Урок по формированию элементарных математических представлений. 5 санымен танысу, О? жа?ында, ортасында, сол жа?ында (средняя группа)


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің 13.01.16.
технологиялық картасы
(ортаңғы тобы)
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: ҚМҰҚ
Тақырыбы: «5 цифрмен танысу. Сол жағында, ортасында, оң жағында»
Мақсаты: 5 цифрын 5 санының таңбасымен таныстыру.
Міндеттері:
1. Балалардың геометриялық пішіндері туралы білімдерін бекітіп, кеңістікті бағдарлауды үйретуді жалғастыру.
2. Баланың зейінін, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Шапшаңдылыққа, мұқияттылыққа тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті: төрт-четыре, бес-пять, пеш-печь, алма ағашы-яблоня, өзен-река.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: әр балаға жолақша, пернетақта, ноутбук, геометриялық пішіндер, таратпалы құралдар.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, демонстрациялық, түсіндіру.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеттері Балалардың
іс-әрекеттері
Мотивациялық-қозғаушылық Топқа Аленушка кіреді.
Аленушка: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Менің атым – Аленушка. Балалар аққу-қаздар Иванушка інімді мыстан кемпірге алып кетті. Маған інімді тауып беруге көмек бересіңдер ме?
Балалар жылдың қай мезгілі?
Олай болса, бәріміз көзімізді жұмып, жаз мезгіліне ауысайық.
- Онда, бәріміз бірге орманға барайық. (слайд 1)
Топқа мыстан кемпір кіреді.
Мыстан кемпір: Сендер қайда бара жатырсыңдар?
Аленушка: Мыстан кемпір менің інімді жібер.
Мыстан кемпір: Жоқ жібермеймін. Сен оны бәрібір табалмайсын.
Аленушка: Жоқ табамын. Балалар маған көмектесесіңдер ме?
Мыстан кемпір:Көрейін қалай табатыңдарыңды. Балалар қызыға қарайды.
Балалар амандасады.
Иә, көмектесеміз.
Балалар таң қалады.
Иә, көмектесеміз.
Ұйымдастыру-іздестіру 1. Тақырыпты хабарлау.
Барлығы бірге орманға барады, алдарына пеш кездеседі.(слайд 2)
Аленушка: Балалар, қарандаршы бұл не екен?
- Пеш-печ.
Аленушка: Пеш, пеш айтшы маған аққу-қаздар қайда ұшып кетті?
Пеш: Менің тапсырмамды орындасан, айтамын.
Аленушка: Балалар тапсырманы орындаймыз ба?
- Балалар тақтада неше бәліш бар екен, санайықшы?
- Төрт-четыре.
- Енді 4 бәлішті жолақшаның үстінгі жағына санап қойындар.

- Ал енді табақтарды да санап көрейік.
- Табақтарды жолақшаның астына санап қойындар.
- Балалар енді 4 бәлішке 1 бәлішті қоссақ, неше бәліш болады? Кәне санаңдар.
- Бес-пять.
- Балалар қарандаршы қайсысы көп, қайсысы аз?
- 5 бәлішке неше табақ жетіспейді екен?
- Енді 4 табаққа 1 табақты қосындар, неше табақ болды? Санаңдар.
- Сонда неше бәліш және табақ болды?
- Олар қандай?
- Балалар бүгін біз 5 саныман таныстық. (слайд 5)
- Балалар қалай ойлайсыңдар, 5 саны неге ұқсайды? (слайд 6,7,8)
Дидактикалық ойын: «Қандай сан жоқ?»
Пеш: Балалар, сендерге көп рахмет. Аққу-қаздар алма ағашына қарай ұшып кетті. Сау болындар, балалар! (слайд 9) Пеш.
Балалар қайталайды.
Иә, орындаймыз.
Бір, екі, үш, төрт.
Балалар қайталайды. Балалар бәліштерді жолақшаға санап қояды.
Бір, екі, үш, төрт.
Балалар табақтарды жолақшаға санап қояды.
5 бәліш болды.
Балалар қайталайды.
Бәліш көп, ал табақ аз.
1 табақ жетіспейді.
5 табақ болды.
5 бәліш пен 5 табақ болды.
Тең, бірдей.
Иреленденген жыланға, тістелінген алмаға, желкенді қайыққа.
Балалар белсенділік танытып қатысады.
Сау болыңыз!
2. Сергіту сәті:
Жолда кележатып, алдарына алма ағашы кездеседі.(слайд 10)
Аленушка: Балалар қарандаршы бұл не?
- Алма ағашы-яблоня.
Аленушка: Алма ағашы айтшы маған аққу-қаздар қайда ұшып кетті?
Алма ағашы: Менің тапсырмамды орындасан, айтамын.
Аленушка: Балалар тапсырманы орындаймыз ба?
Алма ағашы: Менің алмаларым пісіп жетілді, бірақ жерге түспей жатыр. Денемізді қимылдап билесек, алмаларым түседі.
Бейне-ролик арқылы балаларға қимылдарды көрсету.
Алма ағашы: Балалар, сендерге көп рахмет. Аққу-қаздар өзенге қарай ұшып кетті. Сау болындар, балалар! (слайд 10) Алма ағашы.
Балалар қайталайды.
Иә, орындаймыз.
Балалар орындарынан тұрып бейне-ролик арқылы жаттығу орындайды.
Сау болыңыз!
3. Геометриялық пішіндер.
Жолда кележатып, алдарына өзен кездеседі.(слайд 11)
Аленушка: Балалар қарандаршы, бұл не?
- Өзен-река.
Аленушка: Өзен, өзен айтшы маған аққу-қаздар қайда ұшып кетті?
Өзен: Меньің тапсырмамды орындасан, айтамын.
Аленушка: Балалар тапсырманы орындаймыз ба?
Дидактикалық ойын: «Қай пішінге ұқсайды?» (слайд 12,13,14,15,16)
Өзен: Балалар, сендерге көп рахмет. Аққу-қаздар мыстан кемпірдің үйіне қарай ұшып кетті. Сау болындар, балалар! (слайд 17) Өзен.
Балалар қайталайды.
Иә, орындаймыз.
Балалар белсенділіктерін білдіріп, ойынға қатысады.
Сау болыңыз!
4. Кеңістікті бағдарлау: «Оң жағында, ортасында, сол жағында»
Жолда кележатып, алдарына мыстан кемпірдің үйі кездеседі.(слайд 18)
Мыстан кемпір: Ой, мынау менің үйім ғой.
Аленушка: Мыстан кемпір менің інімді жібер.
Мыстан кемпір: Жоқ жібермеймін, менің тапсырмамды орындасан ғана жіберемін.
Аленушка: Балалар тапсырманы орындаймыз ба?
Дидактикалық ойын: «Қай жақта орналасқан?» (слайд 19,20,21)
Аленушка: Мыстан кемпір, сенің тапсырмаңды орындадық, енді інімді жібер.
Мыстан кемпір: Жарайды, сенің ініңді балалар арасына тығып қойдым, қазір оны өзін алып шығарамын саған.
Мыстан кемпір балалар арасынан Аленушканың інісін шығарады. Аленушка қуанады.
Мыстан кемпір: Енді мен балаларды ұрламаймын, қош сау болындар, балалар.
Көзімізді жұмып, қайтадан қыс мезгіліне ораламыз. Иә, орындаймыз.
Балалар белсенділіктерін білдіріп, ойынға қатысады.
Сау болыңыз!
5. ҰОӘ талдау:
- Бүгін бізге қонаққа кім келді?
- Балалар, бүгін біз қандай санмен таныстық?
- Балалар қандай геометриялық пішіндерді қайталадық?
- Кәне балалар оң жақ қолдарың қайда?
- Ал сол жақ қолдарын қайда? Мыстан кемпір келді.
5 санымен таныстық.
Шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, сопақша.
Балалар қолдарын көтереді.
Рефлексивті-түзетушілік Белсене қатысқан балаларды мақтап, мадақтаймын. Ризашылықтарын білдіреді.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: 5 санының таңбасын, 1-ден 5-ке дейін санауды.
Қандай түсініктерді игереді: 5 санының пайда болуын.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: кеңістікті бағдарлауды, геометриялық пішіндерді бір-бірінен ажыратуды, 1-ден 5-ке дейін тура және кері санау.