ұмытпа.
Ал сау болыңдар, ұрпақтар. Менің сендерге деген махаббатым шексіз. Менің берген батамды мұра етіңдер. Мен сендерге тыныш өмір, үлкен бақыт тілеймін. Мерейлерің үстем болсын. Теңіз күрсінбесін, таулар сілкінбесін!
Қош!
Аталарың Ыбырай Жақаев.
6. Бұл cөздердің авторы Ы.Жақаев кім?
а) ғалым
ә) малшы
б) күрішші
в) жазушы
7. Автор өзінің жастарға үндеуін не деп атайды?
а) өлең
ә) бата
б) аманат
в) хат
8. Автордың негізгі ойы не туралы?
а) Өмірдің әр күнін, әр мезетін бағалай білу туралы
ә) Өзінің тоқсанға келгендігі туралы
б) Жастарға махаббаты шексіз екендігі туралы
в) Автордың бата бергісі келіп тұрғаны туралы
9.Ы.Жақаевтың ойынша, өмірдің мәні неде?
а) көңілді жүруде
ә) еңбек етуде
б) сыйласуда
в) іскерлікте
10. Мәтінге сай ойды табыңыз.
а) Өмір – бір сәт, ойна да күл!
ә) Адам ақыл–ойлы, арлы, сабырлы, арманшыл, талапты болуы керек.
б) Адамдардың бәрін сыйлау қажет емес.
в) Арсыз, талапсыз, армансыз адамдар да бақытты болады.