Ана — ?мірді? шыра?ы атты ?аза? тіліне арнал?ан сыныптан тыс шара
Тақырыбы: Ана- өмірдің шуағы
Мақсаты: 1. Қазақ халқының әдет-ғұрып ,салт- дәстүрін қыз балалардың бойына
сіңіру.
2.Әдептілік, инабаттылық, шыншылдыққа баулу.
3.Ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, кесте.
Барысы: IҰйымдастыру сәті
Жүргізуші: Құрметті аналар, ұстаз аналар, бүлдіршін қыздар! Сіздерді 8-нау-
Рыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық
Мол бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз.
Қазір аналар мен қыздар сайысын тамашалайық. Сайыстың мазмұны:
«Салт- дәстүр- асыл қазынам»
Әндікөбіректыңдайсыз ба?
«Мақал- сөздіңмәйегі»
I Сайысымызды бастамас бұрын мейірімге толы жылы сөздер айтып көңілімізді көтеріп алалық.
1 оқушы: Кім сендерді , балалар, сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын?
2 оқушы: Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын
3 оқушы: Кім сендерді, балалар, тербететін,
Еркелетіп, ойнтып сергітетін!
4 оқушы: Жалқау болсаң, балалар жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
5 оқушы: Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең?
6 оқушы: Бетін жуған жасымен сорлы анаңа
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.
7 оқушы: Кім сағынар, сендерді келгеніңше,
Құлындарын көзімен көргенінше?
Бәрі: Ол – Ана.
Жүргізуші: Ана, осы бір жалғыз ауыз сөзде талай сыр, талай терең мағына
Жатыр. Ананың балаға деген шексіз махаббаты, адамдарға деген мейірімі, ақ
тілегі, сәби үшін қаншама қиындыққа төтеп беретін төзімділіктің бәрі тек осы сөзге сыйып тұрғандай.
Анаға ән арнамаған әнші де, күй арнамаған күйші де жоқ шығар бәлкім.
Оқушы: Ақын боп әділдікті жақтап өтем,
Ананың ақ үмітін ақтап өсем.
Әдеп пен инабатты ақтап өскен,
Қазақтың аруларын мақтан етем.
8 наурыз күні құтты болсын,
Аналар мен арулар мерекесі!
Жылысөздерадамғақуатбереді, өміргедегенсенімділіктіарттырады.
Аналар мен қыздарғаарнағансұрақтарымыздыбастаймыз.
IIСалт- дәстүр -асылқазынам
Аналарға:
1. Еттентабақтартудәстүріненсұрақ. Қыздартабағынақандайетмүшелері
салынады?
»Абысын тату болса , ас көп» дегенсөзбар.Сондағы «абысын» кім?
Таукесертойытуралы не айтуғаболады?
«Жиен ел болмайды, желке ас болмайды» дегендегіжиенкім?
Қандайжілікқызбалағаберілмейді?
Қызбалаларға:
Қазақхалқыныңұлттықкиімдерінатаңдар.
2. .Қазақхалқыныңқандайұлттықтағамдарынбілесіңдер?
3.Қазақеліндеертеденкележатқанқандаймейрамдардыбілесіңдер?
.Қыздарғаарналғансәндікзергерлікбұйымдар
5.Ұлттық ойындардың түрлерін атаңдар.
Би: Беларус биі .
III Мақал – сөздің мәйегі
Ата дәстүр- абырой көтергенге,
О, бұл сөздер сүйектен өтер демде.
Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Қанатты сөз , мақал мен мәтелдерге.
Аналар қыз балалар туралы, ал қыз балалар аналар туралы мақал
Айтады.
Хор: «Аналар»
IYҚорытынды
8 наурыз мерекесінде аналарымыз, әжелеріміз қаншама жылы лебіздер
естиді десеңші!
Ерлері мен бауырлары , ұлдары мен немерелері келісіп қойғандай оларға
«Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адамсың» деген сөздерді ай-
Тады. Иә, бүгін олардың күні, сол мереке қашан да бола берсін!