Ашы? саба?: Классикалы? опера ?нері


Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы
Мәркен Ахметбеков атындағы орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Классикалық опера өнері»
Өткізген: Музыка пәнінің мұғалімі
Султанова Арайлым Ардаққызы
Сынып: 5
2017 жыл
Сабақ тақырыбы: «Классикалық опера өнері»
Мақсаты: Әлем халықтарының кәсіби музыка опера өнерін біледі.
Күтілетін нәтиже: Классикалық опера жанрларының ерекшелігін білді.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақСабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жұптық және топтық жұмыс, ауызша және жазбаша жұмыс түрлері, музыка тыңдату,әңгімелеу,суреттеу Көрнекі құралдар: Интербелсенді тақта, плакат қағаздары.Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру сәті: Сәлемдесу, оқушыларға сәттілік тілеу,
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
III Жаңа сабақ
Үй тапсырмасын сұрау:
(Сұрақ арқылы,жауабы тақтада берілген)
1.Алғашқы балет қалай пайда болған? (16 ғасырда)
2.Ең бірінші осы балет өнері қайдан бастау алды? (Патша сарайларында,кейін келе француз патша сарайларында да орын алды)
3.Басында балалар олар өкшесі бар аяқкиімдер киген,сосын бертін келе арнайы қандай аяқ киімдер кие бастады? (Пуанта).
4.Балет қойылымдарын кімдер жасайды? (Балетмейстр)
5.Екі кісілік биді не деп атаймыз? (Па-де-де),ал көпшілік биді (па-де-труа,па-де-катр,гран па).
6.1934 жылыалғаш рет не ашылды? (Алматы қаласында Абай атындағы опера және балет театры алғаш рет ашылды)
7.Осы жылы сонда қандай жанр пайда болды? (қазақ би).
Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту.
Оқушыларға жаңа тақырыбты ашу үшін әр түрлі сұрақтар қою керек
Топқа бөлу. Екі түрлі суреттер ұсынамын. Таңдаулары бойынша оқушылар сол түрлеріне қарай топқа бөлінеді.
Мағынаны тану
Операның отаны? (Италия)
Операның театрларда қойылатын қойылымдардан ерекшелігі? (Опера-театр сахнасында қойылатын музыкалық-драмалық шығарма)
Операны немен сүйемелдейді? (Хор,би,ән,ария)
Топпен жұмыс.
I топ. «Опера» туралы мағлұмат
II топ. «Театр» туралы түсінік беру
Дәптермен жұмыс:
Жаңа музыкалық терминдер жанрларОпера-(италь. «еңбек, жұмыс») музыкалық драмалық шығарма.Жеке айтылатын ән (ария, ариозо, каватина, монолог, баллада).. Речитатив (тақпақ сазды қысқа әуен).. Ансамбль (дуэт, трио, квартет, квинтет).. хор көріністері, би, оркестрлік нөмірлер (антракт) опералық музыканың түрлеріне жатады.. Увертюра-операның мазмұнын ашатын,операның алдында ойналатын музыкалық шығарма.. Либретто-Операның мәтіні.
Ән үйрену:
«Наурыз-думан»
Әнін жазған:Т.Сарыбаев
Өлеңін жазған:М.Мақатаев
Наурыз, наурыз, күн игі!
Күні игі жердің - түрі игі.
Бауыры жылып науат-қар,
Бабымен ғана жібиді.
Наурыз, наурыз, күн игі!
Күні игі жердің - түрі игі.
Шашылып ырыс шанақтан,
Шақырып бір үй бір үйді,
Шаттанушы еді бір игі.
Қайырмасы:
Наурыз айы туғанда,
Той болушы еді бұл маңда.
Сақталушы еді сыбаға,
Сапарға кеткен ұлдарға,
Наурыз айы туғанда.
Осынау игі кең жерге,
Наурыз айы келгенде,
Наурыз тойын болғанда,
Келіп ем өмір –орманға,
Осынау игі кең жерге.
Наурыз тойы келгенде,
Көрмегендер де - арманда,
Арманда - оны көрген де.
Наурыз тойы келгенде.
РЕФЛЕКСИЯ
«Таңдау» әдісінде  бес пікір жазылған парақ беріледі.
1.Мен сабақ  қызықты, қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: көп нәрсені үйрендім, үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды  мұқият,    зейінсіз тыңдадым.
4. Мен пікір сайыстарға жиі, сирек қатыстым.
5.Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын,   риза емеспін.
Оқушылар қандай білім алғандарын көрсетеді.
Бағалау. Бағалау парақшалары арқылы бір-бірін бағалайды.
Үй жұмысы: Бүгінгі бекіткен «Классикалық опера өнері» тақырыбына байланысты сұрақтық тест құрастырып келіңіздер.
«Наурыз-Думан» әнін жаттау