Тарих п?нінен ?лтын ?лы?та?ан азамат та?ырыбында ?о?ам ?айраткері, Ма??ыстаулы? Сайын Н?дір?лы Шапа?атов туралы ашы? саба?


Жарылғасын Зияда Ақниязқызы
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Ұштағн орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Ұлтын ұлықтаған азамат
Мақсаты: Қоғам қайраткері,Маңғыстаулық Сайын Нәдірұлы Шапағатовтың өмірімен таныса отырып,ұлт жанашырының қоғамға қосқан өлшеусіз еңбектерін танып білу;
Сайынның жан-жақты сырларын аша отырып,өлеңдерін жаттау және деректер арқылы оқушылардың қоғамдық өмірге деген көзқарастарын дамыту;
Өнегелі өмірі мен ғибратты ғұмырын оқушыларға үлгі ете отырып, патриоттық,ұлттық құндылықтарды дәріптеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Слайдтар,бүктеме,суреттер-деректер,шарлар
Сабақтың түрі: ашық тәрбие сағаты-әдеби монтажды
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
2. Мұғалім сөз: Армысыздар, ұстаздар, оқушылар!
Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз қоғам қайраткері «Парасат»қорын ұйымдастырушы жерлесіміз Сайын Шапағатовтың 75 жылдығына орай, өмірі мен еңбек жолына арналып отыр. Қабыл алыңыздар.
(Үнтаспа қосылып,Сайын Нәдірұлы Шапағатовтың өмірі мен еңбек жолы туралы оқылады) Видеопроектордан слайдтар жүргізіліп тұрады.
1-жүргізуші- Ғаламат:Ассалаумағалейкум, көрермендер! 2-жүргізуші –Нұрсұлтан: Ар ма, құрметті халайық!
1-жүргізуші: Кейіпкеріміз Сайын Шапағатов 1940жылы 4 қаңтарда Маңғыстауда Каспий теңізі жағасындағы Тельман ауылында (Сығынды ауыл кеңесі)дүниеге келді.Зерек те сезімтал,қоғамшыл-көпшіл болып өскен Сайын мектепті үздік оқыды,қоғам жұмысына белсене араласты. 6 кластан бастап спорт секциясын басқарды.8 кластан мектеп бітіргенге дейін оқушылар комитетінің төрағасы болды.
2-жүргізуші: 1957-1962жж. Алматы тау-кен институтын ,1969ж Мәскеуде Губкин атындағы мұнай-газ өндірісі институтын бітірді.1962жылдан Каспий аймақтық тау-кен комбинатында,Маңғыстау мұнай бірлестігі жүйесінде тікелей өндірісте және бөлім бастығы қызметтерінде,одан әрі облыстық,қалалық,аудандық партия ,комсомол,кәсіподақ ұйымдарында басшылық жұмыстарда болды.
1-жүргізуші 1989жылғы Өзен оқиғасынан кейін халықтың бірлігін,достық,татулық қарым-қатынастарды сақтау ,кейбір қызбалықтарға жол бермеу мақсатында «Парасат» еген қоғамдық ұйым құрды. «Парасат» қоғамының араласуымен Маңғыстау облысы (1990ж)қайта құрылды және 1991ж қыркүйек айында Ақтау қаласы әуелгі атағына ие болды.
2-жүргізуші : Сайын Шапағатов сауатты саясаткер ғана емес ,дарынды өнертанушы болатын.Ел ішіндегі өнерлі жандарды халыққа таныстырып отырды. Ж.Елеусінов, М.Панаев, С.Адай, С.Нұржан, Ж.Қоңқашов, А.Көмеков, Қ.Оразов, Ғ.Әріп, Т.Мыңжас, Д.Аралбаев, Қ.Демеубергенов, А.Рамазанова, Г.Науырша, Б.Ахметова, Т.Айтжанова, О.Тоғызбаева т.б өнер адамдары «Парасат»қоғамының төңірегіне шоғырланып,қоғамдық өмірге араласты. Ол әрі спорт жанашыры. Қазақ күресі мен «Самбо»спортына аса көңіл бөлді.
Хор «Қазақстаным менің»
1-жүргізуші : Сайын Шапағатов кейбір қолы бос кездерінде өлең жазумен де машықтанғанын байқаймыз. «Ақмаржан қала», «Ауылым», «Туған елім», «Әсер», «Ұстазға», «Жол», «Жаңбырдан соң», «Көктем» атты өлеңдер жазған.Кезекті өлеңдерге берейік.
Мадина: ҰСТАЗҒА
Ой қаптап өрістете сана бүгін,
Есіме түседі ерке бала күнім,
Өмірдің ең сырына еркіндетіп,
Құюға жалықпаушы ең жан азығың.
Қақтырдың қанатымды ұлы өмірге
Құрғақ сөз құр көңілмен жүремін бе?
Еңбекпен еншілес қып баулығансың
Еңбек қып шалқып сосын жүремін де.
Кеудемде гүл еккенсің, солмасын – деп,
Әрқашан өмір жайлы толғансын деп.
Бақыттың бал кесесін батып ішіп,
Қиядан қияларға самғасын деп.
Қалыпты шалғай бүгін балалығым,
Алаулап жастық оты жанады мың.
Түлеген сенен талай ұстаз аға,
Бірімін жарқын заман адамының.
Наурызбек: АУЫЛЫМ
Ойнағанмын мен дағы,
Қызғалдақты белесте
Оймақтай із құмдағы
Менің ізім емес пе?
Орала қалсам кейде бір
Ауылым ыстық ұясын
Анама ұқсап бейне бір
Жаныма күш құясың.
Баян:  КӨКТЕМ
“Кел” – дейді, таудың самалы
Кешікпей алма бағына.
“Кел” – деп, маған қалады
Көктемнің қызғалдағы да,
“Кел” – дейді, маған бұлақ та,
Күмбірлеп аққан тас жарып,
“Кел” – дейді сонау жырақта,
Қалықтап жүрген ақша бұлт.
Нұрсұлтан: ТУҒАН ЕЛІМ
Көшіріп құба жонның ала шаңын
Әсемін жайған көктем алашаның.
Ып-ыстық о туған жер, бір өзіңнің
Қойнына сыйған бәрі тамашаның.
 
Көк сағыммен жалғасқан, жамырасқан
Шипагер далам сенің адыраспаның.
Жанымды қуанышқа құндақтаған
Туған ел не бар сенен қадірі асқан.
Нұрсұлтан: ӘСЕР
 Қиялдың күй сандығын сен ақтарып,
Көңілдің кетті құсы қанаттанып,
Толқынға арман үшін ала қашқан
Отырмын ұзақ мезгіл қарап қалып.
 
Есетін күндегідей жел де тымық
Каспийім жатыр міне, тербетіліп.
Сезімнің шын белгісі сияқты бір,
Шіркін-ай, қарағанда ерте тұрып.
 
Бөленіп келем күйге мен,
Жанымнан ұшып бір ұшқын.
Тентек жел құйын билеген,
Толқынмен бір сәт ұғыстым.
 Атырау шалқар айдыным,
Көрсетші маған еркіңді!
Шағала қанат ақ шатыр
Сағынып келем желкенді.
Айнұр: ЖАҢБЫРДАН СОҢ
Өкпек жел, суыт жүрісі,
Қорғасын бұлтты айдаған.
Күмбірлеп аспан күбісі,
Найзағай піскек ойнаған.
Шатырды қайтем қорғалап,
Нөсермен ойнап өсіп ем.
Мөп-мөлдір тамшы сорғалап,
Құйылды бұлттың төсінен.
Аспанның төсі ашылып,
Жасанды дала күн күліп.
Моншағын үзіп тал шыбық
Торғайлар алды сілкініп.
Ғаламат: Маңғыстау облыстық ономастика жөніндегі комиссия шешімімен (26.11.1992ж)Түпқараған ауданындағы Тельман селосын Сайын Шапағатов атындағы ауыл деп атау ұйғарылды.
Нұрсұлтан: 1998жылы 20 қарашада 5шағынауданның 29 үйінің қабырғасында ескерткіш тақта ашылды. Өйткені,осы үйде өмірінің соңғы кезеңдерінде өлкемізге белгілі азамат Сайын Шапағатов тұрды.
Ғаламат: Ақтау қаласындағы №59 балабақшаға Сайын Нәдірұлының есімі берілді.
«Ұшады Маңғыстаудан шағалалар» орындайтын Тұрлыбекова Жайдарлы.
Нұрсұлтан: С.Шапағатов - Маңғыстаудың ғана емес,күллі қазақтың асыл перзенті. Оның қазасы қалың қазақтың қабырғасын қайыстырды.Ол аңсаған тәуелсіздік таңы атып еліміз тұңғыш президентін сайлаған күні оның өмірінің көш керуені Қошқар ата қорымына келіп , арпалыспен өткен өмірі мәңгіге тыныстады.
Әсет:
Ақсұңқар құстың сойы едің,
қолдан ұшырып алған екенбіз,
өңкей қарға-құзғын қарқылдап.
Тағдыры бөлек тарланым,
апаны бірге арланым,
тістеулі кеткен бармағым,
аспаны бірге заңғарым...
Сабыр Адай
Ақжүніс : АЖАЛ АДАМ ТАЛҒАМАЙДЫ ДЕУ ҚИЫН
(Cайын Шапағатовқа)
Домбыра қондыра ма шер-күйін,
Енді кім бар ұғындырар ел күйін,
Сайын кетті Сары далаға сыймай,
Ажал адам талғамайды деу қиын.
Келген мұңды қалай кейін серпиін,
Ер-азамат еңіретті ерте үйін.
Сайын ба еді, Қайың ба еді құлаған,
Ажал адам таңдамайды деу қиын.
Әлі талай көтеріліс жел-құйын,
Жел-құйынын жетегіне ер желпиін,
Жайсаңымды жазалаған түріне
Ажал адам таңдамайды деу қиын.
Төңкерілген қазан сынды кең аспан,
Жұлдыздардың жазар жырын не дастан.
Ажал адам таңдамайды жайсаңым,
Ажалына паң қараған о бастан.
 
Сәуірбек Отаров
Ақтау қаласы,
(“Маңғыстау” газеті,
26 тамыз 1992 жыл)
Бексұлтан : ӨМІРДЕН ЕРТЕ КЕТКЕН ЗАМАНДАСЫМ
(Сайын Шапағатовқа)
 
Пенде боп дүниеге жаралғасын
Сірә хақ өлімнен құр қалмасың.
Алғыздың еріксізден қолға қалам,
Өмірден ерте кеткен замандасым.
Есімің шықпас мәңгі санамыздан,
Айырылдық біз зиялы “дарамыздан”.
Елім деп еңіреген есіл ерді,
Сұм жалған ерте әкеттің арамыздан.
Білімдар абзал жанды дара едің,
Кішілерге ақылшы пана едің.
Алғаш боп Маңғыстауға “Парасаттың”
Аянбай іргетасын қалап едің.
Намыс қып арқаладың ердің жүгін,
Жүгірдің халқың үшін таппай тыным,
Тағдырдың байламына не шара бар,
Елің отыр қоштасып енді бүгін.
Түсе алмайтын ешкімнің ұлтанына,
Жоғалмай бойындағы бар қасиет,
Дарасын артта қалған ұрпағына.
 
Тәтеш Айтжанқызы
Жаңаөзен қаласы
(“Маңғыстау” газеті,
14 қаңтар 1992 жыл)
Рысжан: ЕСКЕРТКІШ
 
Дәуірлерді жаңғыртып ара-тұра,
Перзент болып туады дара-тұлға,
Көзін жұмып кетсе де, лебі қалар,
Дүниенің самұрық қанатында.
Олар ылғи жүреді жел өтінде,
Ел бесігін жаралған тербетуге
Кетсе де өзі қыр асып жаны жасып,
Ізі сайрап жатады жер бетінде.
Сайын аға ондайлар ұшқыны еді,
Қайсар, шешен қиялы ұшқыр еді
Ел-жұртының әманда қамын ойлап,
Оған деген сезімі ыстық еді.
Қиналғаннан сүйеніші, жанашыры
Мұраты үшін халқының алас ұрды.
О, ағайын маңдайын желге төсеп
Алға түскен кімің бар, аға сынды.
Бұқараны Хакімге теңестірген,
Ағаның жұрт есімін тегіс білген,
Айырылдық біз қой жылы, желтоқсанда
Маңғыстаулық саяси күрескерден.
“Парасат” игі істерге бастау болсын
Ізбасары мұқалмас жастар болсын
Жалпақ қабат дүние көпке бармас,
Арғы жағын ұстайтын жастар болсын.
Айсырға Қилыбаева,
(“Маңғыстау” газеті,
27 қараша 1992 жыл)
Бақұл бол, құрбым Сайын!
1-жүргізуші: Өз арамызда енді Сайын Шапағатов сияқты белсенді азаматтың жоқ екеніне сену өте қиын. Сайынның өлімі жүрегімді қатты қақыратып жіберді. Өйткені оны жақсы білуші едім...
...Меніңше Сайынның атын ел мәңгілік сақтап қалуға (ақтаулықтар) маңғыстаулықтар үшін парыз болмақ деп санаймын. Соның өзінің туып-өскен Ақтау жанындағы, Каспий жағалауындағы Тельман ауылы өзінің төл баласы Сайынның атымен аталса, қай жағынан болса да әділетті болар еді. Сайынның атын тек халықтан шыққан қайраткер емес, тіпті белгілі мұнайшы ретінде де бір-бір көшенің атын Ақтауда да, Жаңаөзенде де, Жетібайда да берсе деймін. Егер шынында ер есімі ел есінде қалсын десек.
Бақұл бол, қайран Сайын! Жатқан жерің таза, тәнің жәннатта болсын!
Қош бол, құрбым Сайын!
Мақаш Тәтімов, Алматы қаласы,
“Азат” газеті 21 желтоқсан, 1991 жыл.
2-жүргізуші: Сайын ағаның қазасына өзге ұлт өкілдері де аза тұтты
... К сожалению я не знала Саина Надировича раньше. Но после его смерти весь город заговорил о нем... Вот этими словами я выражаю свою скробь и боль...
Жайдарлы:
Ты знал – этот мир непрост
Ты – звал за тобой шли в рост.
Не ведал, не думал никто
Что страшное слова – погост.
Коснется Тебе Саин
Любимый! И брат! И сын!
Ушел ты – увидевший свет,
Мечтовший, чтоб был согрет.
Тем светом простой народ
Ушел как яблони цвет.
А память жива Саин
Любимый! И брат! И сын!
О! Сколько скорбящих лет!
Оставил твой огненный след.
Останешься в наших сердцах!
Светилам забвения нет
Ведь имя твое Шапагат.
Любимый! И сын! И брат. Воробьева Валентина Ивановна
Хор: АҚМАРЖАН ҚАЛА
Сөзі: С.Шапағатовтікі.
Әні: Т.Нұрмағамбетовтікі.  Ғаламат,Асылан,Мағжан,Бексұлтан
Ақтауым – Маңғыстаудың астанасы
Құлпырасың, көңілімді тербейсің.
Түбегімнің жайнаған мәңгі жасы
Арманымның биігіне өрлейсің.
  Қайырмасы:
Аққаламсың, асыл қалам,
Мен де бір ұлың болам.
Тарихыңды таразылап,
Төгетін жырың болам.
  Кәрі Атырау аймалайды өзімді
Ақ толқынын шашу етіп шашады.
Сергітеді адамзаттық сезімді
Көңілдегі күй сандығын ашады.
Кеудемдегі қазынамды ақтарып,
Сәнді үйлермен жазылады дастаның.
Ұлың болып жайрандайын шаттанып,
Көгершінді бола берсін аспаның.
Ғаламат: Сайынның аты аталғанда көз алдыңа қара халықтың арын арлап, жоғын жоқтаған ақберен Азамат келеді.Тұла бойынан туған жерінің өзімен біте қайнасқан даласының иісі аңқыған, өзі арман еткен жемісінің дәмін көп тата алмай, “тар жол, тайғақ кешудің” қиын соқпағында өмірден ерте кеткен ерекше бір болмыс иесі келеді.
Нұрсұлтан: «Жаса, Қазақстан!» орындайтын Жұмажан Ғаламат
Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет,сау болыңыздар!
Мұғалім сөзі: Міне, Сайын ағамыз өмірден ерте небәрі 51 жаста кеткенімен көптеген қолға алған бастамаларын аяқсыз қалдырмады. Арамызда болғанда әлі де атқарар істері көп еді. Оның еткен еңбектері бізге үлгі болып, өнегесі ұмытылмайтыны анық.