«Тарих-?ткенге саба?, келешекке-?неге» атты тарих апталы?ыны? ашылу салтанаты
«Тарих-өткенге сабақ, келешекке-өнеге»
тарих апталығының ашылу салтанаты Мақсаты: Оқушыларға өткен тарихы туралы мәлімет бере отырып, тарих сабағының маңыздылығын ұғындыра білу, оқушылардың салыстырмалы түрде ойлау, ой түйіндеу, өзіндік пікір қалыптастыру қабілеттерін дамыту, Өткеннен күннен өнеге ала отырып, болашаққа бағдар жасай білуге, тарихын құрметтеп, қадір тұтуға тәрбиелеу.Айгерім: Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар. Сүйінші, мектебімізде тарих апталығы басталып жатыр.Асемгүл: Қойшы, Айгерім, соған да сүйінші сұрайсын ба, оның несі жақсы, тағы да ашық сабақ, қабырға газеттерін шығару басталады. Осы тарихтың бізге қажеті не, түсінбеймін, таусылмайтын жылдар мен оқиғалар, барлығын есте сақтау да қиын.Айгерім: Қателесесің Асемгүл, мектебімізде оқылатын басқа пәндер сияқты тарих сабағының да маңызы өте зор. Әрине онда көптеген жылдар кездеседі, бірақ сабақты күнделікті оқып жүрсең еш қиындығы жоқ. Ал қуанған себебім апталық барысында біз сабақтан тыс көптеген іс-шаралар өтетін боламыз. Оны сен бүгінгі ашылу салтанаты барысында да байқайсың. Бүгінгі кеш тақырыбының «Тарих-өткенге сабақ, келешекке-өнеге» деп аталуының өзінде көп мағына жатыр. Асемгүл: Е-е, солай ма, ендеше тындап көрейін.Айгерім: Цицерон: Тарих – дәуірлердің куәгері, шындықтың шырайы, есте қалар өмір, өткен күннің іздері деген екен С.Айсана:Тарих ол-уақытқа ұқсас толмайтұғын,Қадайды қасыңа әкеп шалғай туын, Тарих ол-бір ғаламат алтын көпір,Ұрпақты ұрпақтарға жалғайтұғын.Х.Ернур:Ей, жас ұрпақ,жауқазыным,көктемім!Беймәлім бе,саған менің өткенім,Білесің бе, халқын азап шеккенін,Арпалысып өтті ме олар теп- тегін?«Елім - айды» құлағыңа ілдің бе,Сырым неге көтерілді,білдің бе?Мансұқ етіп еліктірген ермектіТарихыңның қойнауына кірдің бе?Не жетпеді Кенесары тарланға,Не үшін өлді ер Исатай арманда,Алаш үшін жанын қиған боздақтарСатты ма олар Ұлт намысын арзанға?Шаттанғанда туды ғой деп азат күнНеткен аштық қырып салған қазақты.Ел басына кімдер әкеп төңкерді.Отызыншы жылдардағы азапты?Тастатпауға бүкіл ұлтты күресуге,Өз елінде жүрмеу үшін бүрсеңдеп,Желтоқсанда көтерілген жас ұланТәуелсіздік жаршысы олар.Біл сен де!Асемгүл:-Неткен ғажап сөздер, дұрыс айтыпсын Айгерім ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздікке де 25 жыл толғалы жатыр.Айгерім:Иә, біздің тарихымызда елі мен жері үшін жанын қиюға даяр ерлер мен батырлар көп болған. Өткенім бар-өкініш, жасыра алман,Тарихым бар жазылған ғасырлардан.Қазақ деген ел барын әйгіледім,Жаңа ғасыр, сен енді бас ұр маған!Орындалсын аңсаған асыл арман!Асемгүл: Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.Айгерім:Өзіңе бүгін қызыға елім қарадым,Шалқытып көңіл, шарықтап енді барамын.Тарихты терең үңіліп еске аламыз,Ғұлама жылдар судырлатқанда парағын.Тәуелсіз жылдар сыйласын елге ғажабын,Қалсыншы артта көрген бір ауыр азабың.Саналы әрі ұлтжанды болып ұрпағың,Шалқи бер мәңгі, шалқи бер мәңгі қазағым!Асемгүл:Иә, Айгерім, сен дұрыс айтыпсың, тарихты білудің маңызы өте зор екен. Тіпті қазақтың ән мен жырының өзі тұнып тұрған тарих екен ғой. Бұрын қалай білмегем. Тарих деген қызық екен. Шіркін, жыл бойы тарих апталығы болып, осылай жырлардан тұратын сабақ өтсек, қандай керемет болар еді.Айгерім:Иә, қазақ халқының әні мен жырының өзі тұнып тұрған тарих! Тек оны терең ұғына білу керек.Халқым менің! Саған қарап жұбанам,Тарих беті қатпар-қатпар бұралаң.Талай зардап қайғы-мұңның соңынан,Егемендік алғаныма қуанам!Асемгүл:Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма,Туған тілім шұбарланба, жарқыра!Тарихымда таланттылар көбейсін,Бас иемін ата-баба рухына!