Математика п?нінен О? сандар, теріс сандар. Координаталы? т?зу та?ырыбына саба? жоспары
К Е Л І С Е М І Н: К Е Л І С Е М І Н: Б Е К І Т Е М І Н:
Әдістемелік бірлестік жетекшісі Оқу ісінің меңгерушісі «№9 балабақша-мектеп
________ А.М.Калиева _______Л.А.Нейштедтер кешенінің» директоры
________ Қ.А.Бадыкова
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері
педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары бағдарламасының
үшінші деңгейі бойынша мектептегі тәжірибесін іске асыру барысындағы
Бакирова Гульсум Газизовнаның
Қ Ы С Қ А М Е Р З І М Д І С А Б А Қ Ж О С П А Р Ы
Пәні: математика
Кабинеті: 29
Сыныбы: 6 «А»
Мерзімі: 13.10.2014ж.
Уақыты: 09.25-10.10
Тақырыбы: Оң сандар және теріс сандар. Координаталық түзу.
Мақсаты:
- Оң және теріс сандарды бір –бірінен ажырата білу, кейбір шамалардың сан мәндерінің оң санмен немесе теріс санмен жазуды үйрену, координаталық сәуледе оң және теріс сандарды белгілеуді айқындау;
-күнделікті қоршаған ортадан мысалдар келтіре алу, оң сандар мен теріс сандарды өлшеу, есептеу жұмыстарында пайдалана алу;
-оң және теріс сандарды, координаталық түзуді меңгеруде сыни ойлап, тұжырым жасау;
Оқып үйренудің нәтижесі:
-оң және теріс сандарды бір –бірінен ажырата біледі, кейбір шамалардың сан мәндерінің оң санмен немесе теріс санмен жазуды үйренеді, координаталық сәуледе оң және теріс сандарды белгілеуді үйренеді;
күнделікті қоршаған ортадан мысалдар келтіре алады, оң сандар мен теріс сандарды өлшеу, есептеу жұмыстарында пайдалана алады;
-оң және теріс сандарды, координаталық түзуді меңгеруде сыни ойлауын қалыптасып, тұжырым жасай алады.
Қолданылған модульдері: диалогтік оқыту, сын тұрғысынан оқыту, ОүБ және ОБ, АКТ қолдану, талантты және дарынды балаларды оқыту, жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу, оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Стратегиялар: «Жүректен жүрекке», «Миға шабуыл», «Түртіп алу», Сергіту сәті, «Білемін, үйрендім, білгім келеді..», жұптық, топтық жұмыстар.
Сабақ кезеңдері
Уақыты Жоспар мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар: осы іс-әрекет үшін маған қандай құралдар қажет?
Кіріспе
5минут Ұйымдастыру кезеңі.
«Жүректен жүрекке»
Мақсаты: оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту, бір-біріне деген қарым-қатынасты нығайту.
Оқушылардың сабаққа деген зейіндерін тұрақтандыру. Сынып оқушыларымен амандасу.
Шеңберде тұрып, оқушылардың бір-біріне ықыластарын, тілек айтуларын ұсынамын
«Өрмекші торын» құру арқылы өткен тарауға шолу жүргіземін.
Мақсатым өткен тарау бойынша алған білімдерін саралау,
Сынып оқушыларын қызыл, жасыл, көк таяқшалар арқылы топтастырамын. Оқушылар шеңбер бойына тұрып, біріне-бірі бүгінгі күнге деген ықыласын, тілегін білдіреді.
Сол шеңбер бойымен тұрған оқушылар өткен тарау бойынша сұрақ қою арқылы, жауап алады.
Оқушылар түстерге байланысты топтасып, топтарға орналасады. Формативті бағалау:
Ауызша мадақтау.
Тамаша!
Жарайсыңдар, жақсы.
Үлкен смайл
Өрмекші торын құратын жіп
Үш түрлі таяқшалар
Тұсаукесер
8минут Миға шабуыл.
Мақсаты: берілген тапсырмаларға жауап беру арқылы, жаңа сабаққа қызуғышылықты ояту, «ішкі уәжді» ояту.
Интерактивті тақтадан ребус ұсынамын.
Оқушылардың мақсатын білгім келетіндігін хабарлаймын.
Ал, балалар, сіздердің бүгінгі сабақтан не білгілеріңіз келеді, қандай мақсат қояр едіңіздер? Оқушылар ребусті шешеді. «Оң сандар, теріс сандар» деген сөз шығады.
Оқушылар тақырыпты дәптерлеріне жазып алады.
Оқушылардың мақсаттары толық тыңдалып, ескеріледі. Сөйтіп оқушы да сабаққа мақсат қоюға тартылады.
Бәрекелді! Ребустың жауабын бірінші болып тапқан топқа смайл беріледі.
Өте жақсы, тамаша! Ауызша, кері байланыс. Интерактивті тақтадағы Power Point таныстырылымы, смайлдар.
Негізгі бөлім
22минут Мағынаны ажырату сатысы
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
«Түртіп алу»
Мақсаты:жаңа терминді жазғызу.
Сергіту сәті.
Би қимылы
Мақсаты: ойды және дене мүшелерін сергіту.
Топтарға топ атын, ережесін құру ұсынылады. Әр топқа флипчарт беремін және оған әр топқа тапсырма беремін:
І топ: «Оң сандар»
ІІ топ: «Теріс сандар»
ІІІ топ: «Координаталық түзу»
Интербелсенді тақтада жаңа тақырыпқа қысқаша тоқталамын.
Проблемалық сұрақ қойылады:
«Неліктен 0 саны оң санға да, теріс санға да жатпайды?»
Әр топқа кітапта берілген есептер шығару ұсынылады:
І топ: №288
ІІ топ: №289
ІІІтоп: №290
Сергіту сәті.
Интербелсенді тақтада сергіту сәтін көрсету арқылы оқушылардың юойын жазу
Түрлі ленталар арқылы оқушыларды жұптастыру арқылы тапсырма беремін. Әр топ топ атын, ұстанымын құрады. Берілген тақырыптар бойынша әр топ флипчартта тақырыпты ашуға кіріседі.
Уақыт аяқталған соң әр топ өз топтарының атын, үстанымын және берілген тақырып бойынша постерларын қорғайды.
Оқушылар діптерлеріне түртіп алады.
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Топ оқушылары топтасып есеп шығарып болған соң, белгі беру арқылы жұмысты аяқтағандарын білдіреді. Топ оқушылары есептің жауабын айтады.
Оқушылар қозғалысқа түсу арқылы бойларын сергітеді.
Оқушылар өз жұптарын анықтап, берілген тапсырманы орындайды. Бірінші болған жұп есептің жауабын айтады, дұрыс болса тақтаға жазып көрсетеді. «Бас бармақ» стратегиясы арқылы өзара бағалау жүргізеді.
Жарайсыңдар!
Ұнаған жауаптарды мадақтау
Топқа смайл беру арқылы бағалау
Өте жақсы!
Өте шапшаң, зерек екендіктеріңді көрсеттіңдер, жарайсыңдар! «Өзін-өзі бағалау» ресурсы
Оқулық
Power Point таныстырылымы
Оқулық, дәптер
Бағдаршам түстері, смайлдер
Power Point таныстырылымы
Түрлі-түсті ленталар, Power Point таныстырылымы
Қорытынды
10минут «Білемін, үйрендім, білгім келеді..»
Мақсаты: рефлексия жасау, тақырыпты меңгеру барысындағы көңіл-күйді анықтау.
Бағалау.
Үйге тапсырма Жаңа сабақ барысындағы алған білімін саралап, өздерінің не үйренгенін байқап, тереңдете түсу мақсатында оқушыларға БҮБ стратегиясы бойынша рефлексия жазғызамын.
Жасыл стикер – Алақай! Мен барлығын түсіндім
Сары стикер – Үйрендім! Бірақ маған әлі де көмек керек !
Қызыл стикер – Ой! Маған сабақ түсініксіз, қиын болды
Сабақты оқушылардың сабақ бойы алған смайлдары бойынша, белсенділіктеріне қарап бағалау жүргіземін.
№295 Сабақтан алған әсерлерін жазады.
Әр оқушы сабақта не түсінгенін, үйренгенін, білгісі келетін жақтарын жазып, тақтадағы өз аттарының тұсына апарып жапсырады.
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады. Кері байланыс
Күнделік Үш түрлі стикер
Power Point таныстырылымы
Смайлдар
Power Point таныстырылымы
Сабақтың жазбасы
Күні: 13.10.2014ж.
Сыныбы: 6 «А»
Сабақ қалай өтті?
Алғашқы сабағым «Оң сандар және теріс сандар. Координаталық түзу» тақырыбында өтті. Бұл тақырыпқа негізінен 2 сағат берілген. Бүгінгі сабағымның мақсаты: оң және теріс сандарды бір –бірінен ажырата білу, кейбір шамалардың сан мәндерінің оң санмен немесе теріс санмен жазуды үйрену, координаталық сәуледе оң және теріс сандарды белгілеуді айқындау; күнделікті қоршаған ортадан мысалдар келтіре алу, оң сандар мен теріс сандарды өлшеу, есептеу жұмыстарында пайдалана алу; оң және теріс сандарды, координаталық түзуді меңгеруде сыни ойлап, тұжырым жасау. Сабақты 4 кезең бойынша өткіздім. Кіріспе кезеңінде ең бірінші тұлғаралық байланысты орнатып, сыныпта психологиялық ахуал тудыру мақсатында оқушыларға «Жүректен жүрекке» тренингін өткіздім. Ұйымдастыру кезеңінде «Өрмекші торын» құру арқылы өткен тарауға шолу жүргіздім. Өтілген тарауды пысықтау мақсатында диалогтік оқыту әдісін қолдандым. Тұсау кесер кезеңінде миға шабуыл жасау арқылы ребус шешкізе отырып, жаңа тақырыптың атын айқындауға тапсырма бердім. Топ оқушылары ребусты шешу арқылы тақырыпты анықтағаннан кейін оқушыларға қандай мақсат қояр едіңіз деген сауал қойдым, оқушылар жеке мақсатты көбірек айтты. Содан кейін сабақтың мақсатымен таныстырдым. Негізгі бөлімде топтарға топ атын, ережесін құруды ұсындым және тақырып туралы ақпарат алмай тұрып, әр топқа флипчарт таратып, тақырыпты ашуға тақырыпшалар бөліп бердім: І топ: «Оң сандар», ІІ топ: «Теріс сандар», ІІІ топ: «Координаталық түзу». Уақыт аяқталған соң әр топ өз топтарының атын, үстанымын және берілген тақырып бойынша постерларын қорғады. Топтар бірін-бірі «Бас бармақ» стратегиясы бойынша бағалады.
Оқушылар тақырыпты қаншалықты түсінгенін тесеру үшін проблемалық сұрақ қойдым: «Неліктен 0 саны оң санға да, теріс санға да жатпайды?», ол сұраққа бир оқушы 0 саны оң сандар мен теріс сандардың дәл ортасында орналасқан деп жауап берді, ал екінші оқушы ол санақ басы десе, енді біреуі деген пікірін ортаға салды.
Жаңа сабақ барысындағы алған білімін саралап, өздерінің не үйренгенін байқап, тереңдете түсу мақсатында кітаптан әр топқа есеп бердім: І топ: №288, ІІ топ: №289, ІІІтоп: №290. Топ оқушылары топтасып есеп шығарып болған соң, белгі беру арқылы жұмысты аяқтағандарын білдірді. Топ оқушылары есептің жауабын айтты.
Осы жұмыстардан кейін таныстырылымға енгізілген би қимылдарын орындады. Сергіту сәтін жасау барысында оқушылардың көңілдері көтеріліп, серігіп қалғандарын байқадым.
Жаңаша оқыту әдісі бойынша өтілген алғашқы сабақ болғандықтан, оқушылар бойында қобалжу мен жүрексіну байқалды. Сондықтан да өз ойларын жеткізу барысында толық ашыла алмауы, сенімсіздік секілді сезімдер білініп тұрды. Бірақ оқушыларға бүгінгі сабақта қолданған стратегиялар ұнады. Оны жазған рефлексияларынан айқын аңғаруға болады.
Қорытынды: Алдағы уақытта жаңаша оқыту әдістерін, Фриманның (1998) талантты және дарынды балаларды анықтаудағы зерртеуін, Александердің (2004) сыныптағы диалогтік әңгімені дамытуды және оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалауды негізге ала отырып, тәжірибемде пайдалансам жақсы болар еді. Жалпы алғанда, жаңаша оқыту әдістерін пайдалануды әдетке айналдыру арқылы, оқушылардың ойлау еркіндігін, сөз саптауын, ынтымақтаса әрекет ету қабілеттерін, топта жұмыс істей алу мүмкіндіктерін дамытамын.