О? сандар мен теріс сандар?а ?ыска мержімді ашы? саба? 6 сынып?а арнал?ан


Оң сандар және теріс сандар

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Озатбек Х 6сынып 5 оқушы
Ақмола облысы
Зеренді ауданы Первомай Н.М
1 Апта 1-сабақ 9:00-9:45
Сабақтың атауы Оң сандар және теріс сандар
Сілтеме Математика 6 сынып, Т.Алдамұратова, слайдтар, сабақ жоспары
Жалпы мақсаты
Оң сандар және теріс сандарды ажырата білу дағдысын қалыптастыру, теориялық білімдерін тереңдету және жүйелеу, есептеу және өлшеу жүйесінде шамалардың өзгерістерін оң сандармен жәіне теріс сандармен жазу дағдыларын арттыру, математикалық тілде сөйлеу қабілеттерін дамыту. Оқушының ой-өрісін, өзіндік іс-әрекетіне жауап беру дағдысын қалыптастыру. Өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру, пәнге деген қызығушылығын және белсенділігін арттыру. Сенімділікке, ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Міндеттер
Оқушылардың алған білімдерін жүйелеу
Тақырып бойынша ой-қорытындылар жасау
Күнделікті өмірде қолдана білу, мәндерін ажырата білу
Мұғалім үшін оқу нәтижелері Оқуға бағыт-бағдар беру;
Топта жұмыс істеу арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу;
Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау;
Оң және теріс сандарды ажырата білуді үйрете отырып, білім негізін қалау
Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері Жұпта жұмыс істеу, диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, өзін-өзі бағалау, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, талдау, қорыту, деңгейлеп саралап оқыту
Сабақтың көрнекілігі видеопроектор, тақырыпқа сай слайдтар, видеокамера, фотоаппарат, үлестірме парақтар, топтық тапсырмалар жазылған плакаттар, бағалау парағы, көңіл-күй дидары
Күтілетін нәтиже Оқушылар оң сандар мен теріс сандарды ажырата біледі, күнделікті қоршаған ортадан мысалдар келтіре алады. Оң сандар мен теріс сандарды өлшеу, есептеу жұмыстарында пайдалана алады. Өздерін және сыныптастарын бағалай алады.
Ұйымдастыру
кезеңі Сәлемдесу тренингі
Салем достым! (амандасады)
Сен қалдайсың? (иықтарынан қағады)
Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)
Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды)
Сен келдің (қолдарын жаяды)
Жақсы болды (құшақтайды)
Қағазға жазылған сандарды таңдап алуларына байланысты «оң сан» алғандар 1-топқа «теріс санды» алғандар 2-топқа орналасады.
2 топқа оқушылар топтасады.
Бағалау критерийі:
Білімділігі
Ойлау жылдамдығы
Математикалық тілі
Топпен жұмыс жасауы
Жекелей жұмыс жасауы
Бағалау парағы
р/с Оқушының тегі, аты Талдау Топпен жұмыс Деңгейлік тапсырмалар Сәйкестендіру тесті БАҒА
1 Беріктас Жақсылық 2 Болатова Гауһар 3 Кұрахбаева Айжан 4 Манатова Мадина 5 Сағитов Қуаныш 6 Сейтенов Алмас
2 мин
Сабақтың барысы
2. Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті 33 минОй-қозғау-3мин.
Бұл кезеңде үйге берген тапсырманы талдаймыз. Оқушылар үйден жазып келген оң сандар және теріс сандарға тиісті жауаптарын оқиды.

Гауһар, Айжан, Мадина-теріс сандарға 3мысалдан жазып келеді.
Қуаныш, Жақсылық, Алмас оң сандарға 3 мысалдан жазып келіп оқиды.
Топпен жұмыс-7мин.
19399253721101-топқа «Топтастыру стратегиясы» беріледі. Сандардың түрлерін және олардың қасиеттерін жазу қажет.
2-топқа кестемен жұмыс
2012 жыл 11 қазан күні Қазақстан қалаларының ауа –райы.
1-топ
352107567310-5080067310
35782253397253654425206375-31754064000088265027305000246380027305002901950-317501406525101600САНДАР
00САНДАР


2-топ
Қала атаулары жылы суық
Деңгейлік тапсырмалар 20мин.
А деңгейінің есебі
№288 №289 (Мадина, Алмас, Жақсылық, Қуаныш, Айжан, Гауһар)
В деңгейінің есебі
№296 №297 №299 (Айжан, Қуаныш, Гауһар, Алмас, Жақсылық, Мадина)
С деңгейінің есебі
№300 №301 (Гауһар, Қуаныш, Айжан)
Қосымша есеп №303 Әр оқушы өз деңгейінің есебін шығарады.
Оқулықпен және тақтамен жұмыс қатар жүріп отырады.
Сергіту сәті-3мин. Жұмбақтар шешу мақал-мәтел жасыру.
1-топ оқущылары жұмбақ жасырады
Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағыңа қарамай (Натурал сан)
Бүтін сан, бөлшек сан
Барлығы да бар онда
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң, теріс сан бәрі сонда (Рационал сан)
Егіз туған қос жүйрік
Жарыса шауып терлейді
Бірін-бірі көрмейді
Дамылсыз қанша шапса да (Параллель түзу)
2-топ оқушылары мақалдарды жалғастыруды береді
Білікті бірді жығады,....
Білімді мыңды жығады.
Бір кісі қазған құдықтан, ...
Мың кісі су ішеді.
Елу жылда, ...
ел жаңа
Бекіту 5 мин
3. Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сәйкестендіру тест жұмысы
1.Тура бағытты білдіретін сандар 1.16
2.Кіріс 120000тг; 2. 97
3.16градус суық; 3.оң сандар
4.Бәйтеректің биіктігі 97м; 4.-120000
5.16 градус жылы; 5.-97 6.Шығын 120000тг; 6.теріс сандар
7.Қарама-қарсы бағытты
білдіретін сандар 7.-7
8.7ұпай ұтыс 8.120000
9.Су асты қайығы 97м
тереңдікте жүзіп жүр; 9.7
10.Олар ойынды 7ұпай
ұтылыспен аяқтады. 10.-16
Оқушылар сәйкестендіру тесті бойынша дәптерлеріне жауап береді, бірін-бірі тексереді
1-3
2-8
3-10
4-2
5-1
6-4
7-6
8-9
9-5
10-7
Бағалау 3 мин
4. Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Топтардың бағаларын талдау
Қорытынды бағаны шығару Топтағы оқушылар бірін-бірі келесі критерийлер бойынша бағалайды:
Білімділігі
Ойлау жылдамдығы
Математикалық тілі
Топпен жұмыс жасауы
Жекелей жұмыс жасауы
Үйге тапсырма 1 мин
5. Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
№293, №298, 67бет
Мен үй тапсырмасын беріп, күнделіктеріне бағаның қасына қолымды қойып шығамын. Оқушылар күнделіктерін ашып бағалау парағындағы бағаларын қояды, үйге тапсырманы жазып алады.
Рефлексия 1 мин
6. Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға түрлі-түсті парақшалар таратылады. Оқушылар өз ойларын жазып, көңіл-күй дидарына іледі.