Физика саба?ында жа?а педагогикалы? ?діс-т?сілдерді ?олдану тиімділігі. Ньютонны? екінші за?ы. Масса (9 класс)
Физика сабағында жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіЖамбыл облысы, Талас ауданы, Көктал ауылы
Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектебінің физика-информатика
пәндерінің мұғалімі Татибеков Нұрман Андабекұлы
Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе – жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар-бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деуінің өзі үлкен көрегендіктің белгісі.
Ұлтымыздың тірегіне айналар ұрпаққа деген көзқарас Елбасымыздың білім саласына ерекше назар аударуымен айқындалып отыр. Өзекті мәселе – жас ұрпақтың Елбасы бастаған көш-керуенге кідіріссіз ілесуі. Ілесе алмаса – бізге сын. Халқымыздың тағдыры, еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында.
Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет.
Қазіргі таңдағы адам ақпарат саласында қарқынды өрлеу жағдайында өсуде. Осы орайда мектеп алдындағы тұрған мақсат – оқушыларды өмір жолында туатын сұрақтарға жауаптарды өз бетімен табуға үйрету; өздерінің іс-әрекеттерінің салдарын бағалап, олар үшін жауапкершілікті ала білу, мұның өзі өмір барысында жиналатын білімнің негізі болатын өзін-өзі оқыту мен дамыту дағдыларын алуды, осы білімді шығармашылық күйде қолдана білуді білдіреді. Мектеп осы жағдайларда өз оқушыларының бойында ұтқырлық, серпінділік, сындарлылық қасиеттерін дамыта отырып, заман өзгерістеріне әзірлеуі тиіс.
Республика мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін дамыту жобасы Зияткерлік мектептердің мұғалімдері стратегиялық серіктестермен бірлесіп дайындаған, үздік халықаралық тәжірибелерге сай деңгейлік оқыту бағдарламасы бойынша жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне біліктілікті жоғарлатуды ұйымдастыруды көздейді.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептердегі педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары бағдарламасының өзектілігі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағадарламасымен үйлеседі. Бағдарламада ұсынылатын әдіс-тәсілдер қазіргі кезде өзекті болып отырған жеті модульдің әрқайсысы бойынша, пәндік және жас ерекшеліктеріне байланыссыз, жалпы сипаттағы кіріспе ақпаратты ұсынуды қамтиды:
Бағдарлама келесі модульдерден тұрады:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Аталған модульдер арасында өзара байланыс, сабақтың нәтижесін жоспарлау арқылы оларды сабақтарда тәжірибелік тұрғыдан қолдану әдіс-тәсілдері көрсетіледі.
Бағдарламаның мақсаты:
Қазақстандық мұғалімдердің қазіргі заманға сай үздік кәсіби білім алуына жағдай жасау, оған көмек беру. Сабақтарда жеті модульді кірістіре отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру арқылы белсенділік әрекеттін дамыту, өз ойларын еркін жеткізуге үйрету, қазіргі заман талабына сай жеке тұлға қалыптастыру.
Бағдарламаның міндеттері:
жаңа әдіс-тәсілдер бойынша негізгі теориялық білімдерін қалыптастыру;
осы алған білімдерін сабақ үдерісінде тиімді және ұтымды пайдалануына жол сілтеу және оны іс-жүзінде іске асырылуына жағдай жасау;
отандық мұғалімдер арасында кәсіби қоғамдастық құрып, оның белсенді жұмыс істеуіне дайындау.
Бағдарламаның нәтижесі:
жеті модуль бойынша негізгі тұжырымдамалық білімдерін және тәжірибелік дағдылардың қалыптасуы;
өзіннің іс-жүзінде асырылған тәжірибесіне сыни тұрғыдан қарап ойлану, яғни рефлексия жаза алуы;
мектеп мұғалімдері арасында құрылған қауымдастықтың жұмысына белсенді қатыса алауы.
Сонымен, менің мақсатым қазіргі заманғы білім үдерісінде қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдерді сабаққа кірістіре отырып, оқушылардың жалпы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру арқылы белсенділік әрекеттін дамыту, өз ойларын еркін жеткізуге үйрету, қазіргі заман талабына сай жеке тұлға қалыптастыру. Ойды қорытатындай болсақ, бұл бағдарламаның негізгі міндеті – қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен өз іс-тәжірибесін бағалауға көмектесу. Осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта қолданылатын жекелеген стратегиялар мен әдіс-тәсілдер жиынтығы болып өзара байланыста болады.
Енді мен өз тәжірибемнен осы жеті модульдік бағдарлама ұсынған жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігін төменде айтып кететін сабақтан көрсеткім келеді.
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
Мұғалімдер қалай оқыту керек екендігін үйрету?
Бұл алдыңғы бөлімде оқыту жекелеген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің бір кешені. Оларға мыналар жатады:
оқыту негізін түсіну, өмір бойы білім алу керек екендігін түсіну және оның әдіс-тәсілдерін таңдау;
өзіннің шығармашылық таланттарын барынша пайдалану, анықтау;
тілді, есептеуді жақсы көру;
сандық технологияларды жақсы меңгеру.
«Қалай оқу керектігін үйрету?» арқылы сабақта жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, мұғалім бағыт-бағдар береді, бақылайды, қадағалайды, бағалайды, өзгертеді, ал оқушы өздігінен білім алып өзін-өзі реттеуге дағдыланады, соңында оқушы қалай оқу керектігіне үйренеді, бұл жерде зерттеуге алған оқушы осының дәлелі болады.
Сыныптағы диалогтің маңыздылығы.
Ғылыми зерттеулер нәтижелер сабағында диалогтің маңыздылығы өте зор. Диалог оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып қана қоймай, білім деңгейлерінің жоғарлауына үлес қосады.
Диалогтік оқытуды әдіс-тәсіл арқылы оқушы топпен, жұппен жұмыс жасау арқылы бір-бірінің ойын тыңдап, талқылайды, өз ойын ортаға салады, саралайды, тұжырымдайды, физика сабағы болғандықтан, диалог көбінесе дәстүрлі сабақтарда көп көңіл бөлінеді, ал қазір міндетті түрде әр сабақтарда орын алуы тиіс, өйткені оқушыларды физика тілінде сөйлеуге дағдыландыруымыз керек. Көбінесе мен әңгіме-дебат, топтық әнгіме және зерттеушілік әңгіме түрлерін қолданамын.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту.
Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Мақсатым - барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.
Осы бағдарламаның ішіндегі ең оңтайлысы, менің ойымша, сыни тұрғыдан ойлау модуліне негізделер едім, Неге? Өйткені, сабақ бойы оқушылар өздерінің түсінуі, ұғынуы сыни тұрғыдан ойлануға әкеп соқтырады. Тақырыпты ашуда коллаж жасау, тірек сызбаларды құру, екі ұғымның айырмашылығы мен ұқсастықтарын салыстыру, ой қозғау, ұғымдарды ой елегінен өткізу, сонымен қатар, «Тұжырымдамалық карта», «Т-кестесі», «Өзіндік ойын» деген әдістерді қолдандым.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің көптеген стратегияларын қолданамын.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес, бұл мұғалімдердің жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағаланады (Александер, 2001). Әр оқушы сабақ бойы қалай жұмыс жасағанын білу үшін, ол нені түсінді, ол өзі үшін нені қажетті деп алды. Ол өзін ғана емес, өзгені де бағалай алуы керектігін түсінуі тиіс.
Мұғалімдер оқушылардың түрлі пән салаларын зерделеу кезінде олардың барлық мүмкіндіктерін дамытуға барынша көмек көрсету үшін оқуға қажетті барлық мүмкіндіктерді қабылдауға көмектесе алатындай етіп «кері байланысты» пайдалану арқылы оқыту үшін бағалауды енгізуге болатындығының дәлелдемесі бар. Оқу ондағы оқушылар қазіргі кезде қайда орналасқандығын және олар қайда бағытталғандығын, бір орнынан басқа орынға қалай жететіндігін білетін саяхат ретінде қарастырылуы мүмкін.
Бұл оқу саяхатында көмектесу үшін, мұғалім оқушылармен өзара байланысуы керек, әр оқушының жетістіктері туралы мәліметтерді жинауы керек, оқушы қаншалықты жақсы оқитындығы туралы қорытынды шығарып, кейін әр оқушыға алға ұмтылуға көмек көрсету үшін белгіленген жеке кері байланысты қамтамасыз етуі керек.
4. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. Физика сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
оқушының өз бетімен жұмысы;
аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
экономикалық тиімділігі;
іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.
Физикалық процестер мен құбылыстарды модельдеу оқу процесін дамыту мен жетілдірудің болашағы болып табылады, әсіресе оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруда, зерттеу жұмыстарын дамытудағы ролі ерекше.
Электрондық оқулықтың тиімділігі де өте зор. Электрондық оқу құралы – бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға, курстық және дипломдық жобаларға нұсқау және т.б. білім беруді басқаратын мемлекеттік органдар тағайындаған арнайы статусы бар берілген түрдегі баспаларды қамтитын электрондық оқу басылымы.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Талантты және дарынды балаларды анықтауға сауалнама жасауға, бағдарлама құруға және баланың білімін жетілдіруде қандай жұмыстар жасау керектігі жайында пікір алмасу. Дарынды және талантты балаларды анықтауда критерий құрдым.
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің негізгі өлшемдерінің бірі – оқушының өзіндік танымдық жұмысын ұйымдастыру, ал екіншісі оқушының өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу, ғылыми ізденіске жетелеу.
Сондықтан мұғалімнің ең басты міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру. Мектеп қабырғасында оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мән берілуі тиіс. Талантты дер кезінде танып, дарынды таңдап және олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесу қажет.
Дарынды балаларды іздеу – арнайы бағдарламалар бойынша кезеңді түрде жүргізілуі қажет екені жайлы «Талантты және дарынды балаларға білім беру» модулінде айтылған.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
Осы модуль дарынды және талантты балаларды оқыту модулімен тығыз байланысты. Бұл модуль балалардың дамуының оқуда қолжетімдік дәрежесін анықтайды. Балалардың жас ерекшеліктеріне сай берілген диалог стратегиясы да әр жастағы балалар мүмкіндігіне сай берілу керек. Сонымен қатар, ауыл мектептерінде кездесетін жас шамалары әр түрлі сыныптарда тиімді оқыту қарастырылып отыр. Оқушылардың оқуға деген қабілеттілігі, зейіні, сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға қатысты білім берілу керек. Осында біз негізінен оқушылардың өзін – өзі бағалауына ерекше назар аударуымыз қажет.
7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Менің ойымша, педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін терең кәсіби біліктілік керек. Осының негізінде қоғамдастықтың бір бөлігі көшбасшы мұғалім болып табылады. Білім беру сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуына әкелетін негізгі қабілеті болып табылады. Мұғалімнің көшбасшылығын дамытуға әсер ететін ерекше факторларға мыналар жатады: іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алу,өзгерістер енгізу, бірігіп жұмыс істеу фактілерін жинау, кәсіби білімді құру. «Мұғалім – дамыту жұмысының көшбасшысы» түсінігінде құрылған. Әріптестер арасындағы пікірталас,оқушылардың өздерінің іс-тәжірибелері туралы ойларын жинау,әріптестерімен тәжірибе алмасу мақсатында, басқа сыныптардың сабақтарына қатысу.
Ең алғашқы қадам әрбір ұстаз үшін маңызды шешімдерді талап ететін құндылықтар мен мәселелерді анықтау. Келесі қадам – өзгерістер туралы әріптестерінің кеңестері. Егер де келісу мен кеңесу тиімді болса, даму жұмысы жоспар бойынша жүзеге асады. Бұл үдеріс жалпы төмендегідей кезеңдерден тұрады: құндылықтарды анықтау, кәсіби міндеттерді анықтау, дамыту бағдарламасын құру, атқарылатын жұмыстар жоспарын құру, жоспар құруға арналған кеңестер, зерттеуге негізделген көшбасшылықты дамыту, кәсіби білімдердің дамуына әсер ететін қоғамдағы жұмыс. Осы модульдің нәтижесі әрдайым практикалық бағытта болады: олар тәжірибедегі өзгерістер, оқыту мен білім берудің жаңа әдістері. Егер де осы жұмыс басынан бастап нәтижелі болса, әріптестерін қызықтыра алса, бұл өзгерістер мектепте де кеңінен қолдау табады. Яғни, мектеп басқаша жұмыс істеуге үйренеді. Менің ойымша, бірлесе жасаған жұмыстар өз мектебінде тәжірибені таратуға ғана емес, сонымен қатар басқа да ұстаздардың кәсіби білімінің негізін құрауға көмектеседі деп ойлаймын. Білім арқылы ғана ізгілікті бола алады.
Жаңа технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:
компьютерде еркін жұмыс жасайды;
оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін шыңдайды;
жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады;
өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;
ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады.
Әдіс-тәсілдердің нәтижесі:
Осы керемет жеті модульдің әдіс-тәсілдерді пайдалануда оқушылар өз пікірлерін дәлелдеуге, қорытынды жасау, өз ойларын қысқаша, дәл және нақты жасауға көмектеседі. Осы әдіс-тәсілдерді пайдалануда оқушылар төмендегідей нәтижеге жетеді:
Сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы артады.
Оқушылар өз бетімен іздену жолдарын үйренеді.
Өз ойын схема, кесте, суреттер, физикалық тәжірибелерді пайдалану арқылы еркін жеткізеді.
Физикалық тілде сөйлеу мәдениетін дамытады.
Ізденуі іс-әрекеті қалыптасады.
Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау ынтасы оянады.
Зертханалық және сарамандық жұмыстарды өз бетінше жасауға дағдыланады.
Қорыта айтқанда, бүгінгі сабақ кешегі сабақтан өзгеше, ал ертеңгі сабақ бүгінгі сабақтан жақсы болуы тиіс. Осылайша физиканың негізгі заңдылықтары мен құбылыстарын өмірмен байланыстыра қызықты етіп беру жолдарын қарастыруға болады. Мұндай тапсырмалар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, оларға физика заңдылықтарын өмірде кеңінен қолданылатынын да ұғындыруға мүмкіндік береді.
Осы үлгідегі оқытудың әдіс-тәсілдері оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырып, оларды жинақылыққа, дәлдікке, шығармашылыққа баулуға көмектеседі деп ойлаймын.
Менің ойымша, осы игерген біліміме мынадай сипаттама берер едім. Оқушыларды өзгермелі өмірге дайындау арқылы жаңа заманның ағымына сай өз бетінше білім алатын, ойын еркін айтатын, өзіне сенімділігі берік, сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамыған, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген оқушы ретінде қол жеткізуге болады.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев Білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде: «Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін жаңа формациялы педагог қажет» деген.
Жаңа формация мұғалімі – рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шsғармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты.
Пәні: физика Пән мұғалімі: Татибеков Нурман Андабекович
Сабақтың тақырыбы: Ньютонның екінші заңы. Масса
Сыныбы: 9
Мақсаты:
Ньютонның екінші заңы мен масса және үдеу арасындағы байланыс туралы білім меңгерту.
Міндеттері:
Ньютонның екінші заңын білу және күш, масса және үдеу арасындағы байланысты білу, формулаларды пайланып есептер шығару.
Күтілетін нәтиже:
Ньютонның екінші заңы мен формуласын біледі, масса ұғымын біледі, формулаларды есептер шығарғанда қолданады. Әдістері: «Жылы сезімдер» тренинг
«Пазл»
«Өзіндік ойын»
«Тұжырыдамалық карта»
Топтық жұмыс
«Т-кестесі»
«ББҮ» кестесі «Бағалау сэнвичі» кері байланыс
Көрнекі құралдар:
Слайд, постерлер, стикерлер, маркерлер,
А4 форматты қағаз, бағалау парақшалары,
9-сынып. Физика. Р.Башарұлы
Д.Қазақбаева
Сабақтың кезеңдері Әдіс-тәсілдер Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Модульдердің қамтылуы
I. Ұйымдастырукезеңі
(4 минут)
«Жылы сезімдер»
тренинг
«Пазл» әдісі арқылы топқа бөлу Бір-бірлерінің көңіл-күйлерін сұрауды өтіну.
Оқушыларды пазлдың бөліктерін құрастыру арқылы «Күш» және «Масса» топтарына бөлдім. Олардың бір-бірінен сұрау арқылы көңіл-күйлері жақсы екені байқалды.
Оқушылар пазлдың бөліктерін құрастыру арқылы «Күш» және «Масса» топтарына бөлінді. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Диалогтық оқыту
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану
Талантты және дарынды балаларды оқыту
Талантты және дарынды балаларды оқыту
Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту
Оқытудағы басқару мен көшбасшылық
ІІ. Білу
(4 минут)
«Өзіндік ойын» әдісі Өткен тақырыпқа байланысты сұрақтардың жауаптары беріледі. Оқушылар берілген жауап үшін сұрақтар құрасырады. III. Түсіну
(10 минут) «Тұжырымдамалық карта» әдісі Жаңа тақырыпқа байланысты «Күш», «Үдеу», «Масса» ұғымдары бар постер беріледі.
Топпен жұмыс жасай отырып, аталған үш ұғымның мағынасын ашып, олардың бір-бірімен байланысын көрсетіп, түсіндіреді. IV. Қолдану
(7 минут) Топтық жұмыс 1150620443230«Ньютонның екінші заңын қалай қолданамыз?» суретпен берілген мысал беріледі. Оқушылар топтаса отырып, сол суреттегі мысалдың мәнін ашып береді. V. Талдау
(5 минут) «Т-кестесі» әдісі Тапсырманы түсіндіріп, бағыт-бағдар береді. Топтағы оқушылар Ньютонның екінші заңының формуласын кестеге салу арқылы талдау жасайды. VІ. Жинақтау
(8 минут) Деңгейлік тапсырмалар 1-деңгей
1. Екі дене өзара әрекеттескен кезде күштердің табиғаты әртүрлі болуы мүмкін бе?
2. Ішінде суы бар стақан таразыға қойылып теңгерілді. Егер суға қарындашты салып, стақанға тигізбей қолымен ұстап тұрса, таразының тепе – теңдігі бұзыла ма?
2-деңгей
1. Ішінде тарту күші 15 кН болатын трактор тіркемеге 0,5 м/с2 үдеу береді. Тарту күші 60 кН-ға жеткізетін трактор сол тіркемеге қанша үдеу береді?
120 Н күш денеге 6,4 м/с2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 8 м/с2 үдеу бере алады?
3-деңгей
1. «Арқан тарту» ойынында жеңуші топ ҒА күшпен, ал жеңіліп жатқан топ ҒВ күшпен тартады. Демек, бұл қандай күштердің қатынасына тең?
6 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы 2 т автокөлік 6000 Н күштің әрекетінен тежеледі. Автокөліктің үдеуі қандай? Оқушылар жеке және топпен тақырыпқа байланысты есептер шығарады. VІІ. Бағалау
(4 минут) «ББҮ» кестесі Тапсырманы түсіндіру, бағдар беру. Сабақты қорытып, кестеге сәйкес маңызды қорытындыларды жазады. VІІІ. Қорытынды
(3 минут) «Бағалау сэндвичі» кері байланыс Стикерді таратып, өз ойларын жазуды тапсырады
Үйге тапсырма:
§12. «Ньютонның екінші заңы» тақырыбын оқу;
10-жаттығу есептерін шығару; Сабақтың қай жері ұнағанын, қай жеріне өзгеріс енгізуді ұсынады. Бағалау парағы
Дескриптор «Өзіндік әдіс» «Тұжырымдамалық карта» Топтық жұмыс «Т-кестесі» Деңгейлік тапсырмалар «ББҮ» кестесі Жалпы ұпайы Бағасы
Критерийлер Жауабы толық Жауабы толық емес Жауабы жоқ Тақырыпты аша алды Түсіндіре алды Түсіндіре алмады Тақырыпты ашып, мысалдар келтерлі Түсіндіре алды Түсіндіре алмады Ой қосып мысалдар келтірлі Ой қосып, дәлелдер келтіре алмады Жауап бере алмады Есептің барлығы дұрыс Қатесі бар Дұрыс емес Қатысты, жауабы толық Қатысты, жауабы толық емес Қатыспады Рубрикатор 0-1 2-3 4-5 0-1 2-3 4-5 0-1 2-3 4-5 0-1 2-3 4-5 0-1 2-3 4-5 0-1 2-3 4-5 № Оқушының аты-жөні 1 Айдарбек А. 2 Берік А. 3 Елеусіз Т. 4 Емшібек Х. 5 Зиятбек Н. 6 Кәдірбай Д. 7 Махамбетова Ш. 8 Өмірбекова З. 9 Райхан Ә. 10 Төлбай Б. 11 Шәріпбек Г. Бағалау шкаласы:
«5» – 25-30 ұпай
«4» – 15-24 ұпай
«3» – 6-14 ұпай
«2» – 0-5 ұпай
Пайдаланылған әдебиеттер:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. ІІІ деңгей. Астана. 2013.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың жүйесін енгізу тұжырымдамасы. Астана. 2012.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7-желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт-бағдары» жолдауы, 2012 жыл 14 желтоқсан.
Сілтемелер: www.cpm.kz, www.nis.edu.kz, www.ustaz.kz, www.moodle.nci.kz, www.physic.kz