?аза?стан тарихы 6 сынып ?йсіндер, ?йсіндер туралы жазба деректер
Пән Тарих Сыныбы: 6 Күні:
Тақырыбы: Үйсіндер, үйсіндер туралы жазба деректер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ежелгі үйсіндер туралы тарихи деректермен,олардың мекен қоныстарынан табылған археологиялық ескерткіштерімен таныстыру.
Оқушылардың ой, таным деңгейін дамыту
Отансүйгіштікке тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже: Оқушылыр тақырыпты өз беттерімен меңгереді.
Өз ойын еркін жеткізе біледі.
Бірін-бірі тыңдауға үйренеді.
Негізгі түйіні: Топтасып жұмыс жүргізу
Тапсырмалар: 1.Қазақ халқының ата-тегі болған тайпалар мен ұлыстарды жазып шығыңдар
2. Сұрақтардың жауабын жазыңдар
а) Жазба деректер бойынша б.з.б. I ғ. Үйсін халқының саны қанша болған? ..............................................................................................
ә) Қанша атты әскері болды?
б) Қанша мың жасағы болды?
3. Сызбаны толтырыңдар ...........................................
...........................................
Үйсіндердің әлеуметтік топтары ............................................
...........................................
4. Қытай тарихшысы Сыма Цянь үйсіндер туралы не жазған?
Модуль: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
Сыни тұрғыдан ойлау
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту
Білім берудегі басқару және көшбасшылық
Білім беруде АКТ пайдалану
Деректер: Ежелгі Қазақстан тарихы: оқулық Төлебаев Т., Құсайынова Р.,
Дәкенов М.
Алматы: «Атамұра»,2011
Оқыту әдістемесі Құсайынова Р., Дәкенов М. «Атамұра», 2002
Мұғалім:
Сабақтың басталуы:
Пысықтау:
Үй тапсырма:
Рефлексия:
Бағалау
Оқыту құралдары: Мұғалім үйлестіруші. Жұптардың өзара байланысын ұйымдастыру, жұмысты бақылау және қате жағдайда көмекке келу.
Сәлемдесу, сабақтың тақырыбымен,мақсатымен, нәтижесімен, негізгі түйінімен таныстыру.
Сабақтың жоспары тақтаға жазылады
1.Үйсіндердің орналасқан жері
2. Үйсіндер туралы жазба деректер
3. Қоғамдық құрылысы
Үй тапсырмасын тексеру: Сақтар тақырыбы бойынша қайталау:
«Жұлдызды сәт» ойыны; жұмбақтар; Шырақтың ерлігі туралы әңгімелеп беріңдер; Кир қалай қаза болды?; Мына сөздерді кім айтты?; Суретте кім бейнеленген? (ол туралы не білесіңдер?)
«Жұлдызды сәт» ойыны
-Сақ патшасы
-Парсы патшасы
-Сақ патшасының баласы
-Сақтармен соғысқан ел
-Ержүрек сақ жауынгері
-Сақтар мен парсылар қай мемлекетке қарсы соғысты?
-А. Македонскийдің Орта Азияда басып алған қаласы
-«Алтын адам» қай жерден табылды?
-Сақ жауынгерінің жасы нешеде?
-Қай қаланың орталық алаңында сақ адамы бейнеленген ескерткіш бар?
Үй тапсырмасын қорытындылау
Мұғалім: Уйсін — қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ежелгі түркі тайпаларының бірі. Ежелгі қытай жазбаларында Үйсін атауы б.з.б. 2 ғасырдан бастап кездеседі. Ғұндардың күшеюінен қорыққан Қытай үкіметі өзіне одақтас іздеп, батыс елдеріне елшілік жіберді. Қытай елшісі келген кезде Үйсіндер Қытаймен және ғұндармен терезесі тең қуатты мемлекет болды. Үйсіннің шығу тегі, таралуы, халықтардың тарихындағы рөлі жайында тарихи-генеалогиялық зерттеулерде талас пікірлер азды-кемді ұшырасады. Оған себеп жазба дерек көздері. Оларда адамдардың есімі, лауазымы, қытай транскрипциясы бойынша жазылған. Атап айтқанда, 7 ғасырдағы Қытай жазушысы Чин-гу, “Батыс өлкенің өзге шетелдіктерінен Үйсіндердің едәуір айырмашылығы бар, олардың көзі көк, жирен сақалды” деп жазады Үйсіндердің шаруашылық жағдайы мен мәдениеті жайындағы деректер археол. қазбалардан анықталып отыр. Б.з.б. 105 жылдарда Үйсін күнбиіне ұзатылған Қытай императорының қызы киізбен ораған дөңгелек үйде тұратынын, ет, сүтпен қоректенетінін айтып, өлеңмен зарлы хат жазған. Жазба деректемелерде б.з.б. 1 ғасырда Үйсін халқының жалпы саны 630 мың адам (120 мың түтін) болғаны айтылады. Олар 188 мың 800 адамнан тұратын әскер ұстаған. Алғашында Бұлыңғыр өзеннің бойын мекендеген. Б.з.б. 2 ғасырдың орта шенінде Жетісуға, Іле бойына ығысқан. Дегенмен, олардың барлығы көшпеген деген ғыл. жорамал бар. Оны шығыстанушы С.Е. Малов Тоныкөк ескерткіштеріндегі Үйсін есімінің жазылуымен дәлелдейді. Жетісу Үйсіндерінің шығу тегін анықтау жолында А.Н. Бернштам, К.А. Ақышев, Г.А. Кушаевтар археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Шығыстағы Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі деректер де осындай бұлтартпас қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бұл деректерге сүйенген Ресей ғалымдары Үйсіннің исседондармен туыс екенін дәлелдеп, оларды Тянь-Шань және Шығыс Түркістан тармағы деп бөледі. Б.з. 6 ғасырдан бастап Үйсін этнонимі тарихи әдебиетте кездеспейді. Бірақ одан тараған рулар дулат, албан, шігіл (жікіл) Түрік қағандығы кезіндегі мемлекеттерді құруға қатысқан. 13 ғасырда Рашид әд-Диннің шығармасында Шағатай ұлысындағы Үйсін халқы туралы айтылады.
Оқушыларға тапсырма ұсынылады
Оқушылар тапсырмаларды орындайды, өзара талқылайды,бірінің
білмегенін бір-біріне айтады
Жаппай талқылау. Шағын топтардың әрқайсысы есеп береді
және дайын материалмен сынып алдына шығады.
Оқушылардың жауабы тыңдалады, толықтырылады
Мұғалім: Сызба арқылы толықтыру
Оқушының ойлану әрекетіне көңіл бөлу
Бет 99 тест сұрақтары, қосымша материалмен, суретпен жұмыс, ребус
Параграф 21,бет 99 сұрақтар мен тапсырмалар.
Не білдім?
Не білгім келеді?
Оқушылар бағалау парағына өздерін бағалайды
Сызба, cуреттер, ребус, қосымша дерек, таратпа материал