?зін-?зін тану саба?ыны? жоспары. Та?ырыбы: С?з іспен к?рікті. 5 сынып


Атырау қаласы, Дамбы селосы
Амангелді атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Клауова Гулмира Қизатоллақызы
Өзін-өзін тану сабағының жоспары.
Тақырыбы: Сөз іспен көрікті. 5 сынып
Мерзімі .
Тақырып: II-тарау ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАРАСТЫҒЫ. 15-сабақ.Сөз іспен көрікті.
Құндылық: сүйіспеншілік,ақиқат,іс-әрекет. Қасиеттер: махаббат,сөзге беріктік,әдептілік.
Мұғалім: Қлауова Г. 5 сынып
1.Мақсаты: оқушылардың айтқан уәдесінде тұра білуі және адамның жан дүниесі мен сыртқы тұлғасының тұтастығы, ойы мен сөзінің бірлігі туралы түсініктерін дамыту
-«Сөз іспен көрікті» деген сөзінің мағынасын ашу
-Өз сөзімен әрекеттеріне мінез – құлқына баға беру
- Өз-өзін тәрбиелеуге мүмкіндік жасау.
Ресурстар: аудио ойнағыш,интерактивті тақта,әріптер жинағы.
2.Тыныштық сәті
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу үстаңыздар. Аяқ қолыңызды айқастырыңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрадан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәуелесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәуле шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте бірте қарқындай және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір түпкіріне нұр бағыттаңыз.
Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде
Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Енді көзіңізді ашуға болады.
Денесіне нұр тарату.
Тыныштық сәтінде қандай әсер алдыңыздар?
3.Дәйексөз
Сөзі тұрақсыз кісінің жүзі төмен.

Ахмет Йүгінеки
Дәйексөздің мағынасын ашу.Сөздің мағынасын тану:
Тұрақсыз – сөзіне жауапсыз.
Кісі – адам.
Жүзі – беті, көңілі.
Төмен – көңілі түсіңкі.
4.Әңгімелесу
Өз сөзіне берік болу дегенді қалай
түсінесіңдер?
Біреуге берген уәдеңді орындай алмаған кезде қандай күйде боласың?
«Сөз бен істің бірлігі» деген ұғымды
қалай түсінесіңдер?
Жаңа ұғымдарға назар аударып, қабылдауға даярлау мақсатында пікір
алмасу.
5.Шығармашылық жұмыс
Уәдешіл Алтай
Алтайдың берген уәдесіне тұра алмауының
себебі не деп ойлайсың?
Әлібектің досына ренжуі дұрыс па? Неге?
Берген уәдеде тұрудың қандай маңызы бар?
Оқушының өз ойын жинақтай алуына назар аудару. Сөйлеу мәнеріне. Олардың пайымдауларын талдау.
Сахналық қойылым ұйымдастыру.
6.Ойын
Бір – бірімізді мадақтайық.Әріп таңдау.
Әріпке сай сөз ойлап табу.
А- ақылды
Ә – әдемі
Б - берекелі
7.Дәптермен жұмыс
1 – тапсырма
8.Топпен ән айту!
Бір ауыз сөз.
Халық мақамындағы әндерді үйрету.
9.Үй тапсырмасы:
2 – тапсырма
10.Түйін сөз

11.Сізге тілек:
Адамның ең асылы –
Қиянатсыз, ақ пейiл.
Ең зиянкес жасығы –
Тайғақ мiнез, екi тiл.
Дұшпанға да бол әдiл,
Түсiрме ойға тат пен нiл.
Ұмытпа болсаң бiздiң ұл,
Осы өлеңдi құлаққа iл!
Шәкәрім ата
12.Жүректен жүрекке
Жігер деген-МЕН.
Күш деген-МЕН.
Кешірім деген-МЕН.
Жастық деген-МЕН.
Бәрі маған байланысты,
Бәрі менің қолымда.