?МЖ 3 денгей ,Мені? Отаным 3 сынып ?аза? тілі орыс сыныптары


3«Б,В,Г,Д,Е.» сынып Күні 8.12.15 ж. Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным.
Жалпы
мақсаттар: Оқылым,тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу. Оқу техникасын жандандыру.
Сыни тұрғыдан ойлау дағдысын қалыптастыру.
Өзін - өзі реттеуді.
Өз бетімен ізденуге және топпен жұмыс жасауға үйрену.
Күтілетін
нәтиже
Тақырып бойынша меңгерген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құрауға, сөйлеуге үйренеді. «Менің Отаным» тақырыбында қойылғант сұрақтарға жауап береді.
Сыни тұрғыдан ойлау дағдысы қалыптасады.
Өзін- өзі реттеуді үйренеді.
Өз бетімен ізденуге және топпен жұмыс жасауға үйренеді.
Сілтеме Қазақ тілі 3-сынып «Атамұра»2014ж. А. Қайырбекова . Қазақ тілі әдістемесі. «Атамұра» 2014ж.Қосымша материалдар.
Көрнекілігі Интерактивті тақта, маркер, қағаздар,
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс - әрекеті
Әдістер мен
тәсілдер Оқушының іс - әрекеті1.Ұйымдастыру
3 мин Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. Әріп кескіндермен бөлу. Жайлы атмосфера қалыптастыру Шаттық шеңберін құрып бір-біріне сәттілік тілейді.
Топқа бөлінеді.
2. Сұрақ- жауап Оқыту
мен оқудағы
жаңа тәсілдер 3.Білімдерін
тексеру
.(Білу) 5 мин Үй тапсырмасын сұрау:
Қайталау. Сұрақ -жауап Ой қозғау Кезекпен оқиды. Түсінгендерін айтады.
Сөйлем құрап сөйлейді. Қызығушы лық ояту
2 мин Суретпен жұмыс.
Әр топ ой бөліседі .«Қазақстан картасын» көрсету, әңгімеге тарту. Миға шабуыл Өз отбасы туралы әңгімелейді .
4.Жаңа сабақ
(Түсіну)
10 мин Сабақтың мақсатын қою.Сабақтың тақырыбы,өткізілетін материал туралы түсінік беру.
Нені оқимыз?Отан деген не?Кімдер? Отанның өміріндегі атқаратын қызметі қандай екендігін оқимыз. Қандай? кімдер? неше? нешінші?не? кім? қайда? негізінде тапсырмалар орындаймыз.
Нені үйренеміз?Жаңа сөздерді сөздерді пайдаланып сөз тіркесін,сөйлем құрауды,сөйлесуді үйренеміз
(Зерттеушілік оқыту)
Ситуациялық сұрақ. Біз адам болу үшін неге ұмтылуымыз керек? Жұмбақты оқытып, жаздыру.
Жұмбақ
Сулары жоқ,
Көлдері бар.
Үйлері жоқ,
Елдері бар.
Тастары жоқ,
Таулары бар.
Қарбыздай-ақ
Аумағы бар. (глобус)
Қалай оқу керектігін үйрену Сабақ тақырыбын оқушылар қояды.
1. Оқушылар мұқият тыңдап отырады.
Сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар әр түрлі жауаптар айтады.

Біз алған білімімізді
өмірде қолдана білу.
Жұмбақты топ болып шешеді.
Дәптерлеріне жазады.
Сергіту сәті
2 мин Тербеледі ағаштар,
Жел алдымнан еседі.
Кіп-кішкентай балалар,
Үлкен болып өседі. Жаттығу жасап сергіп,көңіл күйлері көтеріледі.
5. Бекіту
(Қолдану)
8 мин 1.Жаңа сөздермен таныстыру.
Сөздік жұмысы.
Отан - Родина
Елбасы – Президент
мемлекет – государство
сүйемін - люблю
Сөздерді мұғалім оқиды. Мұғалім сөздік бойынша сөздің орысшасын айтып, допты бір оқушыға лақтырады. Осылай барлық сөздермен жұмыс жасалады. Көп сөз меңгерген оқушы алғыр атанады.
Ә) Тақтаға бір оқушы шығып, жаңа сөздерді қазақ тілінде жазып тұрады, ал сол сөздің аудармасын дұрыс тапқан оқушы тақтаға келіп, аудармасын жазады.
Кейін оқушылар кезек-кезек тақта алдына шақырылып, сөздердің сауатты жазылуын тексеру.
Сыни тұрғыдан диалогты оқыту. 2. Оқушылар жаңа сөздерді тізбектеп айтып шығады.
Жаңа сөздермен сөйлем құрап айтады.
Оқушы допты кағып алып, сөздің қазақшасын айтып, допты мұғалімге қайтарады.
Тапсырмаларды орындайды.
Дәптерлеріне жазады, сауаттылықтарын тексереді.
Тақта алдында орындайды.
6. Пысықтау
(Талдау)
Сергіту сәті Жаңа сөздерді пысықтай отырып, тапсырмалармен жұмыс.
1-тапсырма. Сурет бойынша жұмыс.

2-тапсырма. Сұрақ-жауап жұмысын әр оқушымен жеке-жеке жұмыс жүргізу.
--Бұл не?
--Бұл – Қазақстан картасы.
--Картада нелер бар?
--Картада Қазақстанның қалалары, теңіздері, көлдері, өзендері бар.
--Қандай қалалар бар?
--Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Ақтау және т.б.
--Қандай теңіздер бар?
--Каспий және Арал теңіздері.
--Қандай көлдер бар?
--Балқаш және Зайсан көлдері.
--Қандай өзендер бар?
--Ертіс, Есіл, Сырдария және т.б.
Постерге әр топ сурет салады
Сурет туралы өз ойларын айту.
5-тапсырма. Тапсырмада берілген Е.Өтетілеуұлының «Отан» атты өлеңімен жұмыс жасау. Мәнерлеп оқу,түсіндіреді,сайыс ұйымдастырады. .
Отан
Отан деген атамекен,
Отан деген туған жер.
Отан-ана, Отан үлкен.
Қазақстан – туған!
(Е.Өтетілеуұлы)
6-тапсырма. Сергіту
Кел, балалар, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Шаңырақты көтеріп,
Керегені құрайық.
Уықтарша иіліп,
Шаңыраққа қосылып,
Қазақ үйді құрайық. АКТ
оқыту
әдісі Сұрақтарға жауап береді.
Суретпен жұмыс жасайды.
Сұраққа жауап береді.
Тілдесім әрекетінде сұраққа жауап береді .
Жұппен жұмыс жасайды.Диалогты рөлге бөліп оқиды.
Сұраққа жауап береді.
Оқушылар жеке- жеке айтып шығады.
Салған суреттерін қорғайды.Постерді қорғайды.

Отан өлеңін мәнерлеп оқиды.
Әр топ жарысады.
Смайликтермен бірін- бірі мадақтайды.
Жаттығу жасап көңілдері
Көтеріледі.
7.Қорытындылау
(Жинақтау)
3 мин
3.Мәтінді оқиды . Сұрақ қою.
Мәтінмен таныстырады,түсіндіреді әңгімелейді. Диалогтік оқыту әдісі Аударады сұраққа жауап береді.
Әңгімелейді.
3-тапсырма. Мәтінді түсіндіріп, оқыту.
Қазақстан – біздің Отанымыз. Астанасы – Астана қаласы. Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мен Отанымды сүйемін.
Үйге тапсырма
2 мин 92-93бет
4,6 тап. Күнделіктеріне жазады.
8.Бағалау.
2 мин 1.Өзін-өзі бағалады.
Бағдаршам арқылы.
Қызыл- мүлдем сенімсіз
Сары - сенімсіздеу
Жасыл -- түсінікті Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Қорыту өз жұмыстарына баға беру.
Рефлексия
(Кері байланыс)
2 мин Табыс ағашын отырғызайық.
«Қызыл алма» - маған сабақ ұнады.
«Сары алма»- маған сабақ ұнамады, тақырыпты түсінбедім. Стикерлер арқылы пікірлерін
білдіреді.