Ашы? саба? Бастауыш сынып м??алімдеріне 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Әлия
Сабақтың мақсаты: а)оқушыларға халқымыздың өнегелі батыр, ұлы
тұлғалары туралы,Ұлы Отан соғысы туралы түсінік
беру, қазақтың батыр қызы Әлия жайлы мағлұмат
беру,Сағи Жиенбаевтың өмірі туралы түсіндіру. ә)оқушылардың шығармашылық, ойлау қабілеттерін
сыни тұрғысынан жетілдіру; ой-өрісін кеңейтіп, тілдік
қорын байыту.
б) оқушылардың ұлттық сезімін ояту,елін-жерін қорғай
білуге,өнегелі,батыл болуға баулу, ұлы тұлғаларды
біліп өсуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас
Сабақтың типі:Жаңаша білім беру
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,салыстыру,топтау,жинақтау , проблема-
лық, ізденушілік.
Пәнаралық байланыс: дүниетану,математика,өмірмен байланыс
Көрнекілік:Ұлы адамдардың портреттері,слайд,мультимедия
Бағалау:сұрақ-жауап арқылы,оқушы белсенділігіне қарай
Нәтиже:оқушылар қауымдасып жұмыс істейді.Оқушылар бірінің пікірін бірі зер салып тыңдайды. Өз пікірлерін батыл айтуға дағдыланады.
Сабақтың барысы:ұйымдастыру кезеңі (топқа бөлу:Оқушылар гүлдерді өздері таңдау арқылы топтасады.)
Ітоп. «Жауқазын» тобы
ІІтоп. «Бәйшешек» тобы
ІІІтоп. «Қызғалдақ»тобы
Психологиялық дайындық:
Үй тапсырмасын сұрау:Сәду Машақов «Мәншүк»
І топ: Мәншүктің өмір жолы
ІІ топ:Ақын сөзіне сүйене отырып Мәншүкке
сипаттама.
ІІІтоп:Мәншүкке мінездеме беру.
Сұрақ-жауап арқылы өтілген тақырыпты пысықтап кету.
Сергіту сәті:Келді көктем тамаша
Гүл жайнатып даланы
Жер жайнады жаңаша
Қуанышты кұстар да балаша
Қызығушылығын ояту:
Балалар мына суреттерге назар аударайықшы.Бұл портреттерден кім-
дерді көріп отырсыңдар.
(А.Байтұрсынов,Ы.Алтынсарин,А.Құнанбаев,М.Әуезов,Абылайхан, Қ.Рысқұлбеков,Б.Момышұлы,М.Мәметова портреттері көрсетіледі)
Әрине,бұл кісілер біздер танып,білген ұлы тұлғалар. Сол ұлы тұлғалардың тағы да бірі бүгін Әлия Молдағұлова апамыздың өмірімен толығырақ танысамыз.
Жаңа сабақ:Сағи Жиенбаевтың «Әлия» өлеңі
Дәптермен жұмыс:күннің жады
Тақырып
Әлия молдағұлова-Ұлы Отан соғысына қатысқан мерген қыз.
Сөздік жұмыс: мәрмәр-сәнді құрылысқа пайдаланылатын жылтыр тас.
Сағи Жиенбаев Ақтөбе облысында туған.Ақын. «Қыр гүлі» «Әлия» атты өлеңдер жинағы бар.1959 жылы алғашқы жинағы жарық көрген. Жиырмадан аса өлең кітаптары жарияланған.
Көрнекілікке сүйене отырып Әлияның өмірбаянымен таныстыру.
Әлия Молдағұлова 20.04.1924 жылы Ақтөбе облысы, Қобда ауданы,Бұлақ ауылында дүниеге келген.Кеңес Одағының батыры. Анасы қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкірдің қолында тәрбиеленген.
1942 жылы өз еркімен әскер қатарына алынып,мергендер мектебін үздік бітіріп шықты.26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып,мергендігімен көзге түсті.Шайқаста қаһармандықпен қаза тапты.
Әлияны қатар жүрген құрбылары өте ұстамды,терең ойлы,таза, ұқыпты болды деп еске алады.
Мағынаны таныстыру:Ітоп. Ішумағы
ІІтоп. ІІшумағы
ІІІтоп. ІІІшумағы
Топ басшысы түсіндіреді,талдайды.
Мақал-мәтелді түсіндіру:Ітоп.Ер есімі –ел есінде.
ІІтоп.Еліңді сүйсең ерлік істейсің.
ІІІтоп.Ер ерлігін істесе,
Ел елдігін істейді.
Ой толғаныс: (постер қорғау)
-Біз кіммен таныстық? Ұлы Отан соғысы батырларынан кімдерді білеміз.
Ітоп.Батырлар жайлы нақыл сөздер.
ІІтоп.Батыр,ержүрек деген сөздерді қалай түсінесің?Өз сөзіңмен түсіндір
ІІІтоп.Өлеңді бір сөзбен түйіндеу
Кері байланыс:(білемін, білдім, түсінбедім)
Қортынды: бүгінгі сабақтан не түйдік ойымызға
Бағалау: (Ұлы Отан жеңісінің символы болған қалампыр гүлі арқылы бағалау, әр топтың жиған гүлдеріне қарай мадақтау)
Үйге тапсырма:Сағи Жиенбаевтың «Әлия» өлеңін жаттау.
Ітоп. «Шығыс шынары» эссе жазу
ІІтоп. Өлеңге сүйене отырып, Әлияны сипаттау
ІІІтоп. «Батырлар» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру