Баяндама Есту м?мкіндігі шектелген балалар?а ?аза? тілін о?ытуда жа?а технологияларды ?олдануды? тиімді жолдары


Есту мүмкіндігі шектелген балаларға қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды қолданудың тиімді жолдары
Айтқалиева Б.Е..
Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп- интернат-колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Есту мүмкіндігі шектелген балалардың сөйлеу тілін, есту қабілетін дамытып, сөздерді дұрыс байланыстырып айтуын қадағалап отыру көп еңбекті қажет ететіні белгілі. Сондықтан да уақыт талабына сай жаңаша оқытудың түрліше әдіс- тәсілдерін арнайы мектепке бейімдеп пайдалану керектігі осы күнгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Соған байланысты мен өзімнің көп жылдық еңбегімнің нәтижесін жинақтап, « Деңгейлік тапсырмаларды оқыту үрдісінде пайдалану» әдістемелік көмекші құралымды шығардым.
Бұл әдістемелік көмекші құралды жазбай тұрып, өзімнің алға қойған мақсатым бойынша көп ізденіп, оқытудың жаңа технологиясы Педагогика ғылымының докторы, профессор Жауынбай Амантұрлыұлы Қараевтың « Деңгейлеп-саралап оқыту жүйесі» туралы іліміне сүйеніп, өзім сабақ беріп келе жатқан сыныптардағы ашық сабақтың үлгілерін, тапсырмалар жүйесін жинақтадым.
Ж.Қараевтың айтуынша оқу тапсырмалары осы 4 деңгейге арналып жасалынуы керек. Әр оқушы өзінің даму деңгейіне сәйкес тапсырмаларды орындай отырып, 4 деңгейдің біреуінде қалады. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында әр оқушының даму ерекшелігіне сай білім беру- оқушыда дамымайтын қабілетті қинамау, әр деңгейге сай тапсырмалар жүйесін жасай отырып,оқушылардың даму жолын белгілеу.
Деңгейлеп- саралап оқыту технологиясының мақсаты:
барлық оқушыға стандарт деңгейде білім беру;
әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейде оқыту;
балалардың қазақ тілі пәніне қызығушылығын туғызу;
қабілетті балаларды анықтау;
Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен, қол жеткізер мақсаттармен ерекшеленеді.Ал сол әдіс- тәсілдерді іріктеп алуда халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсыновтың « Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніп, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек» деген пікіріне сүйенгеніміз жөн деп ойлаймын.
Деңгейлеп- саралап оқыту - оқушылардың бір сыныпта, бір бағдарлама және бір оқулықпен оқу материалын түрлі деңгейде меңгеруі.
Мақсатым- өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Деңгейлік тапсырмалар негізінде оқушылардың сөйлеу тілін дамытудың тиімді жолдарын анықтау. Бұл технология, біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлау, еске сақтау қабілеттерін, ынтасын, белсендігін, білім сапасын дамытуға көмектеседі.Әр оқушының мемлекеттік деңгей алуына кепілдік береді.Деңгейлік оқыту жүйесінің сапасын арттыруда оның тиімді жақтары көп.Біріншіден, сыныптағы оқушыларды жұмыспен қамтамасыз етеді, әрбір оқушының белсенді түрде қатысуын қадағалайды, белсенділігін оятуға түрткі болады.Екіншіден, өз бетімен жұмыс істеу оқушылардың біліміне ғана әсер етпейді, сонымен қатар тәртібі мен мінез- құлқына да тигізер ықпалы зор.Оқушыларды тинақтылыққа, бастаған ісін жемісті аяқтауға, төзімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді.Сонымен бірге, өз бетімен жұмыс істеу оқушы бойындағы жауапкершілікті оятады.
Деңгейлеп- саралап оқыту технологиясының тиімділігі сол, ол оқушылардың орындаған деңгейлік тапсырмалары арқылы олардың оқудағы жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Яғни, мұғалім қажетті білімнің оқушы үшін қай жері қиын болғанын анықтап, қосымша тапсырмалар арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыруға мүмкіндік алады.Деңгейлеп- саралап оқыту технологиясы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырады.Оқушы алдына мақсат қоюға жетелейді. Жаңадан алған ақпараттарын бұрынғы білімдерімен ұштастырып, өз ойын айтуға дағдыландырады. Деңгейлік тапсырмалар оның жаңа тақырып бойынша меңгерген білімдерін өз бетімен жетілдіріп, біліктілігі мен дағдысын дамытуға арналады.Бұл тапсырмалар осы тақырыпты меңгеруге бөлінген уақытқа толық сиятындай шамадағы материалдарды қамтиды. Тапсырмаларды оңайдан қиынға қарай күрделендіру арқылы оқушылардың пәнге қызығуын, бір деңгейден екінші деңгейдегі тапсырманы орындауға ұмтылуын қалыптастыруды мақсат етіледі.
Мен өз тәжірибемнен осы жаңа технология негізінде құрған бір сабағымдағы деңгейлік тапсырмаларды көрсетіп кетейін.Бұл тапсырмалар жүйесі арнаулы мектепте қазақ тілін оқыту бағдарламасына сәйкес құрастырылды.Біздің оқушыларымыздың ерекшелігіне сай бір сынып төмен оқитын болғандықтан, тапсырмалар жүйесі 4 сынып оқулығындағы тақырыптар бойынша топтастырылды. Міндетті үш деңгейлік тапсырмалар әр тақырыпқа құрастырылып, төртінші шығармашылық деңгейге тіл дамыту сабағында өтетін тақырыптарымен байланыстырылып отырды.
Деңгейлік тапсырмалар
Зат есімнің септелуі
І деңгей: Сөздерге септік жалғауларын қойып жазыңдар
Мектеп, үй, орындық, кітап, ағаш, өріс, әжесі
ІІ деңгей: Сөздерден сөйлем құрастыр.Зат есімнің қай септікте тұрғанын сөздің үстіне жазыңдар
Мектепке, оқушылар, барды,күзде. Қызыл, Зәуренің, бар,көйлегі. Жинады, балалар, ағаштан,алма
ІІІ деңгей: Төмендегі сөздерді септеңдер
А.с кім? Оқушы не? бөлме

ІV деңгей: Суретке қарап отырып « Отбасы» тақырыбында әңгіме жазыңдар
Керекті сөздер: отбасымыз шағын, көмектесу,ауылдағы ата-әжесі, үй-ішін жинастыру,әрдайым, отбасындағы адамдар, олардың жұмыстары, кәсібі, үй шаруашылығы, жан
Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі.Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен жұмысты орындауға бейімділігі бақыланады. Есту мүмкіндігі шектелген оқушылардың сөздік қоры жеткіліксіз, олар өздерінің ойларын жеткізуі қиынға соғады, соған қарай әр оқушының өз қабілетіне байланысты топ- топқа бөліп, берілетін тапсырмаларды баланың даму ерекшелігіне қарай ұйымдастырып отырамын. Оқушының ой- өрісін дамыту арқылы олардың сөздік қорларын молайту, сабаққа деген ынтасын арттыру барысында көптеген әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың білімдерін тереңдетуде түрлі жұмыстар жүргізіп келемін.
Қазіргі заман талабы- оқытудың жаңа технологияларын меңгеру екендігі бәрімізге белгілі. Бір технологияны сабақта қолдану мүмкін емес.Әр түрлі технологияның әдіс- тәсілдерін барлық әріптестерім қолданып және оның тиімді жолдарын қарастыруда.Оқытудың жаңа технологияларының бірі- ақпараттық технология.Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді.Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру,білім беру үрдісінің тиімді тәсілдері іздестірілуде.Оқу процесінде компьютерді тиімді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң нәтиже беріп отыр.Интерактивті тақта арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы,танымдық дүниелерінің дамуына мүмкіндіктер жасалады.Ақпараттық технология арқасында әрбір оқушының тек дәстүрлі ақпарат көздерінен ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі емес ақпарат көздерімен жұмыс істеу мүмкіндіктері бар.Интерактивті тақтамен сабақ өткізу оқушылардың белсенділігін арттырады,оларды ынталандырады,теориялық білімін практикада қолдануына үйретеді,пәнге деген қызығуын арттырады.
Қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құндылықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін,қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру үшін мұғалімнің кәсіби деңгейінің өсуіне жағдай туғызу керек екені белгілі.Жас ұрпақтың дарыны мен талантын ашу, шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіру, олардың өзіне деген сенімін нығайту, бір сөзбен айтқанда, өмірде өз жолын өзі таңдауына түрткі болу- ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы абройлы борышы.
Ал есту мүмкіндігі шектелген балалардың топтық және жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып, сабақ үстінде жекелеген тапсырмалар мен көмек түрлерін пайдалануда сыныпта шығармашылық жағдай жасауға мүмкіндік туғызылады.Өткені, әрбір оқушы өзіндік мүмкіндігіне қарай нақтылы және қызықты жұмыс орындайды.Мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан балалар өз бетінше ізденуге,шығармашылықпен айналысуға,ынталанып,белсенді болуға,өзара көмек беруге дағдыланып келеді.Оқушылардың бойындағы қабілеттерді шыңдап,олардың сабаққа белсенді қатысуларына қадағалап отырамын.Әрине барлық оқушы бір деңгейде қабілетті емес,олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып,қарым-қатынас жасауға тырысамын.
Арнаулы мектеп мұғалімдерінің басты міндеттері- есту мүмкіндігі шектелген оқушылардың қоғамда өз орнын табуына мүмкіндік туғызу болып табылады.Есту мүмкіндігі шектелген оқушылардың сөздік қоры жеткіліксіз,сөйлеу мүмкіндігі шектеулі болады.Сөздерді байланысқа түсіріп айта алмайды.Бұл оқу үрдісіндегі ең күрделі мәселе болып отыр.Бірақ соған қарамастан біз олардың қалдық есту қабілеттерін дамыта отырып,ауызекі сөйлеу және жазу тілін қалыптастыру,дыбыстардың дұрыс әрі оның түсінікті айтылуын үйрету,сөздерді байланыстыра айта білу дәрежесінде түрлі жұмыстар ұйымдастырамыз.Әрине бұл жұмыстарды қазіргі жаңа технология элементтерімен байланыстыра отырып,сабақ өткізу барысында оқушыларға сапалы білім,саналы тәрбие беру үшін әдістердің тиімді жақтарын пайдалана білуіміз керек.Сондықтан өзім сабақ беретін сыныптарда қазіргі заманауи техникалық құралдарды пайдалануда пәнді өзіндік тың ізденістермен толықтыруға талпынып келемін. Оқушылар интерактивті тақтаны өте тиімді пайдалана алады. Компьютерде,интерактивті тақтада актив студияны пайдалана отырып түрлі ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар өткізіліп отырылады.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
оқушылардың белсенділігі,пәнге деген қызығушылығы артады;
өз бетімен іздену қабілеттері артып отырады;
қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігіне ие болады;
қашықтықтан білім алу мүмкіндігі туындайды;
білім- білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруге мүмкіндік алады;
оқушылардың ауызша,жазбаша байланыстырып сөйлеу тілдері,сөздік қорлары, танымдық ой- өрісінің дамуына мүмкіндіктер жасалады.
Мұғалім оқушыны әрқашан дербес болуға дағдыландырады да, кейін олар өз беттерінше жұмыс істеуге әдеттенеді.Әрбір мұғалім өз сабағын ізденіспен, шығармашылықпен жұмыс істей отырып өткізсе, оқушының білімге деген құштарлығы артары сөзсіз.