Саба? жоспары Бізді? отбасымыз. Т?уелдік жал?ауы
Батыс Қазақстан облысы
Бөрлі ауданы
Ақсай қаласының жалпы білім беретін №2 орта мектебі
Біздің отбасымыз
Кім не істейді?
(Сабақ жоспары)
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Киреева Айгуль Сериковна
2016-2017 оқу жылы
Сыныбы: 4 «б» Күні: Пәні: қазақ тілі Мұғалімі: Киреева Айгуль Сериковна
Сабақтың тақырыбы Біздің отбасымыз. Кім не істейді?
Мақсаты Отбасы туралы қазақ тілінде сипаттап айтуға үйрену. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға дағдыландыру. Үштілділік дағдысын ұстану.Патриоттыққа баулу.
Күтілетін нәтижелер Отбасын қазақ тілінде сипаттап үйренеді.
Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, отбасы құндылықтарын сыйлауға дағдыланады.
Үш тілде отбасы мүшелерін айта алады.
Керекті жабдықтар Презентация, карточкалар
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері және тапсырма түрлері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Бағалау
Психологиялық дайындық
3 мин «Шаттық шеңбері» тренингін ұйымдастыру
Психологиялық орта құру арқылы, оқушылардың көңіл-күйі көтеріледі. Оқушылар шеңберге тұрып бір-біріне жақсы тілектер айтады. қолпаштау
Кіріспе
7 мин Оқылым. Интерактивті тақтадан отбасы туралы өлең, сурет көрсету арқылы миға шабуыл жасау
Оқушылар бар назарын сабаққа аударып, сабақтың тақырыбына болжау жасайды.
қолдау
Негізгі бөлім 20 мин
Сергіту сәті
Айтылым. Сөздік жұмысы
Сәйкестендіру тапсырмасы. Отбасына қатысты мақалдардың жалғасын табу.
Сұрақ – жауап.
Балалар, Отан дегеніміз не?
- Отанымыз қалай аталады екен?- Қазақстан- Қазақстан жері қандай?- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
- Егеменді, Тәуелсіз мемлекет
- Тәуелсіздігімізге қанша жыл толып отыр?
-Қазақстан Республикасының президенті кім?
Жазылым. «Отан» сөзін тәуелдік формада жазу.
«Көңілді күн» әніне оқушыларды билету.
Мәтінмен жұмыс:
Оқылым. І қатар. Мәтінді оқып, аударады.
Жазылым. ІІ қатар. Мәтіннен кім не істейді? Сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазады.
Жазылым. ІІІ қатар. «Отбасым» сөзін септеу.
Оқушылар отбасы мүшелерін үш тілде айтады.
Көрсетілген мақалдардың жалғасын табады.
Оқушылар сұраққа жауап береді.
Бір оқушы тақтаға шығып «Отан» сөзін тәуелдік формада жазады.
Әнді тыңдап, қимылдарды қайталайды.
Біздің отбасымыз
Менің атым – Асқар. Бұл біздің отбасымыз. Отбасымызда төрт адам бар. Олар: ата-анам, інім және мен. Әкемнің сүйікті ісі – футбол ойнау. Анамның сүйікті ісі - тамақ пісіру. Інімнің сүйікті ісі – сурет салу. Менің сүйікті ісім – музыка тыңдау. Мен музыка тыңдауды жақсы көремін. Біз тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. мадақтау
қолпаштау
мадақтау
Қорытынды
12 мин
Карточкалармен жұмыс. «Құндылық құнын ұғыңдар»
Қорытынды бағаларын айту Толықтырып жазады, жауап береді.
Карточкалармен жұмыс. «Құндылық құнын ұғыңдар» 1. Отбасымда ең сыйлы _____2. Ең қымбатты ____________3. Ең ақылды _____________4. Ең сүйкімді ______________5. Ең құрметті ______________6. Ең құнды _______________7. Ең бағалы _______________8. Ең қажетті ______________ Үй жұмысы 3 мин «Менің бақытты жанұям» тақырыбында эссе жазу Күнделіктеріне жазып алады.