Сынал?ан досты?, ?аза? тілім — айбыным, ?аза?стан — Отаным ?ле?дері (м??алімі Балауса Оршибекова, Т.Кенжебаев атында?ы орта мектебі)




Жақсылық Жуасбай - атына сай шәкірт. Озат оқиды. 7- сыныптың көшбасшысы. Көп оқиды. Кез- келген тақырыпты өзінше өлеңмен өруге тырысады. Ойы көркем, ұйқасы мазмұнына сай екенін бірден байқауға болады. Сондықтан бірнеше өлеңдерін сіздерге жолдап отырмын.
Балауса Оршибекова
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Т.Кенжебаев атындағы орта мектеп
Шелек ауылы
Еңбекшіқазақ ауданы
Сыналған достық
Жан дос болу- жігіттерге үлкен сын,
Сырын достың талай іште бүргенсің.
Кейде доспын десе саған сыныптас
Жан досыңа елге еріп күлгенсің.
Бірақ достық сыналады осылай,
Сынға түскем тіл де тиіп сынадай.
Енді бүгін достығымыз мызғымас,
Жүрсін деймін досы жоқтар сынамай.
Қазақ тілім - айбыным
Қазақ тілім - көкіректегі үнімсің,
Сарайымнан өрілетін жырымсың.
Бар асылын тірлігімнің ұқтырған,
Ел үшін сен, мен үшін сен - ұлысың.
Бастан кештің қиындықты қаншама
Айбынды тіл деп айталам жар сала.
Намыс, жігер - толып жатқан қасиет
Дарығанын айта берем тамсана.
Сенен ұқтым замандардың зарын да,
Шақ қалғансың сонда тіпті құруға.
Арыстарым құрбан болды сен үшін,
Бас иеміз бүгін баба рухына.
Қазақстан - Отаным
Туыстарым, туған үйім мен үшін,
«Отан» деген - жылы ұям , кенішім.
Қарт әжемді , тіпті кейде бейтаныс,
Сыйғызамын осы сөзге , ел ішін.
Туған жер деп соғатытынын жүректің,
Сезген кезде шынайы бір дір еттім.
Ой- санамда қайнап жатқан сезімді,
Арнау етіп, Отаныма жыр еттім.
Жер жаннаты – Жетісуым керемет,
Көктемменен жамылады жер желек.
Қозы – лақпен түкті кілем үстінде,
Балалықпен мен де жүрем еркелеп.
Тамсанамын туған жердің көркіне,
Сені бізге ырыс-құт қып берді ме?!
Қазақстан - ұрпақтарға арман боп
Жеткен елсің , Тәуелсіздік сертіне!