Т?рбие са?аты БІРІНШІ БАЙЛЫ? — ДЕНСАУЛЫ?


Тақырыбы: Бірінші байлық - ДЕНСАУЛЫҚМақсаты:
Білімділік: Табиғаттың адам баласыңа сыйлаған басты жолдары зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру керек екендігін ұғындыру.
Дамытушылық: «Ауырып ем іздегенше , ауырмаудың жолын іздегеннің» әлдеқайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне салауаттылыққа дағдыландыру
Тәрбиелік: Балалардың бойына адами қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Тәрбие сағаты
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топтық, постер құру(жобалау әдісі)
Көренекілігі: Плакат, қанатты сөздер, интерактивті тақта, слайд.
Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды түгелдеу, сабаққа даярлығын қадағалау.
Сабақ барысы:
Денсаулық – баға жетпейтін асыл дүние. Ол жақсы болу үшін уақытты, күш жігерді, еңбекті,тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек.
Денсаулық адам өміріндегі ең жоғарғы бағалы дүние болғандықтан әр адам з денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны ысырап етпеу керек. Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Сол себептен әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын қалыптастыруымыз үшін әрқайсысымыз дене тәрбиесімен айналысуымыз ,дұрыс тамақтануымыз, зиянды әркеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз керек.
Құрметті студенттер сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең , көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын , жан –жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар.
Оқушылар: Денсаулық
Мұғалім: Олай болса жаңалыққа жаны құмар ізденімпаз жастармен «Бақытым да байлығым да – денсаулығым» атты тәрбие сағатын Елбасының сөзімен бастаймын.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан - 2050» стратегиялық бағдарламасында салауатты өмір салтын орнықтыру, халқымыздың денсаулығын жақсарту бағытында жұмыс жүргізу қажеттігін атап көрсетті.
Оқушыларды үш топқа бөліп алдарына төмендегідей үш тақырып беріледі. Плакатқа оқушылар зиянды заттардың зиянды жағын ашып көрсету ушін әр топ өзінің жобасын қорғайды.
Есірткінің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін залалы
Емделу үшін ұзақ уақыт кетедіИіскеу, шегу, ішке қабылдау, тері астын тамырға енгізу
Есірткі
Миы зақымданады, сандырақтайды, қорқыныш пайда болады. Қан қысымы жоғарлайды, қолы дірілдейді, жүрек соғысы жиілейді.


Гашиш, геройн, наша, кокайн, апиын, марихуана

Қоғамға , өзіне , туысқандарына зардабын тигізеді.

Қызметінен, отбасынан ажырайды, жақын адамдармен қарым-қатынасы бұзылады.
Кекшіл,қатыгез адамға айналады.
Ішімдік
Бос уақытын дұрыс пайдаланбау.
Денсаулыққа әсерін білмеуі.
Тұқымқуалаушылық
Өзін-өзі бағалау
Денсаулығы нашарлайды, ағзаның әрбір мүшесі зақымданады
Қылмысқа, зорлық зомбылыққа , ұрлыққа, қарақшылыққа , жол апатына т.б ұрындырады
Ішімдіктің адам өмірімен мен денсаулығы.
НИКАТИН, ШАЙЫР , КҮЙЕ
Қызық көрушілік пен еліктеушілітен пайда болады.
Жүрек,асқазан, өкпе мүшелерін зақымдайды
Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы заң
Қоғамдық орындарда
Қоғамдық көліктерде
Жасы 18-ге толмаған жасөспірімдерге темекі өнімін сатуға
Бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамалауға тыйым салынады.
Ашуланшақ, тез ренжейді. Зейіні нашарлайды, үмытшақ.есте сақтау қабілеті төмендейді, ұйқысы бұзылады.
Темекі
Темекінің адам өмірі мен денсауалығына тигізетін залалы.
Күн сайын адамдар темекі шегу, ішімдікке салыну, нашақорлықтан түрлі дертке , бақытсыздыққа шалдығады. Зиянды әдеттер арқылы адам өзінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді, жақын адамдарына ауыртпалық түсіріп, қоршаған ортаға зиян келтіреді.
Енді топтарға мақал-мәтел жарысын өткізсек.
1. Ауырып ем іздегенше , (Ауырмайтын жол ізде )
2. Ішпеген, шылым шекпеген,  (Жасайды жылдар көптеген.)
3. Қайғы қартайтады. (Қуаныш марқайтады)
4. Адам арақты ішеді,  (Арақ ақылды ішеді. )5. Жасында темекісін будақтатқан, ( Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан )
6. Арақ- ішіп ішіне көшеді, (Ақыл шөлмек ішіне түседі )
7. Тыста ұзақ жүргенің, (Ұзақ өмір сүргенің.)
8. Ішпеген, шылым тартпаған, (Денсаулығын сақтаған )Зиянды заттардың алдын алу.
Дене шынықтыру жаттығуларын жүйелі орындау
Спортпен шұғылдану
Салауатты өмір салтын ұстану.


Зиянды заттардың алдын алу

Дұрыс тамақтану.
Бос уақытын дұрыс ұйымдастыру


Өзін-өзі сыйлау , жауапкершілік сезімнің жоғары болуы.

Қорытынды.
« Бақытым да , байлығым да – денсаулығым» атты тәрбие сағатымыздың соңына келіп жеттік. Міне, балалар, біздің темекінің, есірткінің , ішімдіктің зиянын білуімізге арналған уақытымыз таяу қалды.
Әр адам өз денсаулығын сақтай жүруі керек. Оны бізге өте қымбат дүние десекте болады.Тәрбие сағатымызға атсалысып қатысқандарыңызға рахмет айта отырып , төмендегідей өлең жолдарымен бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Ей, ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар
Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар.
Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып
Жақсы үмітпен, сеніміңнен таймаңдар
Салауатты өмір са лтын сақтаңдар
Болашаққа нық қадам бастаңдар!!!