Бастауыштар сыныптар арасында ?ткен Ту?ан жер-Атамекенім шы?армалар бай?ауында 2 орын жетекшісі Базилбекова Д.С.


Туған жер. О. Асқар
Сабақтың тақырыбы: Туған жер. О. Асқар
Сабақтың мақсаты:
білімділік) оқушыларға ақын жайлы мәлімет беру,өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу арқылы идеясын ұғындыру.
дамытушылық) оқу дағдыларын жетілдіру, ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, шығармашылықпен жұмыстануға дағдыландыру.
тәрбиелік) өзара жолдастық татулыққа, ізденімпаздыққа, туған жерді сүйіп, құрметтеуге баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу
Көрнекілігі: портрет, карта, интерактивті тақта, слайдтар, суреттер.
Технология: сын тұрғысынан ойлау
Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка, бейнелеу өнері.
Күтілетін нәтиже:
1.Шығарманың авторы туралы біледі.
2.Өлеңнің негізгі идеясын түсіне біледі.
3.Өлеңді мәнерлеп оқиды, тапсырмаларды орындайды.
Не арқылы бағаланады:
1.Өлеңді мәнерлеп оқи білуі арқылы;
2.Берілген сұрақтар мен тапсырмаларды орындай алатындығымен бағаланады;
3. Шығармашылық тапсырмаларды өз бетінше орындай алуы арқылы.
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру.Психологиялық дайындық.Activstudio
Арайланып таң атты,
Алтын шапақ таратты.
Қайырлы күн, балалар!
Аман Отан – панамыз,
Аман ата-анамыз.
Қайырлы күн, балалар!
ІІ.Қызығушылықты ояту. Activstudio
Өткенді қайталау.Тарау: «Арналы бұлақ – асыл сөз»
Жуан-жіңішке сұрақтар.
-Шешендік сөздегі «жеті байлықты» ретімен ата.
- Мектеп өмірінен таңданарлық әңгіме, өлең құрастырсаң оқып бер.
- Қожанасыр мен Алдаркөсе туралы өзің білетін әңгімелерді айтып бер.
- «Мен Абайды білемін» атты ақынның әндері мен өлеңдерін жатқа айту, оқу сәті.
- Өзің білетін бата сөздерді жатқа айт.
- «Мақал-мәтел – асыл сөз» атты сайысқа қатыс, кім көп біледі?
- Қазақ билері мен шешендерінің сөздерін сахналаңдар.
-Тарау материалдарының ішінен саған қай шығарма ерекше ұнады?Неліктен?
Сөзжұмбақты шешіп көрейік. Ерекше торкөзде бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.Activstudio
1.Ауылымыз қалай аталады? (Подстепный)
2.Рәміздің атауы -? (Ту)
3.Сараң бай -? (Шығайбай)
4.Ұлтымыз-? (қазақ)
5.Бас қала-?       (Астана)
7.Төрт түліктің бірі       (Жылқы)      
8.Үш бидің бірі-?  (Әйтеке)
9.Жерлес батыр әрі шешен адам-? (Сырым)
 
П О Д С Т Е П Н Ы Й
  Т У  
  Ш Ы Ғ А Й Б А Й
  Қ А З А Қ  
А С Т А Н А  
 
  Ж Ы Л Қ Ы
Ә Й Т Е К Е  
  С Ы Р Ы М  
 
Топтастыру стратегиясы. Activstudio
(досым, мектебім, Отаным, ауылым, т.б)
Суреттермен жұмыс.
ІІІ.Мағынаны тану.Оқулықпен жұмыс.Жаңа тарау.Activstudio
Туған жерім – тұғырым,Өскен елім – өзегім.
АСҚАР ОРАЗАҚЫН
1935 жылы 16 мамырда Шығыс Түркістан өлкесінің Іле аймағына қарасты Мүкей Қаратас деген жерде дүниеге келген.Бастауыш білімді Сарыбұлақ мектебінде алып, Құлжа қаласындағы «Білім жұрты» деп аталатын гимназияда оқыған. 1951 жылы Үрімші қаласында ашылған Ұлттар институтының тіл және әдебиет факультетіне түсіп, оның екінші курсын аяқтағаннан кейін «Шыңжаң газеті» редакциясына қызметке тұрды. Бұл жылдары сол газетке және «Шұғыла» журналына өлеңдері жиі жариялана бастайды. 1955 жылы атамекені Қазақстанға көшіп келіп, 1961 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп шығады. 1955 жылы жарық көрген «Қос жүрек» атты жас ақындардың ұжымдық жинағына өлеңдері енген.Біраз жыл Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, этнография және археология институтында кіші ғылыми қызметкер, одан кейін Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросында нұсқаушы, республикалық Кітап палатасында бөлім меңгерушісі, «Жалын» баспасында аға редактор болған. Қазақтың қара өлеңін жинап, екі томын бастырды.Қазір зейнеткер, сонымен бірге «Балауса» баспасында «Әдеби мұра» бағдарламасына орай, «Әлем балалар әдебиетінің» қазақ тіліндегі елу томдығын шығару жұмысына атсалысуда.1996 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. «Ерен еңбегі үшін», «Тәуелсіздіктің 10 жылы» медальдарының иегері. Мұқағали атындағы сыйлықтың иегері. Панфилов ауданының Құрметті азаматы.
Шығармалары: Тұңғыш. өлеңдер. А., ҚМКҒБ. 1964; «Мейірім.» өлеңдер. А., «Жазушы», 1975; «Күнгей». Өлеңдер мен дастандар. А., «Жазушы», 1975;«Балалар әдебиеті», 2005; «Логопедтік әліппе.» өлеңдер. А., 2008. «Балаларым  –  бақытым». өлеңдер. А., «Алматыкітап», 2008; «Тәуелсіздік тартулары.» А.,  «Өнер», 2001;
О.Асқар «Туған жер»
1.Өлеңді мәнерлеп оқы.
2.Мұғалімнің оқуы.
3.Сөздікпен жұмыс. Бел буу – тәуекел ету.
4.Сұрақтар.
Ақын туған жерге деген сүйіспеншілігін қалай жырлаған?
Туған жердің өткен тарихы туралы шумақты оқы.
Ақын мадақтаған батырларды ата.(Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Ер Жәнібек т.б.)
Туған жердің байлығын суреттеген шумақты оқы.
Тоқтар кім? Activstudio
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1 май ауылында дүниеге келген. Қазақтың тұңғыш ғарышкері.Қазақстаннан шыққан тұңғыш сынақшы-ұшқыш.Авиация генерал-майоры. «Ғасыр адамы», «Халық қаһарманы».
5.Жеке оқыту.
6.Дәптермен жұмыс.5 жолды өлең.   Activstudio
 1.Туған жер
2.Көркем, кең
3.Сүйеді, мақтан етеді, гүлдендіреді.
4.Байлық, бақыт тұнған жер.
5. Атамекен.
Толғаныс.
Бағалау.Үйге тапсырма. Өлеңді жаттап ал.
Шығармашылық тапсырма.
Мақал-мәтелдер сайысы. Интерактивті тақтада жазу.  Activstudio
1.Отан оттан да ...              (ыстық)
2.Отансыз адам - ...            (ормансыз бұлбұл)
3.Отан отбасынан ...           (басталады)
4.Жері байдың - ...               (елі бай)
5.Туған жердің күні де ыстық,  ........ (түні де ыстық)
6.Туған жердей ел болмас,
............................. (Туған елдей ел болмас)
Ақын өлеңіне ұқсас төмендегі шумақтар арқылы өлең құрастырып көр.
«--------------------------------------------- жер,
----------------------------------------------- жер.
------------------------------------------------------
----------------------------------------------- жер».
Мысалы: (жеке шығармашылығымнан)
Мақтан етем, туған жер,
Жырға қосам, туған жер.
Астанадай бас қаласы
Өлеңге арқау туған жер.
                                                  Бекіту сұрақтары.
Біз қандай тарауды бастадық?
О.Асқар кім?
Қандай шығармалары бар екен?
Қай шығармасымен таныстық?
Тәуелсіздік - таңның нұры
Тәуелсіздік - көк байрағым желбіреген аспанда,
Тәуелсіздік - Әнұраным ел шырқайтын "жас таңда",
Тәуелсіздік - "Желтоқсанның" ызғары мен шуағы,
Тәуелсіздік - Елтаңбам, көтерілген асқақтап,
Тәуелсіздік - Тура жол, бастау алған аспанға,
Тәуелсіздік - ел жүрегі, ару қала - Астана!