О?ылым да?дыларын дамыту?а арнал?ан м?тіндер.О?ылым бойынша тест с?ра?тары.


Оқылым
11-сынып
1-тапсырма. Мәтінді оқып, алдымен төмендегі кестеге берілген мәтін үзінділерінің ретін жазыңыз, содан соң мәтіннен кейінгі тест тапсырмаларын орындаңыз.
1 В
2 3 4 5 6 А) Тұрмысқа шықпаған бойжеткен барынша сәнді киінген.Камзолына сәнді ою-өрнек салынып, түрлі тастармен безендірілген.
Ә) Қазақ киімі аса шеберлікпен, әсемдікпен, талғаммен тігілген.Қыздар жазда тақия кисе,қыста бөрік киген.
Б) Шашына шашбау тағып, тақиясын үкімен әдемілеген.Қазақтың қызы биязылығымен, әдемілігімен көз тартатын болған.
В) Бұрыннан келе жатқан киім кию дәстүрі қазірге дейін жетті десек те болады.Қазақтарда қыз-келіншектердің киімі алуан түрлі болған. Бас киімнің өзі бойжеткеннің, келіншектің, әйелдің жасына қарай өзгеріп отырған.
Г) Келін болған кезде басына орамал салады.Қыздар мен келіншектердің ең сәнді киімдерінің бірі қосетек көйлек болған.
Ғ) Көйлектердің жеңі мен жағасы қарапайым ғана безендірілген және оны тағып жүру міндетті саналады.
1. Бұл мәтін не туралы?
а) қазақ қыздарының ұлттық киімдері туралы
ә) ұлдардың ұлттық киімдері туралы
б) ұлдардың киімі туралы
в) қыздардың көйлектері туралы
2. Қыз-келіншектердің киімдері қандай болған?
а) әдемі
ә) қызыл түсті
б) алуан түрлі
в) ұзын етекті
3.Бас киімнің өзі қалай өзгеріп отырған ?
а) бойжеткеннің
ә) келіншектің
б) әйелдің
в) бойжеткеннің, келіншектің, әйелдің жасына қарай
4. Қыздар жазда бастарына не киген ?
а) бөрік
ә) жаулық таққан
б) тақия
в) тымақ
5. Қазақтың қызы несімен көз тартатын болған?
а) әдемілігімен
ә) салмақты мінезімен
б) мейірімділігімен
в) сыпайлығымен
2-тапсырма. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Құмырсқа
Бір құмырсқа өз илеуінен бөлініп, ара, қоңызбен дос болыпты. Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп, қозғалта алмапты. Енді көмек сұрау үшін достарын іздейді. Гүлден гүлге ұшып-қонып жүрген араға жолығып:
- Досым, маған көмектесіп жіберші, - деп өтініпті.
- Көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой! – деп көнбепті ара. Енді құмырсқа қоңыздан көмек сұрапты:
- Сен үшін өз жұмысымды тастай алмаймын! – деп, қоңыз да кете барады. Екі досынан көмек болмаған құмырсқа ренжіп келе жатса, алдынан өзінің ұялас достары кездесіпті. Олар мұның түрін көріп: Не істеп жүрсің? – деп сұрапты. Құмырсқа өз басынан кешкенін айтады. Достары көмектеседі де, дәнді бірігіп көтеріп алып кетеді. Құмырсқа қайта үйіріне қосылады. «Жаңа достың қадірі ескі достай бола алмас» деген сөз содан қалыпты.
Мәтінге байланысты тест тапсырмалары:
 6. Құмырсқа қандай қателік жасады?
а) достарын сатып кетті
ә) ескі достарымен бірге болды
б) үйінен алысқа кетіп қалды
в) жазда дән жинамады
7. Мәтінде қандай антонимдер бар?
а) қоңыз, ара
ә) жаңа, ескі
б) көмек, жұмыс
в) сұрау, айту
8. Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.
а) Нағыз дос дұшпан болмас
ә) Өмірдің өзі — ұлы ұстаз.
б) Күлме досыңа, келер басыңа.
в) Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы. 
9. Нағыз дос қандай сөздерді айтпайды?
а) Бірге көтерген жүк жеңіл.
ә) Сен үшін өз жұмысымды тастай алмаймын!
б) Бір–бірімізге көмектеспесек, қалайша дос боламыз?
в) Жолдасын тастаған жолда қалар.
10. «құмырсқа» сөзін қай топқа қосуға болады?
а) құстар
ә) балықтар
б) жәндіктер
в) аңдар