На тему ?теш пен тоты


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №
Бекітемін: Тобы: «Ақбота»
Күні:
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Әтеш пен тоты» ертегісі
Мақсаты: ертегінің мазмұнын, бірізділігін бұзбай айтуға, мағынасын түсінуге, кейіпкерлердің қарапайым қарым-қатынастарын бағалауға үйрету.
Құстарды қорғауға, күтуге тәрбиелеу;
Кейіпкерлердің бейнесін, мінез-құлқын жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Қажетті көрнекі құралдар:ұй құстарының суреттері, ертегі кейіпкерлерінің бетперделері, суреттер.
Сөздік жұмысы: сымбатты, тәкаппар, маңғазданып, сылаңдай, байғұс, кербез.
Қос тілдік компанент: әтеш-петух, тоты-павлин, қаз-гусь.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі Жұмбақтар шешеміз
Таңертең ерте тұрады,
Адамдарды оятады. (Әтеш)
Сөйлесе сөзді,
Айтса ауызды,
Тынысы басқа,
Маңдайы басқа. (Тотықұс)
Балпаң-балпаң басады,
Қатты сасады.
Саусақтары салалы,
Қыста жылыға қашады. (Қаз)
Күн батса қонақтап қалғыған,
Таң атса жерден жем аңдыған. (Тауық)
Теледидарды қосып, үй құстарының суреттерін көрсетіп, оларды бір сөзбен қалай атайтынын сұрайды. Үнтаспадан дауыстарын тыңдатады.
Тыңдап, жұмбақтардың шешуін айтады.
Суреттерді тамашалйды, құстардың дауыстарын тыңдайды.
Ұйымдастырушылық
ізденіс кезеңі Суретпен жұмыс
Тақтада үй құстары мен тотықұстың суреттері ілініп тұрады.
Суреттен кейін қандай құстарды көріп тұрғанын сұрап, осы құстар туралы ертегі оқып беретінін айтады.
Артикуляциялық жаттығу
Балаларды «Театр орталығына» пойызбен баруға шақырады.
Ал паровоз, баста алға,
Бәрімізді басқар да.
Пш-пш-пш – біз кеттік,
Жүрісті біз үдеттік.
Ертегі тыңдаймыз
«Әтеш пен тоты» ертегісін мәнерлеп оқып береді. Ойланады, өздерінің пікірлерін айтады.
Тәрбиешімен бірге қайталайды.
Ертегіні тыңдайды.
Ертегіні оқып болған соң, мазмұны бойынша сұрақтар қояды. Ертегіні тірек сызба арқылы қайталайды.
Сөздік жұмысы: «сымбатты, тәкәппар, маңғазданыа, сылаңдай, кербез, байғұс» сөздерінің мағынасын түсіндіреді.
Сергіту сәті
Алтын айдарлы әтеш оянды,
Тым ерте тұрыпты,
Ойқастап жүріпті,
Жан-жаққа қарапты,
Айдарын тарапты,
Қо-қо-қо! – депті,
Қорада ойранды салыпты,
Секіріп, айқайлап
Шарбаққа қоныпты.
«Мен айтамыг, сен қайтала» д/о:
Тәрбиеші ертегіден алынған сөйлемдерді бастайды, балалар жалғастырады.
Ертегі қоямыз
Шығарманың мазмұнын бекіте отырып, балаларға кезегімен бетперделерді беріп, ертегіні сахналауды ұсынады.
Шығармашылық сәт
Балаларға осы ертегі бойынша сурет салуды ұсынады. Сұрақтарға жауап береді.
Мәтіндегі жаңа сздердің мағынасын түсінеді.
Өлеңнің мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
Ойланып, пайымдайды. Сөйлемдерді жалғастырады.
Ертегі кейіпкерлерінің бетперделерін киіп, ертегіні сахналайды.
Ертегі желісі бойынша сурет салады, түсіндіреді.
Рефлексивті -түетушілік Балаларды мадақтап, оқу іс-әрекетін аяқтайды. Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек Ертегінің мазмұнын айту барысында дауыс ырғағы мен қарқынын қадағалап, кейіпкерлердің бейнесін, мінез-құлқын дұрыс жеткізе білуді.
Нени игереді Ертегі мағынасын түсінуді, кейіпкерлердің қарапайым қарым-қатынастарын бағалауды.
Нені біледі Құстарға қамқор болуды, оларды күтуді, қорғай білуді.