Жылулы? ?оз?алыс. Броунды? ?оз?алыс. Диффузия


Күні:3.09.16ж
Сыныбы: 8
Пәні: физика
Сабақтың аты Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия жайлы мағлұмат беру
Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия жайлы күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету
өзін-өзі бағалауға баулу
Күтілетін нәтиже Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия жайлы мағлұмат алады
Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия жайлы күнделікті өмірде қолдана білуге үйренеді
өзін-өзі бағалай алатын болады
Негізгі идеялар Молекулалардың ретсіз қозғалысын жылулық қозғалыс деп атаймыз.
Диффузия – бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулаларалық кеңістігіне еніп кетуі.
Диффузия сұйықтарда, газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде жүреді.
Диффузия құбылысынан мынадай қорытынды туады: денелерді құрайтын бөлшектер бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасады және үздіксіз қозғалыста болады. Сөйтіп, дене көлемінің үлкен бөлігін бос кеңістік алып тұрады.
Броундық қозғалыс – сұйықта немесе газда қалқып жүрген қандай да бір қатты заттың өте ұсақ бөлшектерінің сұйық немесе газ молекулаларының соққыларының әрекетінен бейберекет қозғалуы.
Тапсырмалар Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман»
Тапсырмалар Жеке жұмыс «тест тапсырмасын орындау»
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (3 минут)
Сәлемдесу
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (Броун, термометр, молекула сөздері арқылы 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (8 минут)
«Серпілген доп» ойын арқылы үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Слайд көрсету
Жаңа тақырыпқа қысқаша шолу (10 минут)
ІҮ. Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» (7 минут) Суретке қарап болжау жасау.

V. Жеке жұмыс «тест жұмысын орындау» (10 минут)
1. . 5кН-да неше Н бар?
A. 50 Н B. 0,5Н C. 500Н D. 5000Н E. 50000Н
2. Молекула дегеніміз -
A. Заттың химиялық қасиетін бойына сақтаған ең кіші бөлшегі.
B. Заттың құрамдас бөлшегі. C. Заттың ұсақ бөлшектері.
D. Заттың химиялық элементтерінің қасиетін бойына сақтаған ең кіші бөлшегі.
E. Дұрыс жауабы жоқ.
3. Диффузия құбылысы дегеніміз -
A. Бөлшектердің тез қозғалысы. B. Газдағы (сұйықтағы) бөлшектердің ретсіз қозғалысы.
C. Қатты денедегі бөлшектердің ретсіз қозғалысы.
D. Бөлшектердің баяу қозғалысы. E. Бөлшектердің ретсіз қозғалысы.
4. Табиғатта заттың неше күйі кездеседі.
A. 1B. 2 C. 3D. 4 E. 5
5. Температура нені сипаттайды?
A. Дененің қозғалыс әреткетін.B. Дененің жылдамдығын
C. Дененің ыстық, суық екендігін. D. Дененің температурасын
E. Дененің қызулық дәрежесін
6. Күн жүйесінде неше планета (ғаламшар) бар?
A. 7B. 8 C. 9 D. 10 E. 11
7. Жылдамдықтың өлшем бірлігі қандай?
A. м/с2B. м2/с2 C. м2*с2 D. м/с E. м2/с
8. Гук заңы қалай өрнектеледі ?
А. F= m1m2/R2 В. F=ma С. F= N. D. F= k ΔxҒ= mg
9. Тығыздық қандай формуламен анықталады?
А.
В.
С.
D.

Е.
10. Деформация дегеніміз
А. Дененің қатты созылуы. В. Дененің пішіні мен өлшемінің өзгеруі.
С. Дененің массасының өзгеруі.D. Дене салмағының азайюы.
Е. Дененің кішіреюі.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)
ҮІІ. Үй тапсырмасы: Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия (2мин)
ҮІІІ. Бағалау. Бағалау парағы. (2 мин)