Сценарий ко Дню языка Республики Казахстан
Тақырыбы: «Туған тілің-түп қазығың айбының»
Мақсаты: оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттырып, бойларына патриоттық сезімді халықтың мәдени мұрасы арқылы қалыптастыру.Міндеттері: қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне деген қызығушылықтарын ояту, Қазақстан жерінде тұратын халықтардың салт - дәстүрлері туралы айту, тілге құрмет көрсетуге, оны ықыласпен үйренуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: презентация, акт залын безендіруге арналған заттар, интерактивті құрылғылар;
2 жүргізуші қатар шығады екі жақтан. (фан фар ойнатылады)
1. -жүргізуші: Сәлеметсіздер ме бүгінгі мерекенің қадірлі қонақтары! Бәріміз осы жерде дүниеге келіп, бәріміз осы таңғажайып Қазақстан мемлекетінде тұрамыз, әр алуан тілде сөйлейміз. Себебі Қазақстан көпұлтты мемлекет. Бүгінгі мейрам - тілдер күні!2. -жүргізуші: Здравствуйте, дорогие гости нашего праздника! Жители необъятного Казахстана! Все мы родились в этой прекрасной земле, а говорим на разных языках. И все потом, что Казахстан – многонациональное государство. Сегодня мы празднуем День языков.
Әнұран ойнатылады.
1. -жүргізуші: Жыл сайын қыркүйектің 22 - сінде Қазақстанда Тілдер күні атап өтіледі. Бұл бүкіл Қазақстан халқының мейрамы. Ендеше мерекемен құттықтау үшін сөз колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абуғалиева Тойған Шынысқызына беріледі.2. -жүргізуші: На основе многонационального праздника языков лежит такая идея: каждый язык – это часть духовного наследия всего человечества, а каждая культура – это бесценный вклад в мировую цивилизацию.
1-жүргізуші: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үштұғырлы тіл білу заман талабы деп атап көрсеткен. Ендеше Елбасымыздың сөзіне назар аударып, экранға қарасақ. (видео жүргізіледі).
1-жүргізуші: Шынында үш тілді білу, бүгінгі заманның талабы.
Ендеше қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқылатын өлеңдерге назар аударсақ: 6 студент қазақ тілінде өлең оқиды
Ән: « Қазақстаным алға » орындайтын Сәрсенбайқзы Әсел
Көркем сөз: «Ана тілім» оқитын 1 курс 16 топ студенті Бекжанова Айгерім
1. -жүргізуші: Қазақстанда 130 - дан астам ұлттар тұрады. Олардың бәрі өз ана тілдерін сақтап сөйлеседі. Біздің Республикамызда 178 жексенбілік мектеп бар, 23 ұлттық тілдер оқытылады. Бізде неміс, корей, украин тілдерінде газеттер шығады. Солтүстік Қазақстан облысында «Полония» поляктік теледидар трансляциясы, Оңтүстік Қазақстанда өзбек теледидары жұмыс істейді. «Қазақстан» ұлттық телеарнасында және қазақ радиосында корей, ұйғыр, неміс тілінде бағдарламалар жүреді. Эфирде телерадио бағдарламалары 11 тілде жүреді. Олар: украин, ағылшын, неміс, корей, түрік, өзбек және т. б.2. -жүргізуші: В Казахстане проживает более 130 национальностей. Нашим государством оказывается всесторонняя помощь в изучении родного языка представителям различных национальностей, проживающих в Казахстане. В республике работают 178 воскресных школ, в которых изучают 23 национальных языка. В свет выходят газеты на немецкое, корейском, уйгурском, украинском языках ( не считая на русском и казахском). В Северо – Казахстанской области осуществляется трансляция польского телевидения «Полония», а в Южно - Казахстанской области – узбекского телевидения.В национальных программах, в том числе и на украинском, польском, английском, немецком, корейском, уйгурском, турецком, дунганском, узбекском и других языках. Каждый язык красив, интересен, своеобразен.
1. жүргізуші: Ән «Еліме сәлем » орындайтын 2 курс 2 топ студенті Бақытжанов Мейіржан
1. жүргізуші. Тіл ұлттың жаны, қаны, рухы. Жансыз нәрсе – өлі нәрсе. Адам тілді ең алғаш анадан үйренеді. Адамның бойындағы бар асыл қасиеттер тіл арқылы келіп, рухани күшке айналады. Рухы күшті адам, халық ешқашан жеңілмейді. Тілін ұмытқан халық өз мәдениетін сақтап отыра алмайды. Тілімізді анамызды құрметтегендей құрметтейік.
Көркем сөз: «Ана тілім» оқитын 1 курс 21 топ студенті Айтажанова Шаттық.
2.жүргізуші: А теперь наши студенты прочитает вам стихи о русском языке. 1-жүргізуші: Ән «Қазақ жастары» орындайтын 16 топ Есенболатов Әсет және Ғизатов Ернар.
1-жүргізуші: Келіңдер, үш тілде жұмбақ жасырайық, сөз жарыстырайық. Біздің сөз мергендерімізді тыңдап көріңіздер. Біз сіздерге жұмбақтар жасырамыз, жұмбақтың шешімін үш тілде айтуларыңыз керек.
Білімнен мол сый-асы,Балғындардың ұясы.(мектеп – школа - school)
Үсті тас,асты тас,Ортасында піскен ас.(нан – хлеб – bread )
Жазу жазып жалықпаған,Жаза-жаза арықтаған.(бор- мел – chalk )
Қабат-қабат қаттама,Ақылың болса аттама.(кітап – книга – book )
Шәкіртке жанашыр,Мейірман кім, жаны асыл.(ұстаз – учитель - teacher )
Ашылып, жабылады,Әр үйден табылады.
(Есік – дверь - door )Егіз қайың,Бой-бастары тең өскен.Іске дайын,Бұтақтары бес-бестен.
(Қол – рука – arm )
2-жүргізуші: Күй: «Көңіл толқыны» исполняет студент 9 группы Қисаров Нұрсұлтан
1-жүргізуші: Ән «Алға Қазақстан» орындайтын 1 курс 21 топ студенті Насыров Нұрланбек.
2-жүргізуші: А теперь наши студенты прочитает вам стихи на английсском языке.
1-жүргізуші:
Қалың елім қазағыңа қорған бол!Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!2-жүргізуші: монолог: «Тіл тағдыры» оқитын Сәрсенбайқызы Әсел
1 -жүргізуші: Күй: «Адай» орындайтын 16 топ студенті Ниязов Ануарбек Әрбір тіл ұлы өзінше,Атадан қалған аманат.Құрметте оны, құрметте,Түсініп мәнін жамағат.Ана тілің біліп қой,Еркіндігің, теңдігің.Ана тілің біліп қой,Мақтанышың, елдігің.Ана тілің – арың бұл,Ұятың боп тұр бетте.Өзге тілдің бәрін біл,Өз тіліңді құрметте!2 жүргізуші: Ән «Көк тудың желбірегені» орындайтын 2 курс №6 топ студенті Тюмешов Алтынбек.
2 -жүргізуші: Спасибо всем, кто принял участие в нашем фестивале. До новых встреч!1 -жүргізуші: Осымен тіл мерекесіне арналған фестиваліміз аяқталды. Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет.
Атырау энергетика және құрылыс колледжі
«Бекітемін»
Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
______Т.Ш.Абуғалиева
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Туған тілің-түп қазығың айбының»
Дайындаған: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәні бірлестігі
Атырау 2016 жыл.