Разроботка урока по музыке тема ?ыз Жібек опера-жыр -кино


Сыныбы 5 «А», «Ә», «Б» Күні 04.04.2017ж.
Тақырыбы«Қыз Жібек»: жыр-опера-кино
Мақсаты  
Жырдың тақырыбын, идеясын, тартысын  нақтылай отырып, кейіпкерлер сипатын жан-жақты ашу, теориялық білімдерінің негізінде жырдан, кинодан үзінділер талдату, жырдың өміршеңдігін,операдағы  оның маңызын ұғындыру.
Қазақ музыкасы мен кәсіби музыка арасындағы байланысты сезіндіру.Классикалық музыканы тыңдай білуге дағдыландыру.
Адалдықты, достықты, адамгершілікті паш ету, халқымыздың әдет-ғұрыптарын қадірлей білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижеА. Әндерді нақышына келтіріп орындай алады, жыр мазмұнына талдау жасай алады.
В. Музыкалық сауаты , танымы ашылады.
С. Музыкаға деген қызығушылықтарын артады.
Шығармашылық қабілеттері дамиды.
Дереккөздер, құрал-жабдықтарАКТ. Композитор шығармашлығы , операның  негізгі оқиға желісі,  ресурстар мен стикерлер, түрлі смайликтер, үнтаспаСабақтың барысыУақытыМұғалім әрекетіОқушы әрекетіКіріспеҰйымдастыру3 минут Амандасу.
«Сәттілік» тренингіТопқа бөлу1.Амандасады.
2. Сәттілік тілеп, бір-біріне қолдау көрсетіп, жағымды қарым-қатынас орнатады.
ТұсаукесерҮй тапсырмасы15 минут Үй тапсырмасы тексеріледі.
«Өкіл» әдісі арқылы тексеріледі. Әр топқа өкіл барып оқушылардың тақырыпты меңгергендігін тыңдап, түрлі стикер арқылы бағалайды.
«Сиқырлы сұрақ» Жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар даярлау. «Бағалау ағашы» арқылы бағаланады. Топтамаша арқылы өкіл сайлаған оқушы келесі топқа барып,оқушылардың жауаптарын тыңдап, өзара бағалайды.
 
 
Берілген жауаптарға сәйкес жоғары, Төмен дәрежелі сұрақтар дайындайды.
 
Негізгі бөлім20 минут Е.Брусиловскийдің өмірі мен шығармашылығы жіне «Қыз Жібек» лиро-эпосы туралы  ресурс беріледі.
Ойтолғау.
Шығармашылық тапсырма беріледі. Берілген ресурстар бойынша постер қорғау тапсырылады. Критерий бойынша бағаланады.
«Қыз Жібек» операсынан Жібектің ариясы «Гәкку» әні тыңдатылады. Берілген ресурстармен топта танысып, өзара пікір алмасады.
 
 
Оқушылар стикерлерге ақын шығармашылынан алған әсерін жазады 
 
 
 
   4.Ән орындайды.
Қорытынды7 минут Сағат тіліндегі сандар оқушыларға үлестіріледі. Сандарға сай сұрақтар беріледі.
Формативті бағалау.
   «Бағалау ағашы» арқылы бағаланып отырады3.Рефлексия
4. Үй тапсрмасы беріледі. Оқушылар өздеріне берілген сағат тілінің сұрақтарына жауап береді.
Жауаптарын бағалау ағашына белгілеп отырады.
Кері байланыс парағын толтыру.
Тапсырманы белгілеп алады.
Сабақтың талдау 
Сабақ бойынша өзгертулер 
Қыз Жібек "Қыз Жібек" әңгімесі көп заманнан бері ел аузында сақталып, жыр болып айтылып келген әңгіме және ол қазақтың романтикалық ғашықтық жырлары ішіндегі бір көркемі, көлемдісі. Жырды ең алғаш Зайсан уезінің (осы күнгі Шығыс Қазақстан облысы) бір белгісіз ақыны жазып алып, 1870 жылдар шамасында Қазанда бастырған. Бірақ бұл нұсқа біздің қолымызда жоқ. Кейінде басылған нұсқасында мынадай сөздер ұшырайды: Басында менен жайылды,Қисса болып бұл Жібек,Баспасына қарасам,Бәрі шала сөзінің,Еңіреп, жылап, жүр жүдеп,Қисынсыз болған сөздері,Жыламақ түгіл, күлмеймін, - дейді. Жырдың осы нұсқасы 1876, 1905, 1909, 1911 жылдары Қазанда Хұсаиновтар баспасында бірнеше рет басылып шықты. 1925 жылы осы нұсқаны қазақтың ауыз әдебиетін жинаушы Әбубәкір Диваев Ташкентте бастырды. Одан кейін 1933 жылы Қызылордада, 1939 жылы Алматыда "Батырлар жыры" жинағына қоса басылды. Жібек әңгімесі шын оқиғадан туған, бірақ дәл қай кезде туып жасалғанын кесіп айту қиын. Мөлшермен айтқанда, "Қыз Жібек" әңгімесі XVII ғасырда туғанға ұқсайды. Жырда Жағалбайлы елінің қонысы Қара теңіз жағасы деп келеді. Мұнысы Каспий (Атырау) теңізі болуы керек. Сол кездегі Шектілердің қонысы Ақжайық болған. Бұл екеуінің арасы қоныс жағынан шалғай емес. Қазақ даласы патшалық Россияға қарағанғa шейін Жағалбайлы елі Ақжайық бойын мекен еткен. Осы кезде де Жаманқала (Орскі), Магнитогорск маңында Жағалбайлы жұрты аз емес. Жібек әңгімесінің заманын білуге жолбасшы болатын тарихи деректің бірі - қалмақтардың Ақжайық бойын жайлаған Шекті елін жаулап алуы. Жырдың екінші саласы осы жаугершілік заманға келіп килігеді. Жайық бойындағы аз ру Шектілерге торғауыттардың ол кезде, белгілі бір кезеңде үстем болуы рас. Жыр геройының бірі - Төлеген. Төлегеннің өмірін сипаттағанда ақын оның туған күнінен бастап, өлген күніне дейінгі ісін суреттейді. Мұнысы жырдың эпос жанрына толық ұқсайтындығын көрсетеді. Соның ішіндегі ең басты сарын Төлегеннің еркін махаббат, азаттық іздеген талабы болып отырады. Жайыққа алғашқы аттанған сапарында артынан жылап келіп, "барма, қал" деп тілек еткен анасы Қамқаға Төлеген: Бір сұлу алмай, шешеке-ау,Сірә да көңілім тынар ма.Талап қылған ісіненАт басын ерлер бұрар ма, - деп, торықтыра жауап береді. Қыз Жібекке екінші рет жүретін жолында ол артынан жылап келген інісі Сансызбайға: Батырлық, байлық кімде жоқ,Ғашықтық жөні бір басқа, - деп, батырлық пен байлықты мұрат етпей, көбіне сол асыл жар сүюді арман етеді. Төлегеннің осы сипатын әсірелеп көрсету үшін ақын түрліше композициялық әдіс қолданады. Қыз Жібектің көшін қуғанда Төлегеннің ғашық жарын көруге асыққан көңілін жыршы оның атының шабуынан байқатады: Жер тарпынып жануар,Ауыздықты басады.Алдындағы белестенОрғытып кеп асады. Бірақ ор қояндай секіріп, ұшқан құспен жарысып келе жатқан көк жорға аттың жойқын шабысы да Төлегенге текірек сияқтанып көрінеді. Төлегеннің көш қуған жері - ғашық жүрегінде жанған үміттің аса бір жарқын, бақытты, зейнетті кезеңі. Төлегеннің сүйіспеншілік талабына бөгет болған төрт түрлі қара күш кедергі бар. Бірінші бөгет шөлстан - алыс жол; екінші бөгет - ата-ананың теріс батасы, тағдырдың теріс қарауы; үшінші бөгет - көмексіздік, жалғыздық; төртінші бөгет - Бекежанның жауыздығы.Жырда Қаратеңіз жағасын жайлаған Жағалбайлы елі мен Жайық бойын жайлаған Шекті елінің арасы жүз күншілік шөл жазира, құс қонбас құла дүз болып сипатталады. Сол шөлстанның ең бір жексұрын ұры қарақшы мекен еткен жері - Қособа. Төлегеннің ең рақымсыз, тілсіз жауының бірі - осы Қособа. Мұндай табиғат бөгеті Қозы мен Баянның да түбіне жетеді. Мұның үлкен жұмбағы бар. Бұрынғы ғашықтардың қай-қайсысын алсақ та, олардың мақсатына жетуі жолында тұрған бөгеттің бір саласы адам жауыздығына байланысты болса, екінші бір саласы табиғат бөгетіне байланысты айтылады.