Ашы? тарбие са?аты Алдымен с?й-арда?ты ата-ана?ды! 10 класс
Тәрбие сағатының тақырыбы «Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды!»
Тәрбие сағатының мақсаты:Оқушылардың бойында ата-анаға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру, ата-ананың бала өміріндегі ролін түсіндіру, ата-ананы құрметтей, сыйлай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: оқушылардың ата-анасымен түскен суреттерінен слайдтар, әке, ана туралы мақал-мәтелдер, цитаталар: «Адам жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды», «Ата-ананың қадірін білмеген –халық қадірін білмес», «Анаңды Меккеге үш рет апарып келсең де ана сүтін ақтай алмайсың».
Тәрбие сағатының барысы:
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Ата-ана - әрбір адамның қайтып соғар қазығы. Оған деген сүйіспеншілік тек жүректен шығу қажет. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде ештеңе жоқ. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың ата-ана алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады.
«Әкеге бағыну – тәңірге бағыну» деп әкені одан бетер дәріптеген. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымызда адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәтке де есінен шығармауына арналады.
2. А. Бақтыгерееваның «Ана жайында аңызы» мәнерлеп оқылады.
...Ананың кезі бар ма кекті болған.
Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан.
Ұмтылса топырақта жатқан жүрек:
«Құлыным, байқасаңшы», - депті оған...
- Ата-ананың қандай қасиеті байқалады? Ата-ана тек аңызда ғана осындай ма? Өз ата-анаң туралы не айтар едің?
3. «Ананың жалған сөзі» бейнефильмен үзінді көрсету.
- Ананың жалған сөзі туралы не ойлайсыз?
/ Оқушылардың пікірі /
4. Ой толғау.
А. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» - дегенді қалай түсінесіңдер?
Ә. «Анаңды Меккеге үш рет апарып келсең де ана сүтін ақтай алмайсың» - дегенді қалай түсінесің?
Б.Ата –ананың ақысы немен өлшенеді?
В. «Ата-анаңа не қылсаң алдыңа сол келер» дегенді қалай түсінесің?(оқушылар пікірін тыңдау)
5. «Ананың ақысы» бейнефильмен үзінді көрсету
- «Ата-ананың қадірің, балалы болғанда білерсің» қалай түсінесіңдер?
/ Оқушылардың пікірі /
6. Мұғалімнің сөзі.
Жаһандану қазақ қоғамын құрдымға батырып бара жатқандай. Бүгінде көптеген жастар ата-аналарын қарттар үйіне тапсыруды үрдіске айналдырған. Бұл –өте үлкен қасірет. Күнделікті өмірде ата-анасын ренжітіп, оларға қатты сөйлеп, қол көтеріп жататындар да кездеседі. Бұл неліктен? Оған таңданып қарағанша келешекте осынау ақжаулықты аналарымыз бен ардақты әкелеріміздің, аталарымыздың осы жалған дүниенің тозағына түспеуінің қамына кірісуіміз қажет. Шариғат бойынша ата-ананың разылығы – Алланың разылығы. Ал ата-ананың ашуы мен ызасы, яғни қарғысы Жаратқан Алланың қаһарына тең. Ата-ананың сені қарғадым деп айтуы міндет емес. Олардың көңілін қалдырудың өзі – перзенттің қарғысқа ұшырауы деген сөз.
7. Бейнефильмен үзінді «Қарттар үйі»
-Ата-аналардың қарттар үйіне қоныс аударуына не себеп болады?
/ Оқушылардың пікірі /
8. Мұғалім:
Ата-анасына мейірімі жоқ, қадірлемейтін перзентті имансыз деп айтса да артық болмайды. «Ата-аналарыңа мейірімді болыңдар, сонда перзенттеріңнен мейір көресіңдер» деген сөз бар.
Бірде бір жігіт пайғамбарымызға мынадай өтінішпен келіпті:
Әкем қартайғанның салдарынан жайсыз болып кетті. Үйіме келіп, қолына не ілінсе соны алып кете береді, - депті. Мұны естіген Расулалла баланың әкесін өзінің құзырына шақыртты. Алдына келген қарияның үстіндегі киімі әбден тозған, өзі бейшара халге түскен екен.
- Ұлыңның сөзі рас па? – деп одан сұрайды.
Ол:
- Иә, дұрыс. Мен ұлымды бақтым, қақтым, өсірдім. Азамат болсын деп жалғыз өзім тәрбиеледім. Анасы ерте дүние салған еді. Өзім жемегенді ұлыма жегіздім, өзім кимегенді ұлыма кигіздім. Қартайған кезімде бағады ғой деген зор үмітім де болған. Бірақ ұлым анасыз өскеннен бе, мейірім - шапағаты жоқ болып шықты. Маған қарайламайды, сондықтан өз күнімді өзім амалдап жүрмін. Ұлымның үйіне бара қалсам, қолыма ілінген затты ала кетемін. Ол затты сатып, ақшасына тамақ жеп күнелтемін. Бұл ісім дұрыс па, қате ме, білмеймін, - деп егіліп жылайды. Пайғамбарымыз ашуға булығып ұлына қарап:
- Тарқан дүниең, сатып алған заттарың, тіпті сенің өзің де әкеңнің жеке мүлкін дейсің! Егер тапқан табысың әкеңді бағуға жетпесе, әкең сенің өзіңді сатып жіберуге құқы бар. Сен тапқан табысыңды өзімнің ғана мүлкім деп, бұған басқаның қатысы жоқ деп ойлама! Барлық дүниеңе әкең ие! – деп қатты айтады. Халық даналығында: «Әке-шешең жынды болса, байлап бақ» демей ме? Пайғамбардан: «Ең алдымен жақсылықты кімге істейміз?» - дегенде, ол:
- Анаңа! – деді
- Одан кейін ше?
- Анаңа!
- Ал одан кейін ше?
- Анаңа!
- Ал одан кейін ше?
- Әкеңе!
/ Оқушылардың пікірі /
Мұғалім: Енді осы тақырыптағы мақал мәтелдерге кезек берейік.
1 Бала тәрбиесі бесіктен
2 Баланың жақсысы- қызық, жаманы- күйік.
3 Әке көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер
4 Бала көңілдің гүлі, көздің нұры
5 Құс балапаны үшін тозаққа түседі,
Адам баласы үшін азапқа түседі.
6 Ата бәйтерек, бала жапырақ
7 Атадан жақсы ұл туса ,
Елінің қамын жейді,
Атадан жаман ұл туса
Елінің малын жейді.
8 Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық
9 Әкең өлсе де әкеңді көрген өлмесін
10 Әкесін сыйламаған кісіні баласы сыйламайды
11 Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада
12 Ағайын алтау ана біреу
13 Ағайынның алтын сарайынын
Анаңның жыртық лашығы артық
14 Анаңды Меккеге үш арқалап барсаңда қарызыңнан құтыла алмайсың
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Адамдықтың ашқан соң қақпасын кеп,
Туған елің сүйсіне мақтасын деп.
Пәк сезіммен тілеймін адамдардың,
Анасының ақ сүтін ақтасын деп.
Борыш – ата-анаға, үлкен ұстаздар мектебіне қызмет жасап, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу. Егер нағыз адам болсандар, ең әуелі ата-ана алдындағы борышты өтеу мақсат қойындар . Қымбатты оқушылар, ата-ананың атыңа кір келтірмеңдер!
Қорытынды: Сонымен балалар біз бүгін сендермен бірге үлкен тақырып аясында ой бөлістік.Білмеген- дерімізді бір-бірімізден үйреніп білдік.Ата-ана ардақтау хақында айтылған хадистерді оқып талдадық.Осының барлығы ата-аналардың арқасы. Ол үшін алдымен ата-анамызды ардақтап,құрметтеп,сыйлау біздің басты міндетіміз екенін ұмытпайық.