«?ас?ыр, т?лкі ж?не ?теш» ертегісі П?ні: Тіл дамыту


Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Қасқыр, түлкі және әтеш» ертегісі
Пәні: Тіл дамыту
Мектепалды даярлық «Б» тобы
Тәрбиешісі: Дайрабаева Айдана Талапқызы
2015-2016 оқу жылы
Тәрбиешінің аты-жөні: А. Дайрабаева Бекітемін:-----------------
Білім беру саласы: Қатынас 15.10.2015
Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
Сыныбы: Мектепалды дайындық
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы «Қасқыр, түлкі және әтеш» ертегісі
Оқу іс-әрекетінің танымдық мақсаты Ертегі мазмұнын баяндап әңгімелеуге, берген сұрақтарға толық жауап беруге үйрету.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер «Топтастыру әдісі», «Мен жасырам, сен табасың» «Ойлан, бірік, бөліс», «Сұрақ меннен, нақты жауап сізден» «Менің шеберлігім», «Соңғы бес минут».
Дереккөздер мен құрал-жабдықтар Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, суреттер, плакат, маркер, смайликтер,қарындаш, оқулық, интерактивті тақта, бор.
Күтілетін нәтиже Ертегі мазмұнын айта алады. Кейіпкерлерді суреттей біледі.
Тапсырмалар Тірек сызбамен жұмыс, жұмбақ шешу, топтық жұмыс, топтастыру, жеке жұмыс, рөльдік ойын.
Кезең
Уақ
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті Тапсырмалар Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау
Мотивациялық 10мин 1.Балаларды түгендеп, психологиялық дайындық өткізу.

2.Топқа бөлу. (ертегі кейіпкерлерімен: қасқыр, түлкі, әтеш)
3.Өткен сабақты қайталау.
«Топтастыру» әдісі.
Мақсаты: өткен сабақ бойынша үй жиһаздарын қаншалықты меңгергендіктерін білу.

Мұғаліммен сәлемдесіп, шаттық шеңберін құрып:
Адал жақсы ниетпен,
Бар адамға бақ тілеп.
Бүгін біздер сабақты,
Өткіземіз жақсы деп.
Әр бала өзіне берілген кейіпкерлер бойынша үш топқа бөлінеді.
Өткенді еске түсіру үшін берілген суреттер бойынша үйдегі жиһаздарды топтастырады. Шеңберге тұрып сәлемдесу.
Бүгінгі сабақ тақырыбына сай топқа бөліну.
Топтық жұмыс: үйде болатын жиһаздарды топтастыру; бір қабатты үй мен көп қабатты үйді салыстыру; өз үйлері жайында әңгімелейді. Мадақтау
Смайлик
Операциялық кезең 15 мин «Мен жасырам, сен табасың» әдісі.
1.Мал өрісін жағалап,
Қақпаннан ол қорқады.
Әр ауылды сағалап,
Азық іздеп жортады
(қасқыр)
2.Қулығы бар шамалы,
«Шапаны» тым бағалы.
Адам содан жасайды,
Тымағы мен жағаны.
(түлкі)
3.Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай.
(әтеш)

Жаңа сабақ: «Қасқыр, түлкі, әтеш» ертегісі
Ертегі мазмұнын үнтаспадан тыңдату.
Сөздік жұмысын жүргізу.
Шаһар-қала.
Мұржа-пештің, ошақтың түтін шығаратын мойны, түтіндік.
Күлтеле-шоқтау, шоғырлау. Түлкінің күлтеленген құйрығы.
Топтық жұмыс ұйымдастыру. «Ойлан, бірік, бөліс»
Жұмбақтың шешуін табады.
.
Сұрақтарға жауап береді.
Ертегіні үнтаспадан тыңдай отырып, мазмұнын түсінеді
Естерінде сақтайды.
Берілген тапсырманы үш топтың балалары топта ұйымшылдықпен орындайды. Ертегі кейіпкерлеріне арналған жұмбақтар жасыру.
«Сұрақ меннен, нақты жауап сізден» әдісі
1. Ертегі кейіпкерлерін атаңдар.
2. Қасқыр, Түлкі және әтеш не салмақ болды?
3.Түлкі Қасқыр мен Әтешке қандай тапсырма берді?
4. Түлкі өзі не істеді?
5. Ертегі қалай аяқталды?
-Балалар, сендерге ертегідегі кейіпкерлердің қайсысы ұнады, қайсысы ұнамады? Шаһар салу үшін не істеу керек еді?
1-ші топ: «Қасқыр, түлкі және әтештің жолын тап» дидактикалық ойын.
2-ші топ: Рөльдік ойын «Ертегіні сахналау».
3-ші топ: «Менің шеберлігім» әдісі бойынша тақырыпқа сай шығармашылық өнім жасайды. Мадақтау
Ынталандыру
Өзара, сыныптастарды бағалау.
Рефлекциялық 5 мин «Соңғы бес минут» әдісі
Бүгінгі сабақтан үйренгендерін сұрау.
Кері байланыс (смайликтер)

2-3 бала бүгінгі сабақтан үйренгенін бастан аяқ баяндайды. -Ертегі кейіпкерлері кімдер?
-Олар не істеді?
-Ертегі немен аяқталды?
-Кейіпкерлердің орнында өздерің болғанда не істер едіңдер?
Жұлдызша
Сабақтан кейінгі рефлекция
Не сәтті өтті? Неліктен? Не сәтсіз өтті? Неліктен? Оқу іс-әрекетінде кездескен қиындықтарды шешу үшін не істеймін?