Музыка мектебіні? о?ушыларына Дина Н?рпейісованы? домбырада ойнау т?сілдерін ?йрету


Қазақ аспаптарының музыкасындағы күй жанры ғасырлар бойы қалыптасып атадан балаға,қолдан-қолға жалғасып келе жатқан ерекше мақтан тұтар асыл қазына ,баға жетпес көркемдік байлық.
«Күй-адам көкірегінің ең сұлу жан сыры»деп дәл суреттеп берген екен. Халық арасында кең тараған әншілік өнерде домбыра да,күйшілік дәстүрді де өз бетінше жекеленіп, дәстүрге айналды. Халық өнерпаздарының жоғары көркемдік талғамы мен ұлттық үрдісі өнердің айрықша дамыған түрін көрсетеді.Домбыра ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасасьш келе жатқан, оның рухани жан серігіне айналған музыкалық аспаптарының бірі.
Күй шертудегі дәстүрлік ерекшеленеді,ұлттық бедер нақышты өз қалпында сақтауға барынша көңіл бөлінуде. Мәселен, Дина Нүрпейісова, советтік отанымыздың бақытты окушыларына арнаған «Әсем қоңыр»күйін шығарды. «Әсем қоңыр» жарқын,көңілді шығарма, бұдан балалардың балғын күлкісі, шаттық шуы анық естіледі. Дина Нүрпейісова домбыра үнінің шамасы жеткенше бақытты балалардың образын дәл жасап, домбыраны оқушыларына «сөйлетуге» олардын мұңсыз шар құрған дауыстарын көрсетуге тырысқан. «Әсем қоңыр» бейнелеу ғана күй емес, мұнда домбыра тілімен күн нұрындай жарқын қуанышты, бақьтты совет балаларының өмірі суретт елген.Оқушыларға Дина Нүрпейісованың ерекше бір тәсілдерін қарастыратын болсақ, екі саусағымен ешқандай домбырашының саусақтары жетпейтін, алшақ жататын пернелерді баса алатын. Дина домбыра техмикасына ерекше өзінше өзіндік аппликатура кіргізіп кетті.
Соның арқасында Дина домбыраның ең қиын пассаждарын еркін тартатьн. Оның күйлерін пластикадан үйреніп тарту қиьн. Динадай тарту үшін оның өзінің домбырашы қалай тартатыны көру керек. Біздің тұсымыздағы домбырашылардың ішінен Динаның күй тарту әдісін дұрыс үйреніп алып тартып келе жатқандар. Халық артисі Қали Жантілеуов, Құрмангазы атъндағы оркестрінің концертмейстірі Рүстембек Омаров, осы оркестрдің домбырашысы Гүлмән Әлжанова
Домбыраның ең терең сырын ашатын, оны соншалықты күшті үн шығуына мәжбүр еткен,музыкалық бейнелеудің шыңына шыққан Дина тамаша талантты адам.Өз отанының шәкірттерінің өркендеуіне ел қуанышына,халықтардың ұлы достығының жан қиярлық майталман еңбегіне қол көтерген қатал күшке қарсы, ызалы кекке толы көп күйлердің автор Дина Нүрпейсованың творчествасы бұрынғы мен бүгінгі өмірдің нәріне тоғысып жатады. Дина Нүрпейсованың өнерінің маңыздылығын, оның қажеттілігін жас ұрпақтарға, ол сақтап келген орындаушылықтың шеберліктің салтын жеткізудің қажеттігін атап айтпасақта болады. Өйткені барлық халықтардың мәдиетінің жақсы қорын қорғау және сақтау қажет екендігі белгілі. Ал Дина Нүрпейісованың искуствасы сол салттардың ең жақсы түріне жатады. Окушылардың тәлім- тәрбиесінің басты құралы -домбыра аспабы десекте, қателеспейміз. Сондықган да, мектептерде, музыка мектептерінде де домбыра аспабы негізінде қалыптасып жеткен -тәрбие көзі эстетикалық әсемділікке жетелейді.
Дина Нүрпейісованың елге қалдырған шығармалары мен домбырада ойнау тәсілдерін,оң қолы мен сол қолының небір сыр қырларын,үлгілерін оқу орындарында оқытып қоймай ғана қасиетті домбыра аспабының негізінде қальштасатын қағидалы тұжырымдарды да тәрбие көздері етіп енгізу керек. Әр оқушы іздену, ұқсау,еңбектену қасиеттерді миға ендіру арқылы музыка үнінің көмегімен «мен білемін» деген сөзді кіргізу арқылы жетістікке жете алады.Талант иесі ішкі жан тілін сезімге баулайды.
Ал сезім еңбекке дағдылайды. Еңбек талантты ұштайды. Домбырада ойнау тәсілдерін үйрену, ойнау, жаттау, айту бұның бәрі еңбек нәтижесі. Дина Нүрпейісованың күйін орындағанда бабына келтіріп тамылжыта, тебірене орындауға міндетті. Әрине, бұған қарап домбырашы репертуарын күймен ғана шектеп қоюға болады.,деген ұғым болмауы керек.
Дина Нүрпейісованың домбырада ойнау тәсілдерін, екі қолының шеберліктерін оқушыларға үйрету ол үлкен еңбекті қажет етеді.
ДинаНүрпейісованың домбырада ойнау тәсілдерін болашақ өнер мектебінің оқушыларына өз дәрежесінде жеткізіп ойнауды үйрететін болсақ Динаның домбыраның перне басысы домбыраның шегін саусақ сезіміне билетуі, бұрын сонды жұрт көрмеген домбырашылықтың керемет өнері деуге болады. Ал оң қолы шекті аспапты тарту әдісі жөнінде шек қағудың алуан түрін оқушыларға көрсетіп жеткізуге болады. Дина Нүрпейісова домбыраның үнін барынша күмбірлете шығаратын жерлерде де саусағы домбыраның бет тақтайшаға тимейді. Оң қолының шапшандығы сонша, кей жерлерде қолының буын қимылдары мүлде аңғарылмайды. Күйдің көтеріңкі, толқынды жерлеріне келгенде бет құбылысы мүлде өзгеріп, домбыраның сабын сәл көтеріп, ілгері тартыла, аузын аша, дайын шығарманы емес, дәл қазір ойдан шығарып тартып отырған сияқтанады. Оқушыларға Дина Нүрпейісованың күйлерінінің орыңдалуы, ерекшелігіндегі маңыздылық өлшемділігі, ырғақтық иірімдеріне музыкалык талдау жасау арқылы шығарманың құрылымын ашып үйрету. Осының бәрін меңгеріп орыңдау үшін музыка көмегі арласқан жағдайда ғана олардың құны өте жоғары болады. Аспап әуен, сөз бір мезгілде қатар қосылып, тең жүргенде өз нәтижесін көрсетеді. Осы айтылғандардың бәрін бір мезгілде бір адамның орыңдап шығуын талант иесі дейміз, ал талант ішкі өз рефлекс күшін еңбек арқылы оята біледі. Домбыра тартып әр дыбысын есептеп ойнау математика пәні. Домбыра тартъш қағу, перне басу, бір мезгілде әуен дыбысын анық шығару, оған қосылатын поэзия сөзін дауыс ырғағымен дал айту логика пәні.
Сырт көзге көріне бермейтін мәні зор домбырадан қалыптасқан тәрбие үлгісі адамның ой ұшқырлығын шыңдауға ата-бабадан кәсіп болған дәстүрді дамытуға, өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыратыны анық. Домбырадан тараған тәрбие -білімнің қайнаған бұлағына, саркылмас қазынасына, дәстүр табиғатына,қазақ дініне өз үлесін қосып келе жатқан үрдіс. Ендеше киесі сақталған домбыраның негізінде білім беру көзделсе бүгінгі келесі із жағдайлар мен шешімін таба алмай жатқан жамандық атаулыдан айырылып,өзінің төл мәдениетіне қарай бұрылып тарихы мен тілін сүйіп, өзгені сыйлауға бой ұрған еді.
Сондықган жалпы музыка мектеп оқушыларына домбыра беріп, аузындағы тілше дуалы терме айтқызып үйретсе, нұр үстіне нұр болар еді. Дина Нүрпейісова айналасындағы жастарды жинап домбыра үйретуден жалыкпаған. Қазактың жас домбырашыларына өнерін барынша үйретті. Музыкалық шығармаларды оқушыға үйрету үшін мұғалім, ең алдымен ол шығарманы өзі жан-жақгы білуі керек. Демек, музыкалык шығармаларды үйрету үшін, оқушыға әрбір шығарманы талдап, оның есінде сақталатындай дәрежеде қарапайым тілмен түсіндіре білуі қажет. Тәжірибеде көрсеткендей тек ұстаз басшылығымен үйренген музыкалык шығармалар арқылы ғана окушының музыкалық орындаушылық шеберлігі техникасының өсіп-жетілетіні біздің сөзімізді растайды. Динаның үйінде музыкантшылар қаптап жүретін, ол қажымай талмай күй тартатын, октябрь таңына дейін басынан өткізген жайларды әңгімелейтін. Жаңа өмірдің жайын музыкалық өмірдің жаңалықтардың құмарта тындайтын. Домбырашының сол қолының әдіс өнерін үйрену қиын. Ал Динаның оң қолының әдісін үйрене алмаған домбырашыдан ештеңе шықпайды дейтін асқан домбырашылардың сашы жадында қалған Дина. Әдетте жас домбырашылары айнаға қарап домбыра тартып отырған Динаның домбырада ойнау әдістерін үйрену үшін желке тағына келіп тұрьш,сол қолының мәнеріне көз айырмайтын,көңілі келсе Дина қасына келіп тұрған шәкірттеріне байқамағансып,домбырасын тарта беретін, ал көңілі келмесе олардың бірін қалдырмай қуып шығатын. Оның домбыра тартуының әсері, домбыра тартуының шеберлігі адам сенуге болмайтын ғажайып. Тамаша домбырашы тартудың қаңдай әдісін қолданбайды, осы аспаптан қандай үн шығармайды десенші. Домбыраны ол құшақтап алмайды, домбыра оның қолына ілесіп ұшып, тамаша саусағының жоғарлауына ілесіп дедектеп отырады.
Домбыраның ең терең сырын ашатын, оны соншалыкты күшті үн шығуына мәжбүр еткен, музыкалық бейнелеудің шыңына шыққан Дина тамаша талантты адам. Өз отанының шәкірттерінің өркендеуіне, ел қуанышына, халықтардың ұлы достығының жан қиярлық майталман еңбегіне қол көтерген қатал күшке қарсы, ызалы кекке толы көп күйлердің авторы Дина Нүрпейісованыңң творчествасы бұрынғы мен бүгінгі өмірдің нәріне тоғысып жатады.