Открытый урок по технологий на тему Бисквит ?амырын дайындау


Бисквит қамырын дайындау және безендіру
Бағалау критерилері : 1. Қаүіпсіздік ережесін ұстанады
2. Бисквит дайындау тәсілін біледі,пісіреді
  3. Безендіруде шығармашылық танытады
 
Сабақтың түрі : аралас
 
Сабақтың әдісі :  түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.
 
Сабақтық көрнекілігі :  Дайын пирог , бисквит түрлері .
 
Пәнаралық байланыс :  бейнелеу өнері, биология.
Күтілетін нәтиже : -Топтың жұптық жұмыс,жұмыс жасап үйренеді

-Пікірін ашық , еркін жеткізеді
-Сыни көзқарас пайда болады
- Тағамдарды безендіруді үйренеді
Құрал – жабдықтар : тоқ пеш,миксер,ыдыс – аяқтар, азық түліктер
Дереккөздер : Кондитер өнімдерінің суреттері АКТ, интербелсенді тақта.
Тапсырмалар :
1.жұптық жұмыс
2. оқушылар мен сұхбат
3.Сарамандық жұмыс
4.тест
5. Өзін – өзі бағалау

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі
Бірінші мен амандасамын
1. Сәлеметсіздерме қонақтар және оқушылар сәлемдесемін.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударамын
Енді оқушылар ортаға шығып ,шаттық щеңберін құрамыз (жүректен-жүрекке бір-бірімізге жылы сөздер айтамыз)

« Күн шуағы »

Қол үстасып бәріміз,
Жылылықты сезейік
Шуақ шашқан күндей боп
Сабаққа біз кірсейік
Енді, оқушылар біз казір топқа бөлінеміз мен әртүрлі түсті шар лақтырамын
(шар арқылы ойын) сендер осылайша топқа бөлінесіндер.
Оқушыларды топқа бөлу
Топ ережесі:
1.Тыныштық сақтаймыз
2.Бір – бірімізді тыңдаймыз
3.Уақытты үнемдейміз
Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы *Бисквит қамырын дайындау және безендіру*
Бисквит қамыры деп — жұмыртқаға қант қосып, көлемін2-3 есе арттыра көпіртіп, ұнмен араластырған қамырды айтады.Жұмыртқа мен қантты арнайы құрылғымен (металл былғауышпен немесе миксермен) мөлшері бірнеше есе үлкейгенше бірнеше минут әбден көпіршітеді. Бұлғау кезінде масса құрамында көптеген ауа көпіршіктері пайда болуы арқасында көлемі артады.(Жұмыртқа мен қант араластырған ыдыс пен бұлғауыш таза жуылған болуы керек,ешқандай майдың қалдығы болмауы қажет.) Содан кейін 2-3 рет бөліп еленген ұн қосады.Қамыр сұйық консистенциялы болады.Сұйық қамырды май сіңген пергамент қағазы төселген қаңылтыр табаға құяды.Қант, жұмыртқа қоспасын жылдам көпсіту және жедел қамыр илеу бисквиттік қамырдың дайындалу технологиясының ерекшелігі болып табылады.Дайын қамырды бірден қалыпқа құйып пісіреді.
Бисквиттік қамырды 200 – 220 С температурада пісіреді.Бұдан жоғары температурада бисквит бетінде қабыршық пайда болады.Қабыршық ылғалдың шығуын тежейді ,нәтижесінде жеткілікті піспей күйіп кетеді.Мұндай бисквит салқындағаннан кейін шөгіп қатты болып қалады.Сондай – ақ алғашқы 10-15 мин-та қаңылтыр пешке салынған формадағы бисквиттік қамырды қозғауға,бірден сілкуге болмайды, мұндай жағдайда бисквит шөгіп, тығыздалып қалады.Өнімнің піскен – піспегенін ағаш инемен шаншып көріп, анықтайды.Егер ине құрғақ болып шықса,онда бисквит дайын.
Піскен бисквитті формадан оңай алу үшін, қамырды формаға құймастан бұрын қалыпты мұқият майлау немесе ұн себу керек, я болмаса арнайы қағаз (калька) төсеу қажет.Қағаз бисквиттік сындырып алмай формадан алуға көмектеседі.Қағаз бисквиттен оңай ажырауы үшін оны бірнеше минут дымқыл шүберектің үстіне қою керек (майлық,сүлгі).
Бисквит пісіру үшін әртүрлі пішіндегі форманы пайдалануға болады: дөңгелек,сопақ,әртүрлі фигуралар,тік бұрыштар.
Бисквит жеңіл,жұмсақ,қампиған,нәзік құрылымды болумен және тегіс жұқа қабығымен сипатталады.Бисквиттік қамырдан торт,пирожный,орамалар дайындалады.Бисквиттік қамырды дайындау өте оңай.Бисквиттік қамырды басқа азық – түліктер қосып түрлендіруге де болады: кремдер,көпсітілген қаймақ,глазурь,балауса жеміс – жидектер,жаңғақ,джем,тосап,т.б.
Оқушылар сарамандық жұмыс бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсірейік.
1.Біз қандай құралдармен жұмыс жасаймыз? (Тоқ пеш ,миксер)
Қолын суланған болса,еш уаққытта электр өшіргішке,розетқаға,электр аспаптарға жақындама
2. ПЫШАҚТЫ ҚАЛАЙ ҮСЫНАМЫЗ?
( ҮШКІР ЖАҒЫН ӨЗІМЕ ҚАРАТАМЫН )
3. Ыстық заттармен жұмыс орындағанда қандай жеке қорғану құралдармен қолданасындар? (қолғап, ұстағыш,)
4. Күйіктен зардап шеккен жағдайда қандай алғаш көмек көрсету қажет? (залалсыздандырылыған танғыш тарту және дәрігерге қарату)
5.Қандай санитарлық жеке қорғаныс білесіндер? (алжапқыш,бас киім ,тырнақ қысқа болу керек)
Сарамандық жұмыс
Жұмыстың мақсатты: бисквит қамырын дайындау, уйрену
Қажетті құрал – жабдықтар: елеуіш,өлшеуіш стақан,кастрөл,ас қасықтар,тостақтар,тортқа арналған алмалы – салмалы жақтауы бар қалыптар,пышақтар,бұлғауыш немесе араластырғыш, пергаментті қағаз.
Азық – түліктер : қамыр үшін – 1стақан ұн , 1стақан қант,6 жұмыртқа.
Жұмыстың орындалу тәртібі.
1.Жұмыртқа мен құмшекерді араластырып, көлемі бірнеше есе үлкейгенше көпсітеді..
2. Еленген ұнды қосып,сүйық консистенциялы қамыр алады.
3.Май сіңген пергамент қағазы төселген қанылтыр табаға сүйық қамырды құяды .
4.200-220 С температурада пісіреді.
БИСКВИТТІК ҚАМЫРДЫҢ САПАСЫН ТЕКСЕРУ
Бисквиттік қамыр көтеріңкі,қампиған нәзік консистенцялы,ашық сары реңкті болуы керек.Піскен бисквиттің беті тегіс ,үстінгі қабығы жылтыр сарғыш түсті болады.Бисквиттің ортасы кеуекті,былқылдақ ,қампиған болуы қажет.Үстінен басқанда оңай сығылады да содан кейін тез қалпына келеді.

Сергіту Сұрақ
1 Нан мен майдан жасалатын тісбасар (закуска)?
2 Кофенің Отаны?
3 Макарон өнімдерінің Отаны?
4 Шайдың Отаны?
5 Бұл ауыр ұзақ уақыт толық қүнды тамақтанбаудан, тамақ құрамында тиісті дәрумендер болмауының нәтижесінде болатын ауру?
6 Көкөністерден жасалатын суық тағам?
4. Сабақтың қорытындылау
Оқушыларға сұрақ қоямын.Біз бисквит қамырының құрылымы мен жасалу жолдары туралы не білеміз?
1)Бисквит қамырының негізі неде?
2)Бисквит қамырына қандай ұн пайдаланады?
3)Лимон бисквит қамырына не үшін қослады?
4)Қолдын алдын – ала қағаз не үшін төселеді?
А. Әр топ еңбектерін қорғайды.
1 топ 2топ
Б. Кондитерлік тағамдарды дегустациялау
Сарапшы өнімге сапалық баға береді.
САБАҚ СОҢЫ

ТЕСТ
1.Қамырды илер алдында ұнды
А.кептіреді
В.електен өткізеді
С.іріктейді
2.Кристалды ақ түсті иісі жоқ , дәмі тәтті өнімді анықтаныз
А.желатин
В.ас содасы
С.құмшекер
Д.тұз
Е.крахмал
3.Бисквит қамырды пісіретін температура
А.230-260 С
В.150-170С
С.200-220С
Д.220-250С
4. Ұнтақталған ақ өнім дәмсіз және иіссіз
А.қант
В.ванилин
С.крахмал
Д. тұз
Е.ас содасы
5.Бисквит қамырының негізгі компоненті
А.ұн
В.қант ұнтағы
С.жұмыртқа
6.Пісірілген кондитер (печенье т.б)тағамдарына хош иіспен дәм беру үшін қосылатын зат
А.қант
В.ванилин
С.мак
7.Химиялық қопсытқыш қамыр дайындау кезіндегі
А.ас содасы
В.уксус
С.су
8.Үгілмелі қамырдан дайындаған тағамды анықтаныз
А.ботқа
В.сорпа
С.бәліш
Д.талқан
Е.кеспе
9.Сүйық қамырдан жасалатын аспаздық бүйымдарды белгілеңіз
А.қүймақ
В.нан,пирог
С.түшпара,мәнті
Д.самса,бәліш
Е.бауырсақ
10.Қайнақты қамырдын сапасын анықта
А.сүйық
В.жылтыр,қою,жұмсақ
С. асты қуырылған
Д.қатты қабық
Е.тығыз