Классный час на тему Мені? Отаным ?аза?стан


Тәрбие сағатының тақырыбы : «Менің Отаным – Қазақстан »Тәрбие сағатының мақсаты:
 а) Оқушылардың Қазақстан , ел тарихы туралы білімдерін кеңейту. ә) Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. «Қазақстан − 2050» стратегиясы , «Мәңгілік Ел» идеясының басты мақсатына қол жеткізуге белсенді қатысатын тұлға қалыптастыруб) Өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту. Тәрбие сағатының міндеттері:Оқушылардың жұппен, топпен жұмыс жасай отырып, ойлау, өз пікірін еркін жеткізу, ізденгіштік, салыстыру қабілеттерін дамыту.Оқушыларды ережені сақтай отырып, бір - бірін тыңдай білуге, сыйлай білуге, жәрдемдесе білуге, қолпаштай білуге, ортақ шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.Күтілетін нәтиже:Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыру; жұптық, топтық жұмыстар негізде диалогтік қарым - қатынасқа түсу арқылы сөйлеу қабілетін дамыту, шешім қабылдауға, басқаларды тыңдай білуге үйрету.Дифференциация: Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, талантты және дарынды балаларды оқыту.Ресурстар: Бейнеролик: «Менің Отаным - Қазақстан», Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері , картасы ,көрме,қанатты сөздер
Сабақтың әдіс-тәсілдері: топпен жұмыс, пікірталас, рөлдік ойындар,ойтолғау, проблемалық сұрақтарТәрбие сағатының барысы:Ұйымдастыру кезеңі:1. Оқушылармен амандасу;2. «Менің есімім» тренингі:Шарты: Топ дөнгелек болып отырады, қатысушылар кезекпен сәлемдесіп, әр оқушы есімін айта отырып, өз бойындағы жақсы қасиеттерді қоса айтады. Мысалы, Әдемі - Әсия, Айбарлы – Азат, т.б.Топқа бөлу: Оқушылар тақтада жапсырылған стикерлерді таңдау арқылы үш топқа бөлінеді:1 топ –«Тарихшылар» тобы;2 топ - «Суретшілер» тобы;3 топ - «Ақындар» тобы;
4 топ- «Жазушылар» тобы1. Ой қозғау: «Отан». Ассоциация арқылы жаңа тақырыпты айқындау:2. Жаңа тақырыбымыз: «Менің Отаным - Қазақстан»
Қазақстан дейтін менің бар елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін!-деп Қасым Аманжолов ақын ағамыз жырлағандай,бүгінгі сыныптан тыс іс-шарамыздың тақырыбы: «Менің Отаным -Қазақстан » деп аталады. Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы.Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап,бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді (картамен жұмыс). Қазақстан-тәуелсіз,егеменді,көпұлтты мемлекет.Онда қазақтар,орыстар,ұйғырлар, өзбектер,корейлер,украиндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады.Олар тату-тәтті,бірлікте өмір сүріп жатыр. Мемлекеттік тіл-қазақ тілі.
«Қазақ тілін білу-әрбір қазақстандық азаматтың борышы » деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтып өткен.Қазақстанда үлкен қалалар көп.Олар:Алматы,Астана,Қарағанды,Шымкент, Көкшетау,Қостанай,Ақтау,Павлодар,Ақтөбе,Тараз,Қызылорда,Өскемен,Семей, Талдықорған.Бұлар-әдемі қалалар. Астана-Отанымыздың бас қаласы,астанасы.Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі. (Астана қаласының әсем,көрікті жерлерінің суреттері көрсетіліп,әңгімеленеді). Қазақстан тарихында төрт астана болды.Олар:Орынбор(1920-1925),Қызылорда (1925-1929),Алматы(1929-1997),Астана (10 маусым 1998ж.) 
Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы.
Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю - бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні - осы!
«Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді.
Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз.
2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияланды. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда.
Пікіралмасу. Мынадай ой тастаймын: «Опасызда Отан жоқ» (Оқушылар 3 жақты дебат құрады. «Келісемін», «Келіспеймін», «Ерекше пікір». Әрбір топ постерге өз ойларын жазады, өз пікірлерін дәлелдейді, топтар өз орындарын ауыстырып, 3 рөлде де пікірлерін айтуға мүмкіндік беріледі).3. 4 топқа тапсырмалар беріледі:
- «Тарихшылар» тобы ҚР тәуелсіздік жолы туралы ақпарат дайындайды;
- «Суретшілер» тобы Отан туралы ес картасын құрады;
- «Ақындар» тобы Отан туралы бір шумақ өлең жолдарын өреді;
- «Жазушылар» тобы ойтолғау жазады.
Тапсырмаларды орындап болған соң, әрбір топ өз жұмыстарын қорғайды. Әрбір топ бірін - бірі тыңдап болған соң «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы өз пікірлерін айтады.
4. Видеоролик көрсетіледі.
5. Мақал – мәтелдердің жалғасын табайық: :
1.Отан отбасынан басталады.2. Туған жердей жер болмас,Туған елдей ел болмас.3 .Отансыз – адам, ормансыз – бұлбұл.4. Отан оттан да ыстық.5. Отан үшін отқа түс күймейсің,Арың үшін алыссаң өлмейсің.Әр топтың ұпайын санап, қорытындысын шығару.6.Тілек.(Оқушыларға көгершіндер таратылады. Өз тілектерін жазу керек. Болғаннан кейін плакатқа келіп, көгершіндерді іледі.)- Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті болуымыз.
Байтақ дала- жерім меніңАрта берсін даңқың сеніңКөк байрағың желбіресінЕгеменді елім менің,– дей отырып, құрметті қонақтар, балалар осымен «Менің Отаным-Қазақстан» атты тәрбие сабағымыз аяқталды.
7. Кері байланыс: Оқушылар сабақтан алған әсерлерін ортаға салып, үндеу қабылдайды.
8.Сабақты қорытындылау.
9. Оқушыларды мадақтау, алғыс айту.