Саба?ты? та?ырыбы : Орысты? ?лкен театры Саба?ты? т?рі:жа?а білімді хабарлау Саба?та ?олданылатын ?діс-т?сілдер: баяндау, жина?тау, салыстыру, ой ?оз?ау. К?рнекіліктер: Музыка аспабы, о?улы?тар, электронды? та?та, ?нтаспа, слайдтар т.б Саба?ты? ма?саты:
Сабақтың тақырыбы : Орыстың Үлкен театры
Сабақтың түрі:жаңа білімді хабарлау
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау, жинақтау, салыстыру, ой қозғау.
Көрнекіліктер: Музыка аспабы, оқулықтар, электрондық тақта, үнтаспа, слайдтар т.б
Сабақтың мақсаты: Орыстың Үлкен театры тарихымен таныстыру.
Білімділік:Орыстың Үлкен театры туралы білімдерін терңдету.
Дамытушылық: оқушылардың музыка мәдениетіне қызғушылығын дамытуға ықпал ету, қиял мен интуцияға ерік беру.
Тәрбиелік:оқушыларды өнерсүйгіштікке тәрбилелеу,баланың рухани әлемін қалыптастыру.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Сәлемдесу, түгелдеу, білім алушылар назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.
1.Неміс опера театры қалай дүниеге келді?
2.Театрдың ерекшелігі неде?
3.Р.Вангердің операсы жайлы не білесің?ъ
4.Р.Вангер театры қалай деп бағалады?
Жаңа сабақ: Орыстың Үлкен театры
Үлкен театр,Ресейдің Үлкен театры- дүине жүзіне танымал алдыңғы қатардағы опера және балет театры, Ресейдің ұлттық музыкалы театр мәдениетінің ең ірі ошағы.
Театрдың алғаш құрылуы 18 ғасырдағы Ресей ұлттық мәдениетінің гүлденуімен, кәсіби актерлер өнерімен және орыс опера музыкасының қалыптасуымен байланысты болды.
1776ж Мәскеудің губ.прокуроры князь П.В.Урусов пен антрепренер М.Г.медокс Мәскеу ресейлік театрының тұрақты группасын құрды.Сол жылдан бастап спектакльдер Знаменкадағы граф Р.И Воронцовтың үйінде қойыла бастады.1780 ж театр Петровка көшесінде (қазіргі үлкен театрдың орнында) салынған ғимаратқа көшіп, “Петров театры” немесе “Опера үйі” деп аталады да, мұның өзі Мәскеу қаласвндағы тұңғыш тұрақты театр болды. Театрдың алғашқы актерлері: И.И және Н.Ф Калиграф, Г.В.Базилевич, М.С.Синявская, И.М.Соколовская, А.Г:Ожогин, Е.С.Сандаунова, т.б.Театр репертуарынан орыс (В.А.Пашкевич, М.М.Соколовский, Е.И.Фомин), сондай-ақ шет ел (В.А.Моцарт, Дж.Перголези, А.Гретри) клмпозиторларының шығармалары орын алды.
1805ж театр ғимараты өртеніп, 1825 жылға дейін театр группасы (1806 ж. Мемл.театрға айналды) әр түрлі орындарда ойын көрсетіп жүрді.Үлкен театрдың осы күнгі ғимараты (А.А.Михайловтың жобасы бойынша. Арх.О.И.Бове) 1824ж салынды.
Музыка тыңдату: П.Чайковский “Евгений Онегин” операсынан Ленскийдің ариясын орыстың әйгілі әншісі Сергей Лемешевтің орындауында тыңдау.Композиторлар туралы қысқаша мәлімдеме жасалынып,музыкалық шығармаға түсінік беріледі. М.И.Глинканың “Иван Сусанин” (1842), “ Руслан мен Людмила” (1846)
- А.С.Даргомыжскийдің “Су перісі”
-Музыка нені баяндар екен?
-Көз алдарыңа нені елестетер екенсіңдер?
Үйретілетін ән: Қош келдің, төрлет, Наурызым!
Қорытындылау:
1.Үлкен театр жайлы не білесің?
2.Алғашқы орыстың ұлттық операсвн кім жазған?
3.Орыстың қандай әйгілі опералары мен композиторларын білесің?
V. Үйге тапсырма: Орыстың Үлкен театры туралы оқып, Қош келдің, төрлет, Наурызым! жаттау.