К?лкі-к??іл ажары Мерекелік іс шара


Күлкі-көңіл ажары.
Мақсаты: -Өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Адам өміріндегі күлкінің рөлі маңызды екенің түсіндіру.
Өткізу барысы:
Күлу-тұмаудан айырылудың ең жақсы емі.
Дәрігерлер тұмаумен күресуде ең тиімді емді тапты. Ол –күлкі. Көңілді адамдар тұмауға қарсы мықты болады екен. Бақытты адамдар көбірек күледі.
«Күлкінің құны».
Ол үйге -бақыт, қызметтік қарым-қатынасқа –жылылық әкеледі.
Тек оны сатып ала алмайсың, қарызға ала алмайсың немесе ұрлай алмайсың.Жеке алғанда ол ештене емес.Саған оны біреу сыйлағанша,сол кезде ол баға жетпес дүние.
Дидактикалық ойын: Көңіл күй және жүріс.
Мақсаты: Сезім қозуын төмендету,алаңдатушылықты азайту.
Ойын барысы: Жүргізуші қозғалысты көрсетіп,көңіл-күйді сұрайды:
-Алдымен ұсақ жауын болып,сосын үлкен тамшы болып жауамыз.
-Торғайға айналамыз,ұшамыз,бүркіт болып ұшамыз.
-Көңілді клоун болып секіреміз.
-Тәй-тәй басып жүрген бала болып жүреміз.
-Ойға шомып жүреміз.
-Анасың терезеден көрген бала болып мойынына асыламыз.
Дидактикалық ойын: Актерлер.
Мақсаты: Өзінің жақын адамдарын қуанта білуге,мейірімділікке тәрбиелеу. Басқа адамның көңіл-күйіне назар аударуды үйрету.
Ойын барысы: Балалар шеңбер құрып отырады. Барлығы-актер болады.
Педагог рөлдер ұсынады:
-Ренжіген адам.
-Күзгі бұлт.
-Қатыгез сиқыршы.
-Балмұздағын жерге түсіріп алған бала
-Күнге қараған мысық
-Айлакер түлкі
-Қуанышты бала
-Сендер күнді көріп тұрған сияқты
Күлімдеңдер.
-Балалардың еркін ойындары

ҚорытындыҰмытпаңыз:күлкіде- зор деңсаулық.
Достармен кездескенде күлімсіреңіз.
Қабағы түйулы адам кездескенде күлімсіреңіз.
Сыныпқа кіргенде күлімсіреңіз.
Бөлмеге кіргенде «Сендермен бірге болғаныма бақыттымын!»деп күлімсіреңіз.
Күлкі адамды қанаттандырады.
Күлу мен күлімсіреу ең жақсы емшілер.
Шаттық шеңбері: Балалар ендеше біз бір-бірімізге күлкі сыйлай білейік. Ол үшін мына қолдарында тұрған гүлдеріңді қасыңдағы жолдастарыңа сыйлаңдар!