Д?ниетану п?нінен Мені? ?йім та?ырыбына ашы? саба? 1 сынып


Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: Менің үйімМектеп: ЖББ№77 МБК
Күні :29.11.2016 Мұғалімнің есімі: Мукатаева Ж.Е.
СЫНЫП: 1 «Ғ» сынып Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты: Барлық оқушылар:баспана түрлерімен танысу;
Оқушылардың басым бөлігі:.«жайлылық» ұғымын түсіну;
Кейбір оқушылар:өз үйіндегі бір бөлмені сипаттауды және сұлбасын салуды үйренy.
Тірек сөздер: баспана – жилище – house; жайлылық – уют – comfort; киіз үй – юрта – yurt.
Ресурстар: «Қазақтың дәстүрлі баспанасы – киіз үй» тақырыбына әртүрлі баспана суреттері (киіз үй, ағаш үй, лашық), киіз үй жабдықтарының суреттері бар үлестірме парақшалар, ватман, түрлі-түсті қағаз, қайшы, киіз үй макеті.
Сабақтың мақсаты: 1.1.1.1 түрлі дереккөздерді зерттей отырып, «отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру
Сабаққа байланысты деректі материалдарСабаққа қатысты ескертпелерҮй дегеніміз не? «Үй» сөзі латынның «домус»деген сөзінен шыққан, бұл «баспана», «шаруашылық» дегенді білдіреді. Сондықтан адамдар өмір суретін, тіршілігін жасайтын мекенді үй деп атайды. Адам баласы үшін үй – баспана, қорған және жайлылық мекені.
Дәстүрлі тұрғын үйлер. Үйді салған кезде елдімекеннің табиғи жағдайы есепке алынады. Әрхалыққа тән тұрғын үйдің көптеген түрлері бар: Арабияда –шатыр, Америкада – вигвам, типи, хоган, Бразилияда – хижина (лашық), Гренландияда – иглу, Испанияда – пальясо, Қырғызстанда, Монғолияда – киіз үй, Қытайда – фанзай, Ресейде – изба (ағаш үй), Украинада – хата (там).
Киіз үй. Қазақ халқы ерте заманда көшпелі тіршілікеткен. Олардың негізгі байлығы мал еді. Қазақ халқы малдан түрлі тағам өнімдерін және тұрмыстық заттар жасайтын материалдарды алған. Мал басының өсімі жайылым мен су көздерін ауыстыруға да байланысты болды. Мұндай жағдайда киіз үй көшпелі тіршілікке қолайлы болып табылатын. Бұл ерекше үй түрі. Жазда аптап ыстықта киіз үйде салқын, ал қыста жылы және жайлы. 5-7 адам тұратын шағын киіз үйді екі сағатта орнатып, бір сағатта жинаған.
Киіз үйдің негізін ағаш қаңқа құрайды. Төменгі бөлігі жиналатын торлы керегеден тұрады. Кереге неғұрлым көп болған сайын киіз үйдің көлемі де үлкен болды. Керегені есікке терме белдіктермен байлайды. Олар киіз үйдің бүкіл құрылымын ұстап тұрады. Керегені (киіз үй қабырғаларын) жауып тұратын өрмені ши деп атайды. Есік орнын киізден жасалған тығыз жапқышпен жапқан. Шаңырақты керегемен уықтар байланыстырады. Киіз үйдің терезесі – түндік. Ішінен сырықтармен айқастырып бекітілген ағаш шеңберді шаңырақ деп атайды. Оны әдетте қайың ағашынан жасайды. Қазақ халқы «шаңырақ» ұғымына ерекше мән берген. Ол отбасындағы берекені білдіреді.
Киіз үйдің ортасына ошақ қойылған. Ол тамақ әзірлейтін және суық кезде жылынатын жер. Есікке қарама-қарсы қонақтарға және құрметті адамдарға арналған төр орналасқан. Есіктегі бос кеңістік «босаға» деп аталады. Оқушыларды топқа фигуралар арқылы бөлу, сол фигуралардан үй құрастыру
-Қандай үйлер шықты? Бұрынғы және қазіргі баспана.


Оқушылардың назарын әртүрлі үй суреттеріне аударыңыз. Олар әр үй туралы не айта алады? Оқушылар қандай қорытынды жасайды? Олардың жауаптарын әр елдің баспаналары туралы ақпаратпен толықтыру Олардан қандай үй түрлерін білетінін анықтау. Оларды салыстыруын сұрау.
. Оларды тақтаға немесе қабырғаға іледі
Мәтінді оқығаннан кейін киіз үй туралы білімдерін тексеру. Оқушылар киіз үйді қайдан көргенін сұрау
Жауабы: Суреттен, мерекелерде, ауылдық елді мекенде және т.б.
Топтарға тапсырма: Киіз үйдің суретін сал
Тақтада қорғау
Видеофильм көрсету
Сен білесің бе? Оқушылардан мәтінді оқып шығуын сұрау. Олармен бірге өткен сабақта танысқан «дәстүр» сөзінің мағынасын еске түсіру. Шаңырақты әкеден балаға мирас ету ұрпақ жалғастығын, отбасылық дәстүрлер мен рухани құндылықтың сақталуына ықпал етеінін білуі қажет.

Зертте. Келесі тапсырманы орындау үшін киіз үйдегі заттардың неліктен қатаң тәртіппен орналасатыны туралы әңгіме өткізу. Оқушыларға киіз үйдегі заттардың орналасу реті туралы сұрақ қойыңыз. Олардың назарын киіз үйдегі әр заттың белгіленген орында орналасуының белгілі бір мәнге ие екеніне аударыңыз. орналастырады. .
Жауабы: Киіз үйде бос орын аз. Үй іші таза және жайлы болуы үшін заттарды орналастыруда қатаң тәртіп сақтау қажет болған.
Балаға көмектес. Оқушылардан бала неліктен өз портфелін таба алмай жатқанын сұраңыз. Оқушылар балаға мінездеме береді. Бұл тапсырманы қорытындылай отырып, оқушылар өз үйлерінде тазалық пен тәртіпті қалай сақтайтынын әңгімелейді. «Жайлылық» және «өзіне-өзі қызмет көрсету» ұғымдарын түсіндіру.
Үйдегі жайлылық – бұл тек тазалық, тәртіп қана емес, сонымен бірге үйдегі жандар жылы ерекше жағдай. Үйдегі тәртіпті отбасының әр мүшесі сақтауы тиіс. Өзіне қызмет көрсету – бұл жайлылық пен тазалық сақтауға бағытталған қызмет түрі.
Анықта. Бұл айдар оқушылардың «мекенжай» ұғымы бойынша білімін анықтауға көмектеседі. Бұл тапсырманы сыныпта немесе үйде өз бетімен орындайды. Тапсырма оқушылардың өз мекенжайларын дұрыс айту және жазу дағдысын бекітеді.
Орындап көр. Оқушыларға түрлі түсті геометриялық фигуралардан үй құрастыруға тапсырма беріңіз. Үшбұрыш, тік төртбұрыш, шаршы, сопақ фигураларды қолдануға болады. Оқушылардан бұл фигураларды атап, санап шығуын сұрау
Сабақ соңында оқушылардың назарын өздері бірге құрастырған үйге аудару
Сабақтың қорытындысыТілдік құзыреттілікті қалыптастыру Түрлі-түсті геометриялық фигуралардан үйшік құрастыр. Қандай фигура түрлерін қолдандың? Оларды ата және сана.
Пәнаралық байланысҚосымша тапсырмаларЖаратылыстану. Оқушылардан үйлерінде қандай өсімдіктердің бар екенін сұраңыз. Сынып бөлмесінде тұрған өсімдіктерге назар аудартыңыз. Оқушылардың бөлме өсімдіктерінің маңызы туралы білімін тексеріңіз.
Өнер. Жұмыс дәптеріндегі тапсырма картографиялық қызмет дағдыларын дамыта түседі. Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімдерін бекітеді.
Сен не білдің?
Сұрақтарға жауап бер
Үйдің қандай түрлері болады?
«Үйдегі жайлылық» ұғымы нені білдіреді?
БағалауОқушылар
– үйлердің көптеген түрлері болатынын;
– қазақтардың дәстүрлі баспанасы – киіз үй екенін;
– үй ішіндегі жайлылық туралы;
– үй мекенжайын дұрыс жазу реті туралы білді;
Оқушылар
– ертедегі және қазіргі үй түрлерін салыстыруды;
– өз бөлмесін сипаттауды;
– өз бөлмесінің сұлбасын сызуды үйренді.
Оқушыларға сөйлемдерді толықтыруға тапсырмаберіңіз. Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды
1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.
2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады
1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.
2: Рефлексия.