7 санын ?осу ?осу, азайту


Математика
Тақырыбы: 7 санын қосу қосу, азайту
Мақсаты: 7 санын қосу, азайту тәсілдері жайлы оқушылардың білімін бекіту. Есеп өрнек құрастыру арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Тиянақтылыққа ,әдемі жазуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, өрнек құрастыру, сұрақ-жауап, көрнекілік.
Көрнекілігі: Әр түрлі қасықтар, тауық, жұмыртқа және оның балапандары.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Өткенді пысықтау.
«Менің сүйікті ойыншығым» ойыны арқылы өткен
сабақты пысықтаймын.
Машина. Мәні 6-ға тең болатын қосындыларды жаз.
Доп. 2 және 6 сандарын пайдаланып өрнек жаз.
Қоян. Мәні 5-ке тең болатын қосындыларды жаз.
Жаңа материалмен жұмыс
Наурыздың 10-ы
7-санын қосу және азайту
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем мезгілі.
Көктемде жануарлар тіршілігінде қандай өзгерістер болады?
Ұйқысынан оянады, балалайды.
Құстар не істейді?
Жылы жақтан ұшып келіп, балапан басады.
Ендеше балалар бүгін үй тауығының балапан басып шығуына
көмек берейік.
1-тапсырма: Қосылғыштарының бірі 7 болатын қосындыларынды атаңдар.
1+7 0+7 7+1 7+2
2+7 3+7 7+3 7+0
Осы өрнектің ішінен мына жазуға сәйкес қосындыларды теріп дәптерлеріңе жазыңдар, сонан соң мәнін табыңдар.

+ 7
0 + 7 = 7
1 + 7 = 8
2 + 7 = 9
3 + 7 = 10
Әр тапсырманы орындаған сайын жұмыртқаны жарып бір балапан шығады.
жазылған қосындылардың қандай ұқсастығы бар?
Екінші қосылғыштар бірдей.
Қандай айырмашылығы бар?
Бірінші қосылғыштары мен мәндер әртүрлі.
Бірінші қосылғыштардан не байқадыңдар?
Сандар бір санға өсіп жатыр.
Жарайсыңдар!
Тауықтың балапанына нелер өш екен?
Мысық, түлкі т.б
Мысық балапандарды алып кетіпті.
Оларды қайтару үшін бізге шарт қойып отыр.
Азайғышы 7 болатын айырмаларды жаз және мәндерін тап.
7 - 0 = 7 7 - 1 = 6 7 - 2 = 5 7 - 3 = 4
7 - 4 = 3 7 - 5 = 2 7 - 6 = 1 7 - 7 = 0
Мысық балапандардың біреуін қайтарады.
Енді екінші шартты орындайық. Ол үшін оқулықтағы үшінші тапсырмаға қарайық. Берілген кесінділердің ұзындықтарын өлшейік.
Көк және қызыл кесінділердің ұзындықтарының айырмасын 9-7 және қызыл мен жасыл кесінділердің ұзындықтарының қосындысын салыстырамыз.
7+3 9 - 7 < 7 + 3
2 < 10
2 балапанда қайтарады.
Енді келесі шартты есеп құрастыру.
Шарты: Үлкен қасық - 10
Кіші қасық - 7
Үлкен қасықтың нешеуі артық?
Шешуі: 10 - 7 = 3
Жауабы: 3 үлкен қасық артық.
Мысық тағы бір балапанды қайтарды.
Төртінші шарты: Оқулықтағы 5 тапсырманы қарастырайық
9 - 3 9 - 4
Азайғыштарды салыстыр.
Азайғыштар бірдей.
Азайтқыштарды салыстыр.
Азайтқыштар әртүрлі.
Төртінші тапсырманы орындадық.
Тауықтың балапандарын мысық толық кайтарды.
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтап бағалаймын. (ауызша)
Сабақты қорыта келе тауық сендерге риза болып, сый ретінде әр балаға бір тәтті сыйлады.