Презентация «Ер есімі – ел есінде»
Ақкөл орта мектебі
8 «б» сыныбы
Сынып жетекшісі: Жумагазиева А.Т.
2014-2015 оқу жылы
«Ер есімі – ел есінде»
Сынып сағатының мақсаты:
Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Өткізілу барысы:1. Кіріспе2. «Жеңіс күні» Баяндама3. Ақсақалдармен сұхбат4. Соғыстан қайтқан солдаттар!5. Отан үшін от кешкендер (ауыл ардагерлері туралы мәлімет.)6. Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды! (оқушылардың шығармашылығы)7. Қорытынды
Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Ер есімі – ел есінде» аталатын ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.
Аз емес зар жылаған, егілген жан,Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.Қирады талай арман көңілге алғанҰлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б.және де өз жерлестеріміз де бар.Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.(1 мин үнсіздік)
Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін, қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты. «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады. Осынау сөздер соғыстан қаза тапқандар ескерткішіне де қашалып жазылған.
9 мамыр – Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қаруды шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жетті.
Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың 30 сәуірде тікті.
Соғыс жылдарында айырықша көзге түскен ақындардың бірі – Нұрсұлтан Жұбатұлы. Ауылда мұғалім болып істейтін сауатты кісі болған. Оның майдан даласынан оралмай қалған батырдың бірі Ү.Түктібаевтың анасы Наурызбикеге арнап жазған «Майданнан хат» және анасының атынан жауынгер ұлына арнап жазған «Майданға хат» атты толғаулары осы күнге дейін ел есінде. Енді осы толғауларды тыңдап көрейік. Оқушы домбырамен орындайды:
«Қариялар азайып бара жатыр" әні орындалады.
1-Жүргізуші: Қазақ даласы небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емес пе? Ата – бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі – Ұлы Отан соғысындағы жеңісі. Сонау 1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарын да жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз, әйелді жесір қалдырғаны әрбір адамның жүрегінде.Қариялар азайып бара жатырс. Мұқағали Мақатаевтікіә. Қ. ҚұрманәлиевтікіАқиқатты айқындап жариялар,Бара жатыр азайып қариялар.Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын,Бара жатыр сарқылып дариялар…Неменеге жетістің, бала батыр?Қариялар азайып бара жатыр.Бірі мініп келместің кемесіне,Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр. Ақыл айтып жүрмесе қасымызда,Сонда орнайды жетімдік басымызға.Жалаңашқа шекпенін шешіп беріп,Бір күлшесін бөліскен ашымызға.2-Жүргізуші: Бүгінгі бізге қонаққа келіп отырған, балалық шағы қан майдан кезінде өткен ауыл ақсақалдарының бірі – Сарсенов Таңатар атаның өмір деректерімен таныс болыңыздар. Ақсақалға сұрақ қою.2-Жүргізуші: Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата – әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде – ақ майданға аттанды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де ешқашан да ұмытпауға тиіс.
Отан үшін от кешкендерВидео көрсетіледі.
Соғыс ардагері, кіші сержант, ІІ және ІІІ Даңқ орден иегері Сналбеков Жумагазы туралы слайд көрсетіледі.
Еркін Райымжан, Ибатуллин Ерлан, Абдрахманов Мағжан, Есқалиев Берікбол өз ардагер аталары жайында шағын мағлұматпен таныстырып өтеді.
Сарсембаева Сағыныш «Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды!» ауыл ардагерлері туралы қысқаша ақпарат оқиды.
Осымен сіздерге арнаған кешіміз аяқталды. Қонаққа келген атамызға рахметімізді айтамыз, денсаулықтарыңыз мықты болсын! Жеңістен жеңіске жетіп жүре беріңіздер! Қатысқан барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз!.Жеңіс туымыз көк аспанымызда желбірей берсін!