Мені? б?лмем.4-сыныпШатты? ше?беріне» О?ушылар! Біз к?нде аспан?а ?ара?анда нені к?реміз?О?ушылар:К?нні? к?зін к?реміз.М??алім: К?нні? к?зі бізге не береді?О?ушылар: К?нні? к?зі бізге жылу, жары? бередіМ??алім: К?нні? к?зі немізді жылытады?О?ушылар:К?нні?


Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Қазақ тілі Мектеп: Шаған жалпы орта білім беретін мектебі
Тақырыбы: Мынау - менің бөлмем.

Мұғалімнің аты-жөні:Кенжегалиева М О.
Сынып: Қатысқандар: Қатыспағандар:
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: балаларға жаңа сабақты түсіндіру, дауысты дыбыстар туралы, сөзге қосылатын қосымшалар туралы түсінік беру.Оқушылардың сөздік қорын молайту, ой-өрісін, тілін дамыту. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Табыс критерийлері: Барлық оқушылар орындай алады
Зейін қойып тыңдайды және түсінеді
Оқушылардың көпшілігі орындай алады
Өз ойын білдіреді
Кейбір оқушылар орындай алады
.мәліметтерді жинақтайды
Алдыңғы оқу: Оқушылар әр түрлі тақырыпта шағын әңгіме құрастырып айта алады.
Жоспар
Жоспарланған уақыт есебі Жоспарланған жаттығу түрлері ресурстар
Басы 0-5 минут
Шаттық шеңберіне»
Оқушылар! Біз күнде аспанға қарағанда нені көреміз?Оқушылар:Күннің көзін көреміз.Мұғалім: Күннің көзі бізге не береді?Оқушылар: Күннің көзі бізге жылу, жарық бередіМұғалім: Күннің көзі немізді жылытады?Оқушылар:Күннің көзі бетімізді, қолымызды, жүрегімізді жылытады.Мұғалім: Олай болса, жүректерімізді ұстап, жылуын сезінейікші?Мұғалім: Жүректерің қалай соғып тұр?Мұғалім: Ендеше осы жүректердің жылуын бір-бірімізге алақандарымыз арқылы сыйлайықшы.Мұғалім: Ендеше балалар бір-бірімізге жақсы, жылы лебіздер, тілектер сыйлайықшы.
Үлгі бойынша сөйлес.
Дауысты дауыссыз дыбыстарына өз үйіне орналастыру АКТ қолдану

Ортасы
5-30 минут
Оқушылар, біз қандай тарауды бастадық?
Оқушылар: Мен бөлмемді жинаймын
Ендеше, біз бүгін сол үйдің ішіндегі бөлмелерге кіреміз.
 Өз бөлмең бар ма? Ол қандай?
«Менің бөлмем» тақырыбында салған суреттерін тексеру
Сурет бойынша 1-2 сөйлем құрастыру.
1-тапсырма Мәтінді оқы.  Аудар. (Тізбектеліп оқу)
Бұл менің бөлмем. Менің бөлмем кең және таза.
 2-тапсырма.Бөлмеде бір үстел, бір төсек, бір орындық , бір шкаф, терезе, есік, кілем  және кітап сөресі  бар.
Дәптермен жұмыс:
Тапсырма: осы заттарды көпше түрде айт.
3-тапсырма.Түсіп қалған әріпті тап:
...стел,   к...тап,    т...сек, 
 б...лме,   т...тезе,   ...ріп,  
 ес...к, ...ден, қ...бырғаСөздікпен жұмыс:
еден-пол
қабырға-стенаСергіту сәті4-тапсырма.Тыңда. ҚайталаЕденде кілем жатыр. Қабырғада кітап сөресі ілулі тұр.
Сөздерді аударып, сөйлемдерді толықтырып айт.
(На полу) кілем жатыр.                                                    (тұр)
Бір бұрышта кереует (стоит).                                           (гүлдер)
Терезеде (цветы) тұр.                                                         (еденде)
5-тапсырма.
Тәуелдік жалғауын қайталап жіберейік.
Жекеше  көпшеБөлме6-тапсырма.
                                      СәйкестендірПерде                           бұрышта  ілулі  тұр.
Сөрелер                        терезенің алдында  тұр.
Гүлдер                          жарда ілулі тұр.
Суреттер                       терезеде ілулі тұр.
7-тапсырма.
Адасқан сөздерді орнына қой.
Менің, тап-таза, бөлмем.
Ойыншықтар, жатыр, бөлмеде.
Терезенің, гүл, алдында, тұр.
Соңы
30-35 минут Пысықтау.Оқушылар бір-біріне сұрақ қояды өтілген тақырып бойыншаҮйге тапсырма:5-тап
Қосымша мәліметтер:
Дифференциация

Бағалау.
Өзін өзі бағалау.
Топты бағалау. Пәнаралық байланыс:
Өнер,әдебиет пәндерімен байланыстыру.
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай
ауытқулар болды ма, неліктен?