«О?ыту мен о?уда?ы формативті ба?алауды? т?сілдері ар?ылы о?ушыларды? белсенділігін арттыру» Шебер сынып жоспары


4444365-196215 Буркитбаева Балғайша Сайпеновна
Бастауыш сынып мұғалімі
Екібастұз қаласы
С.Торайғыров атындағы №22 гимназия
«Оқыту мен оқудағы формативті бағалаудың тәсілдері арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру» тақырыбындағы
шебер сыныптың жоспары
Мақсаты: Оқушылардың білімге деген ынтасын арттырудағы формативті бағалауды білім жүйесіне жүйелі түрде енгізу.
Міндеті:
формативті бағалаудың күнделікті сабақта пайдалану арқылы  оқу үрдісін жақсарту, оқушыларды оқытуға жетелеу;
оқушылардың өзін-өзін бағалауын және өзіне деген сенімділігін арттыруға көмектесу;
мұғалімдерге оқыту үшін бағалаудың мәні мен маңыздылығын ұғындыру;
Формативті бағалаудың тиімді тәсілдерін, стратегияларын қарастырып, қолдану.
Нәтиже:
Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады
Оқушы өзін -өзі дұрыс бағалауды үйренеді.
Мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнайды.
Оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Рефлексияда қатысу, өзін және өзінің сыныптастарын  бағалай алады.

Құрал-жабдықтар: презентация, А4 қағазы, Стикерлер, кері байланыс парағы.
Уақыты: 30.01.2015ж.
Шебер сыныптың өткізілу барысы:
І.«Тамаша екен!» тренингі
Тыңдаушылар өздерін бір жеміске –жидекке теңеп айтады.
-мен алмамын;
-мен алмұрттын;
-мен шиемін........,т.с.с.
Және әр қайсысы өзін теңеген жеміс –жидекті жұбына айтып болғаннан кейін, жұбы тамаша екен деп бас бармағын көрсетіп қолдарын көтеріп баға береді.
Тренинг өткізуші «Өте жақсы!» деп барлығына баға береді. Бұл тренинг қатысушылардың көңіл-күйін көтеріп, алдағы жұмысқа жақсы көңіл-күй сыйлайды.
І. Таныстырылым: 1-слайд
1.Тақырып, мақсат, міндеттеріммен таныстыру.
2.«Формативті бағалау»- түсінік беру.
ІІ.Таныстырылым: 2-слайд
1.Формативті бағалауды өз әс-тәжірибемде қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген белсенділіктерін арттыру жолдарын ұйымдастыру (іс-тәжірибеммен бөлісу).
2. Жетістіктер, басылымдар
ІІІ. Таныстырылым: 3-слайд
-оқу үрдісінде білім нәтижесін бағалауда жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу;
-мұғалімдерге бағалаудың жаңа әдістерін қолдану біліктіліктерін арттыру мақсатында коучинг, тәлімгерлік жүргізу нәтижесі.
ІҮ. Таныстырылым: 4-слайд
1. Желілік қоғамдастық аясында формативті бағалаудың әдіс-тәсілдерін игерту арқылы негізгі құзіреттілікті жетілдіру (қала көлеміндегі іс-тәжірибеммен бөлісу ).
2. Формативті бағалаудың мұғалім және оқушы үшін тиімділігі,күтілетін нәтижесіне арналған таратпа .
ІҮ.Күтілетін нәтижелер
Мұғалімдерден
-Формативті бағалауды тәжірибеде қолдануды үйренеді;
-Тізбектелген сабақтар топтамасына жоспар жасауды үйренеді;
Жеті модулді сабағына ықпалдастыуды үйренеді.
Оқушылардан
Өзін-өзі , өзара, топпен бағалауға үйренеді;
Өз біліміне сыни көзбен қарауға үйренеді;
Жұппен, топта ынтымақтастықта қарым-қатынас жасауға үйренеді;
Өз пікірін ашық айта алатын болады
Ү.Формативті бағалауға байланысты топпен жұмыс ұйымдастыру.

ҮІ. Кері байланыс
«30»_01._2015ж
Қатысушының аты- жөні
Маған не ұнады? Менің қосарым...
Іс-тәжірибемде қолданамын Менің тілегім Мұғалімдерге арналған таратпа
Формативтік (қалыптастырушы) бағалау – оқу үдерісіне өзгеріс енгізу мақсатында оқушылардың алға ілгерілеуін бағалау. 
Формативті бағалаудың ерекшеліктері - оқушының күнделікті білім сапасы;  білім алудағы олқылықтарды күнделікті түзеу;  «5» балдық бағалау жүйесінің жақсы қасиеттерін сақтау; оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою; оқушының бағалаудан алған  эмоционалды негативінің азаюы, психологиялық жайлы ортаның болуы; бағалаудың объективтілігі, анықтылығы және ашықтығы; өзін-өзі бағалау  дағдылары.
Формативті бағалаудың маңызды компоненттерінің бірі - кері байланыс әрекеті. 
Кері байланыс мұғалімдерге біріншіден, оқытудағы кемшіліктерді анықтауға; екіншіден келесі сабақтар тізбесінде өзгерістер енгізуге, яғни оытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануға; уақытты тиімді пайданауға мүмкіндік береді.
Формативті бағалау мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Формативтік бағалау екі жолмен жүзеге асырылады:
1.Холистік бағалау сызбасы – оқу үдерісінің мақсаттары бойынша анықталған қабілеттерді жеке- жеке бағалау арқылы оқушының даму деңгейін қысқа  мерзімде және жалпы түрде бағалау.
2.Аналитикалық бағалау – оқушылар үшін көзделген нақты қабілеттерді белгілі бір ұзақ мерзім ішінде біртіндеп бақылап отыру және бағалау.
Формативті бағалаудың  әдістері
«Қысқа да нұсқа»  әдісі.
Сұрақтарға жауап беру:
Бүгін не білдіңіз?
Қандай сұрақ есіңізде қалды?
Қиын  және түсініксіз болғаны не?
«Сөйлемді жалғастыр»  әдісі.
Менің көбірек білгенім....
Таңқалғаным...
Менің сезгенім...
Менің ол туралы ойым...
«Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі.
Курс тыңдаушылары екі шеңберде қарсы тұрып, бір-біріне сұрақ қояды, жауап алады. Мұнда жауап бере алмаған, әрине, неліктен жауап бере алмағанына ойланады«Өз-өзін бағалау» әдісі.
Курс тыңдаушысы  өзін бағалауға суретті таңдап, түсініктеме береді.
 «Қошемет» әдісі.
Егер мұғалімнің баяндауы сауатты, тартымды, түсінікті болатын болса, тыңдаушылар қошеметтейді.
«Жеке кеңес» әдісі
Ойландыруға міндет етті...
Бүгін  жаңадан білгенім....
 Есте сақтау керек.....
 Ол туралы әлі білу керек....
Формативті бағалау тәсілдері:
-бақылау;
-оқушылардың ауызша жауаптары;
-оқушылардың жазбаша жауаптары;
-тестілік тапсырмалар.