?аза?станны? елордасы та?ырыбы бойынша саба? жоспары


Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның елордасы..
Сабақтың мақсаты:
1) Елорда туралы түсініктерін кеңейту, мәтінмен жұмыс жасай отыра, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру,
2) Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін кеңейту, сөздік қорын молайту, сауатты оқу дағдысын күшейту, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
3) Өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімдерін ояту, бір–біріне деген сыйластық қарым-қатынастарын қалыптастыру;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, тақырыпқа қатысты сюжетті суреттер.
Сабақтың барысы:
I .Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.
ә) Психологиялық ахуал.
б) Топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
-Балалар,бүгінгі сабағымыз ерекше, ол-саяхат сабағы . Елордамызға саяхатқа шығамыз.
-Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не болуы керек?
-Карта.
-Дұрыс айтасыңдар, ендеше мен сендерге қазір саяхат картасын таратып беремін.
Әр топ жетекшілері алдарындағы бағалау парағына топ мүшелерінің жауаптарын бағалап отырады.
Саяхат картасы
3.Пирамида
2. Бәйтерек4.Ақ Орда
1. Вокзал 5. «Думан»
6. «Хан шатыры»
1-аялдама. Сөздік алқабы.
ғимарат- здание.
аялдама-остановка.
көрікті-красивий.
жаға-берег.
Орталық - центр.
ойын-сауық орталығы - развлекательный центр.
2-аялдама. «Бәйтерек»
1. Мәлімет беру.
Астана қаласының сол жағалауында «Бәйтерек» монументі орналасқан. Мұнда Өмір ағашы - Бәйтеректің көк аспанға қарай самғауы көрініс тапқан. Бәйтерек ғимаратының биіктігі-97 метр. «Бәйтерек» монументі кешенін салу идеясының авторы- Қ.Р Президенті Н.Ә.Назарбаев.
2. Тапсырма
Мәтіннен жалғау жалғанған сөздерді теріп жаз.
3-аялдама «Пирамида»
Бейбітшілік пен келісім сарайы 2006 жылы көрнекті британдық сәулетші Норман Фостер салған ерекше пирамида. Оның биіктігі 62 метр. Пирамиданың табанында 1,5 мың орынға арналған опера залы, жоғары бөлігінде ғимараттың негізгі бөлмесі бар. Онда Қазақстан ассамблеясының кеңселері, мұражайлар, көрме залдары орналасқан.
Тапсырма
*Әр топ мәтін бойынша сұрақтар әзірлеп, сандықшаға салады.
*Кезекпен сандықшадағы сұраққа жауап береді.
Сергіту сәті
4-аялдама.
«Ақ Орда»
«Ақ Орда» Қ.Р Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Ғимарат ауданы 36 720 ш.м құрайды.Резиденция жанында ҚР Парламенті, ҚР Үкімет үйі, ҚР жоғары соты, ҚР министрліктер үйі орналасқан.
Тапсырма
Ғимарат, өзен сөздерін фонетикалық талдау жаса..
5- аялдама «Думан»
«Думан» ойын-сауық орталағы Елорданың сол жағалауында салынған. 3д кинотеатры, «Джунгли» аттракционы,боулинг, көпфункционалдық зал мен қонақ үй кешені, сонымен қатар сауда залдары, балаларға арналған ойын алаңдары бар. «Думан» ересектердің де,балалардың да сүйікті демалыс орны.
Тапсырма
«Ойлан, тап!» - оқыта үйрету ойыны.
6-аялдама «Хан шатыры»
Бейбітшілік және келісім сарайының желісін жалғастыратын сауда және ойын-сауық орталығы. 200 дей мертлік кешен қаланың зәулім доминантына айналды. Оның қаңқасы ұсақ тордан құралған зәулім шатыр ішінде ауданы 100 шаршы метр қалалық саябақ, дүкендер, кино театрлар, концерт алаңы бар. Астана тұрғындары өздерінің бос уақыттарын осы жерде өткізе алады.
Тапсырма
Берілген сөздерді құрамына қарай талдау.
Сарайының, уақыттары, өздерінің, тұрғындарды.
-Балалар, осымен саяхатымыз аяқталды.
-Саяхат сендерге ұнады ма?
-Олай болса, бүгінгі сабағымыздың қорытынды кезеңіне де,келіп жеттік.
Сабақты бекіту.
« Cиқырлы сандық» . Берілген сандарды таңдап,жасырынған сұрақтарға жауап беру.
1 2 3 4 5 6 7
160147027940
1. Есіл өзенінің жағалауында орналасқан әсем қала?
2. Астанадағы ойын-сауық орталықтарын ата.
3. Бәйтеректің ұзындығы қанша?
4. Қ.Р тұңғыш президенті кім?
5. Биыл Қазақстанның Тәуелсіздігіне неше жыл ?
6. Бір сөзбен ата.
Әнұран, елтаңба, ту.
7. Әнұранның авторларын ата.
Рефлексия: Тақтаға алма ағашының суреті салынады немесе макеті ілінеді.
Оқушыларға қызыл, жасыл түсті алма бейнесіндегі желім қағаздар таратылып
беріледі. Егер сабақ ұнаса, қызыл алманы алма ағашына жабыс тырады, ұнамаса
жасыл алманы жабыстырады.
Бағалау: Топ басшылары бағалайды.
Бағалау парағы.
Аты-жөні Үй тапсырмасы 1-аялдама 2-аялдама 3-аялдама 4-аялдама 5-аялдама 6-аялдама Сиқырлы сандық
Үй тапсырмасы: